Т-жүйесінің қызметтері.

 

  1. Клетка ішінде орналасқан патогендерден қорғау, трансплатациялық, ісікке қарсы иммунитетке, созылмалы қабынуға қатынасу. Клеткалық иммунитет цитотоксикалық Т-лимфоциттермен, активтелген макрофагтармен орындалады. Микробтар клетка ішінде орналасқан жұқпалы ауруларда гранулема пайда болады. Ол макрофаг, Т-лимфоциттер, эозинофилдер жиынынан құралады. Гранулема микробты ошағынан шығармайтын жергілікті созылмалы қабыну процессі.

Клеткалық иммунитеттің негізгі реакциялары:

  1. СД8 клеткалардың цитотоксикалы киллерлік әсері.
  2. Баяу сезімталдықтың дамуы.

Вирусты инфекцияда, ісік өскен кезде, трансплантатты қабылдамау реакциясында басты эффекторлар ретінде цитотоксикалық СД8 Т-клеткалар болады.  Т-киллердің нысана клеткалармен әрекеттік әсерінің кезеңдері:

1) І МНС молекуламен біріккен антиген комплексті бастаушы клеткалармен тануы, олардың пролиферациясы және дифференциясы арқылы эффекторларға дейін жетілуі;

2) леталды соққы беру;

3) лимфотоксин (ФНО-β) көмегімен клетканы бүлдіру және киллердің ағытылуы. СД8 клеткалардың сонымен қатар супрессиялық қабілеті болады.

Баяу сезімталдық – антиген қайталанып, енген орнында 24-28 сағаттан кейін дамитын қабыну реакциясының жоғары сезімталдық түрі.

Антиген интактты организмге бірінші рет түскенде макрофагпен жұтылады, клетка ішінде ыдырайды және макрофагтың бетінде МНС ІІ класс молекуласымен комплексте экспрессерленеді. Бұл иммуногенді комплекс аңқау СД4 Т-клеткалармен танылады (Тн0). Олар ары қарай СД4 Тн1 клеткаларға мүшеленеді. Иммунды жауапқа қатынасқан Т-лимфоциттер екіншілік иммунды жауапты қамтамасыз етілу үшін еске сақтау клеткаларын түзейді.

Антиген қайталап енген кезде, жетілген Тн1 қабыну клеткалар антиген тану реакциясына түседі. Танудың нәтижесінде Тн1 клеткалар антиген енген аймаққа макрофагтарды және қабынудың басқа клеткаларын жақындататын хемотаксикалық факторларды бөледі.

Клиникада клеткалық иммунитеттке баға беру:

  1. Шеткері қанда Т-лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының санын моноклоналды антидене және розетка түзу эдістер  көмегімен анықтау.  Моноклоналды антиденелермен анқтау мүмкіншіліг жоқ жерде Т-лимфоциттердің жалпы санын қой эритроциттерімен розетка түзу  арқылы анықтайды.
  2. Т-лимфоциттердің функционалды қызметін анықтау үшін тесттер:

-митогенге және арнайы антигенге Т-лимфоциттердің бласттрансформация реакциясы – РБТЛ

– Т-лимфоциттердің белгілі субпопуляцияларымен синтезделетін лимфокиндердің өнімін мөлшерін өлшеу “ МИФ, ИӘ-2, 5,6,13, ИНФ-±   және т.б.).

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!