Круп шын және жалған (дауыс желбезегі астындағы ларингит) болады. Шын круп көмей дифтериясында кездеседі. Бұл жағдайда дауыс желбезектері круппозды қабынып, қабыршақтар пайда болады.
Жалған круп жедел респираторлы вирусты жұқпалы ауруларда (көбіне парагриппте) болады және бұл жағдайда дауыс желбезектерінің төменгі кілегей қабықтары ісінеді. Қазіргі кезде крупты көмейдің тарылуы (стеноз) деп атайды. Круптың жалпы белгілері қатқыл, үрмелі жөтел, инспираторлы ентігу.
Жалған круп – сау бала әдетте кешкі уақытта немесе түн ортасында қапыл ауырады, ол шошып оянып, дем жетпей тұншыға бастайды. Шын круп көбіне жәйлап басталады (1-3 күндей) және жалған круптан өзгешелігі дауыс бірте-бірте жоғалады (афония). Бала круппен ауырғанда кешіктірмей жедел медициналық көмек көрсетілуі қажет. Микседеманың белгілерінің бірі қатқыл төмен дауыс. Созылмалы тұмауда, аденоидта, көмей арты абсцессте дауыс мыңқылдап естіледі. Жұтқыншақ дифтериясы мен энцефалопатияда дауыс мыңқылдап естілсе, демек, жұмсақ таңдай парезі (шала салдана бастағаны) болғаны.