Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы – патологиялық процесстер әсерінен кеңірдек пен бронхтың тарылуына байланысты тыныс жолындағы ауа жүрісіне кедергі пайда болуы.
Бронхообструкциялық синдромы – жедел тыныс жетіспеушілігінің көп кездесетін себептерінің бірі. Ерте қалыптасатын декомпенсациялық жағдайдың төтеншілігін көрсетеді және оған баланың тыныс жолының тарлығы төмендегі ерекшеліктер икемдігі көрсетеді. Көмейдің дауыс желбезегі астындағы кеңістігіндегі клетчаткасының борпылдақтығы; Балалардың ларингоспазмаға икемділігі; Тыныстық бұлшық еттердің салыстырмалы әлсіздігі.
Тыныс жолдарының бронхообструкция синдромы теменгі жағдайларда кездеседі.
- Көмей стенозы (тарылуы).
- Стридор – қатқыл, дірілдейтін, кейде қорыл сияқты шулы тыныс, ішіне тартқанда күшейеді.
- Тыныс жолын ісік басып қалғанда тағы басқа тыныс жолының туа біткен ақауларында кездеседі.
- Туа болған көмей стридоры (инспираторлы көмей коллапсы) – тілшік үлкейгенде болады.
Кейде баланы тіке ұстағанда, жоғалып кетеді. Бала бір жасқа толар кезде бірте-бірте жойылып кетеді. Балаларда өте сирек көмейдің қосымша қыртысы кездеседі. Ол толығынан немесе жартылай дауыс тесігін жауып тастауы мүмкін, сондықтан обструкция белгілері біліне бастайды, дауыс жойылады. Стридормен бірге өте сирек көмейдің туа болған ақаулары болуы мүмкін (киста, стеноз, шеміршек дөңгелектерінің мүкістігі және тағы басқалары).
Бронхообструктивті синдромы үш компоненттен тұрады: ісіну, экссудация, бронхоспазм. Экспираторлы ентігу бірінші айлық балаларда аралас болып келеді. Демалыстың шуы қашықтан естіледі. Дем шығару қосымша бұлшық еттердің қатысуымен болады. Үш жастан үлкен балалар жағдайын жақсартатын қалпын ұстауга мәжбүр болады. Ерте жастағы балалар ыңғайлы қалып таба алмай жанталасады. Кеуде қуысы кеуіп, тынысы әлсірейді. Перкуссия жасағанда, қорап тәрізді дыбыс естіледі. Аускультация жасағанда гиперкинетикалық процесстер басым болса – қатқыл ысқырғыш құрғақ сырылдар, ал бронхтар және бронхиолдар саңылауына транссудаттық ылғалдар жиналатын – «ісіктік» түрінде өкпе бетінде шашыраған ұсақ көпіршікті дымқыл сырылдар естіледі. Ысқырғыш сырылдардың басым болуы бронхтардың бронхоспазмға немесе оның кілегей қабатының ісінуіне байланысты тарылуын көрсетеді. Жоғарғы тыныс жолдары арқылы ауаның жүруінің қиындауынан туатын тыныстың бұзылуы жоғарғы тыныс жолдарының стенозы (таралуы) деп аталады. Көбіне көмей тарылуы немесе круп жиі кездеседі. Жалған және шын круп болып екіге бөлінеді. Белгілері негізінен кеңірдек, көмей, бронхтардың қаншалықты қабынғанын, тыныс жеткіліксіздігінің дәрежелерін көрсетеді. Оттегі жетіспеушілігіне байланысты көмей стеноз дәрежесі мен ұзақтығы келесідей болып бөлінеді.
І дәрежелі – компенсацияланған;
ІІ – субкомпенсацияланған;
ІІІ – декомпенсацияланған немесе предасфиксия;
ІV – асфиксия.
I дәрежесі – дауыс қырылдап естіледі, жөтел қатқыл үрмелі, мұрын-ауыз үшбұрышы аздап көгерген. Қобалжыған кезде, жылағанда, қозғалғанда инспираторлы ентігу пайда болады. Тыныштық кезінде бала ентікпейді.
II дәрежесі – бала мазасыз, жиі қатқыл үрлеп жөтеледі, үнемі ентігіп отырады және тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, қатты терлейді, дауысы қырылдап естіледі. Жөтел кезінде мұрын-ауыз үшбұрышы қатты көгереді де, жөтеліп болған соң кетпей қалып қояды.
ІІІ дәрежесі – ауру қатты мазасызданады, өте жиі жөтеледі, ерні мен қолдары (тырнақтары) көгереді. Басын кейін қарай шалқайтады. Құрсақ үсті бұрышы, төс ойығы, қабырға аралықтары ішіне қарай тартылып, инспираторлы қатты шулы ентігу пайда болады. Тамыр соғысы жиілеп, салқын тер құйып кетеді.
IV- дәрежесі. – науқас әлі кетіп құлайды, басын шалқайтып, аузын ашып, ауа жұтқысы келіп жанталасады. Кеуде қуысының қосымша еттері тартылады. Күрт көгереді. Дене құрысуы пайда болуы мүмкін. Тамыр соғысы әлсіз, ырғақсыз, жүрек соғуы әлсізденіп, тыныс тоқтайды, аздан соң тоқтап бірнеше ретсіз жиырылудан кейін бір жола тоқтап қалады. Шын круп көмей дифтериясында, жалған круп қызылшада, вирусты инфекцияда кездеседі.