Бұл сұйықтықтар – қанның жоғалған бөлігін немесе аурулар салдарынан қандағы жетіспеушіліктердің құрамын орынына келтіретін трансфузиялық орта.Қанды ауыстырушылардың бағытталған әсеріне б/ты олар: қызыл қан қысымының төмендеуінде денедегі уды шығаруда нитрализациялауда плазмалық белоктың синтезін қалпына келтіруде және т.б. жағдайларда кең қолданылады. Олардың бірқатары жинақы құрама әсері бар, мысалы: полиглюкин қан қысымын көтереді және ағзаның улануын азайтады. Әдетте қанды алмастырушылар қантамырына тамшылатып көбінесе қан немесе оның құрамындағы заттармен бірге жіберіледі.
Жіктелуі:
- гемодинамикалық (шокқа қарсы)(6%-дық полиглюкин, 8%-дық желатиноль, 2,5%-дық поливинол, 3,5%-дық гемовинил).
- дезинтоксикалық сұйықтықтар (гемодез, кіші молекулалы поливинол, реополиглюкин, физиологиялық ерітінді, 5%-дық глюкоза).
3- парентеральды қоректендіру. Бұларға:
а) белок гидролизаттары (БК-8, гидролизин, казеин гидролизаты, аминопептид);
б) амин қышқылдары (полиамин, мариамин, фриамин, левамин, вамин, аминофузин, альвезин);
в) майлы эмульсиялар (интралипид, липофундин, липомайз, липовеноз, лпипфизиан, инфузолипол, липозин);
г) спирттер мен қант ерітінділері (глюкоза, фруктоза, сорбитол) жатады.
4- тұзды сулар (Рингер-Локк, ЛИГК № 3, ЦОЛИПК тұзды инфузин, Петров, Асратян сұйықтары, трисамин ерітіндісі)
5- Оттегі тасымалдаушылар (перфторан, перфукал, реамбрин)
6- Комплексті әсер ететін сұйықтар (реоглюман, полифер)
7-оксиэтилкрахмал негізіндегі сұйықтықтар (рефортан, стабизол, плпзмастерил, плпзмотонин, рефортан плюс)…
Қан, қан компоненттері, қан алмастырушы сұйықтықтар құю хирургияда үлкен роль атқарады, көптеген ауыр жағдайлардан, операция кезінде, одан соң аурудың емделуіне тікелей үлес қосады. Бірақ оларды қолданғанда қажеттілігін айқын анықтау шарт, дұрыс анықталмағанда, артық құйғанда, зияндығын елемегенде көптеген асқынуларға әкелетінін естен шығармау керек.