Жедел гематогенді остеомиелиттің дамуына, ауырлығына, таралу уақытына, клиникалық ерекшелігіне байланысты 3 түрін анықтауға болады:
1.Токсикалық– түріне, кейде, найзағай тәрізді д.а., басталуы шұғыл, дамуы тез болып, бүкіл организмді тез уландырады, алғашқы тәуліктерде-ақ өлімге әкеледі, ал жергілікті сүйектегі үрдіс белгісі білінбей де қалады.
2.Септикопиемиялық-түрінде де ауру жағдайы ауыр болады. Бұл түрінің ерекшелігіне сүйектегі үрдістің тез метестаз беруі жатады, бірінші сүйектердегі іріңді некрозды қабынулармен қатар басқа ағзаларда іріңді абсцестер п.б. Аталған өзгерістер организмді өте ауыр жағдацға түсіреді, өліммен аяқталуы әбден мүмкін.
3.Жергілікті түрі жеңілдеу жүреді, жалпы клиникалық белгілері жоқтың қасы, ал жергілікті қабыну үрдісі анық болады. Аурудың бұл түрі жеңіл дамиды, дер кезіндегі дұрыс ем қайтымын тездетеді, ал нашар, кеш емделсе, созылмалы түріне ауысады.
Клиникасы: Алғашқы 1-2 тәулікте ауырған аяқ-қолдың сүйектерінің, еттерінің қақсап ауырғаны байқалады, денесі әлсірейді. Дене қызуы 39-40 гр. көтеріледі. Балалар кейде есінен танйды, немесе еттері қалтырап, лоқсу қосылады, құсу да мүмкін. Тілі құрғап, тәбеті нашарлайды. Түрі бозарып, көзі шүңірейіп, терісі құрғап, сарғаюы мүмкін.Пульсі жиілейді, АҚҚ төмендейді, тынысы нашарлайды. Өкпесінде қабыну нышаны п.б., бауыры, көк бауыры ісінеді, бүйрек жұмысы төмендеп, олигоурия дамиды.
Қанда лейкоцитоз 15000-20000 өседі, гемоглобин, эритроцит азаяды. Алғашқы 2 тәуліктен соң жергілікті жердегі ауыру сезімі артады, сүйек сыздап, керіп ауырады. Бұл көбінесе сүйек ішілік қысымның артуынан болады, ол кейде 300-400 с.б. дейін жетеді. Бір жұмадан соң кішкене балаларда, екі аптадан соң жасөспірімдерде ауырған тұстағы жұмсақ тінде флюктуация белгісі п.б. Ет арасында флегмона артады.Алғашқы рентгендік белгі 10-14 тәуліктен соң, ал айқын белгілері 2 айдан соң ғана айқындалады.