Трансплантация иммунологиясы

Трансплантатты қабылдамау реакциясы. Тінді немесе мүшені генетикалық ерекшелігі басқа индивидумға салған кезде салынған биологиялық материалдың ажырау реакциясы байқалады. Тұрақтамаушылық  реакциясы МНС-комплекс пен кіші гистосәйкестік  комплексіне жататын қан тобының антигендеріне қарсы жүреді. МНС адамдарда  – HLA-жүйесі  деп аталған антигендері бойынша донор мен реципиент сәйкес болмаса, тұрақтамаушылық  реакциясы жүреді. Трансплантаттың біріншілік ажырау уақыты – 14 күн. Екіншілік трансплантат одан жылдам ажырайды: 5-7 күнде. Трансплантаттық иммунитеттің даму реакциясы 3 этаптан тұрады:

  1. трансплантаттың бөгде антигендерін тану;
  2. транслпантатты ажырау реакциясының эффекторлары жетіліп жиналуы;
  3. трансплантаттың ыдырауы.

Бірінші этапта трансплантат антигендерін цитотоксикалық Т-лимфоциттер (СД8), хелперлер және қабынулық Т-клеткалардың ізашарлары мен (ТнО) танудан басталады. Танығаннан кейін аймақтық лимфоидты тінге көшеді. Кейбір донордың  лейкоциттері  реципиенттің аймақтық лимфоидты түйіндеріне көшеді да бөгде зат болып танылады және реципиенттін лимфа түйіндеріндегі лимфоциттерді активтейді№ Сонымен олар  трансплантат тұрақтамауна күшті әсер етеді.

Осы жерде 2 этап басталады. Тұрактамаушылық реакциясында  ен манызды  қызметті баяу жүретін аса сезім талдық реакциясың қатыстыратын клеткалық реакциялар және цитотоксикалық Т-клеткалар  аткарады. СД8 ізашарлары жетілген цитотоксикалық Т-клеткаларына аусады. Бос трансплантатты антигендер лимфоидты тінге түсіп, антигентаныстырушы клеткалармен жұтылады және Тн1 және Тн2 клеткаларын жауапқа қосады. Танудың нәтижесі болып Тн1-ң хемотоксикалық факторы антиген енген аймаққа макрофагтарды және қабынудың басқа клеткаларын шақырады. Антигентаныстырушы, В-клеткалар, Тн2 клеткалар  қосылып қабылдамау реакциясының қосымша тізбегі ретінде гуморалды иммунды жауап түзеді. Натуалды киллерлер Тн1–лимфоциттердің цитокиндрінің әсерінен активтенеді.

3 этапта бөгде тіннің ажырауы болады. Бул процесс жетілген СД8 Т-клетканың, Тн1 көмегімен белсендірілген макрофагтардің, иммуноглобулиндер және цитокиндермен белсендірілген нағыз киллерлердің көмегімен іске асды.  Бөтен тіндердің СД8 клеткалардың цитотоксикалы киллерлік әсері апрқылы лизисі бірнеше кезеңдерден тұрады.

1 кезең – СД8 Т-клеткалардың беткей бөгде антигендерімен байланысуы (трансплантатты вирустың пептиді, рак антигендері).

2 кезең – “летальды соққы”. Негізгі жағдай болып табылады. Клетка нысананың өлуін анықтайды. Эффектормен клетка нысана механикалық бірігуі оларды өлімнен сақтамайды. Бұл этапта клетка мембранасының өткізгіштігі артады, натрий-калий насосының балансы бұзылады.  “Летальды соққы” механизмі әлі толық зерттелмеген. Клетка мембранасын зақымдайтын токсиндердің бірі – лимфотоксин (ісіктердің некрозының β-факторы).

3-кезең – нысана клетка лизисі болады. бұл зақымдалған мембрана арқылы Н2О көп мөлшерде өтеді. Осы процестің нәтижесінде “нысана клетка” мембранасы жыртылады және ол өледі. Эффекторлы клетка сақталады және ары қарай цитолитикалық қасиетке ие болады.

Трансплантацияның зандары:

  1. аутотрансплантатта, изотрансплантатта донормен реципиенттің генетикалық жақындығы себебінең істен шықпайды.
  2. Аллогенді және ксеногенді трансплататтар әр-кашан  тұрақтамаушылыққа ұшырайды.
  3. Тұрақтамаушылықтың иммундық  механизмдері  иммунологиялық ерекшелігі  мен естелігіне байланысты.
  4. Жедел тұрақтамаушылық реакциясын бас гистосәйкестілік комплексі бақылайды.
  5. Бірінші ұрпақты гибридтер- F1 ата-анасының уекеуінен де салынған трансплататтың тұрақтамауын шақырмайды, бірақ ата-анасынынң әр-біреуі  гибридтен салынған трансплантаттың тұрақтамауын шақырады.
  6. Жеделдеу тұрақтамаушылық реакциясы 24 сағаттың арасында  өтуі мүмкін. Негізінде -аниденелер арқылы комплементтің активтенуі салынған тіннің васкуляризациясына кедергі  етіп трансплантат жылдам істен шығады.

Жедел тұрақтамаушылық реакциясы әдетте  трансплантациядан кейін бірінші  апталар ішінде өтеді (7-14 шакты күннің ішінде). Ол клетка-тәуелді, қабыну Т-клеткалардың (Тх1) активтенуі арқылы  цитокиндердің бөлінуі және макрофагтар мен лимфоциттердің зақымдану ошагында жиналуы.

Созылмалы тұрақтамаушылық реакциясы трансплантациядан кейін айлар, жылдар өткенде  болуы мүмкін. Механизміне гуморалды және клеткалық  реакциялар кіреді. Созылмалы тұрақтамаушылық реакциясы қайталанған трансплатацияны талап етеді. Сонымен, мүшелер мен тіндерді  аустырып салған кезде донор мен реципиентті  гистосейкестік дәржесі бойынша  іріктеу  кажет. Біріншіден, донор мен реципиентте  АВО-антигендері бойынша топтық сәйкестілігін анықтайды. Донор мен реципиенттін HLA-антигендерін  серологиялық әдіспен іріктеу үшін микролимфоциттітоксикалы тест (МЛЦТ) қолданады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!