1.Бұрау (жгут) салу-ең сенімді тәсіл. Алайда ол, көбінесе аяқ-қолдың қанауында қолданылады. Қан тоқтатушы бұрау-ұзындығы 1,5 м, бір ұшы темір сақинамен, екінші жағынан ілмекпен аяқталатын рәзеңке жолағы. Артерия қанап жатқаны анықталса, бұрауды жарақаттанған жерден жоғарырақ салады. Бұрау салатын жерді жұмсақ материалмен орайды, яғни жұмсақ төсеніш салады. Бұрауды созып тұрып, 2-3 тур салады, соңынан қалған турларды аяқтап, сақинамен ілмекті бекітеді. Бұрауды салған уақытты белгілеу керек. Себебі, аяқтағы артерияға бұрауды 2 сағаттан, ал қолдағы артерияға 1,5 сағаттан артық уақытқа салуға болмайдв, Ол аяқ-қолдың салдануына әкеледі. Бұрауды дұрыс салғанымызды тексеру үшін, перифериялық тамырдағы пульсацияның бар жоқтығын анықтаймыз.Бұл кезде аяқ не колдың тері жабындысы сәл «балауыз» тәріздес, бозарған түсте болады. Егер науқасты тасымалдау 1,5-2 сағаттан ұзақ созылатын болса, бұрауды 10-15 минутқа, артериалды ағын қалыпқа келгенше, босатып отыру керек. Бұл кезде жарақаттанған артерияны саусақпен баса тұрады. Бұрауды қайта саларда, тура сол жерге емес, жоғары не төменірек салған жөн.
2.Артерияны саусақпен басу. Барлық ережелерді сақтай отырып, дұрыс қыссақ, қанның тоқтауына әкеледі. Бірақ бұл уақытша ғана. Себебі 15-20 минуттан артық саусақпен басып тұру мүмкін емес. Артерияны беткей жақтан сүйекке басу керек: ұйқы артериясын IV-мойын омыртқасын көлденең өсіндісіне, бұғана асты артериясын-I-ші қабырғаға, иық артериясын-тоқпан жіліктің ішкі бетіне қарай, сан артериясын-қасаға сүйегіне басады. Ұйқы артериясымен салыстырғанда, иық пен сан артериясын басу оңайырақ. Ал бұғана асты артериясын басу, одан да қиын. Сондықтан бұғана саты және қолтық асты артериясы артериясы қанағанда, қолды неғұрлым артқа салу керек. Бұл кезде бұғанаасты артериясы, бұғана мен I-ші қабырға арасында, қысылып қалады. Бұрауды салар алдында немесе ауыстырарда саусақпен басу өте маңызды.
3.Аяқ не қолды буыннан бүгу. Бұл тәсілді қолдану-қолдың білек және білезік тамырлары, аяқтың балтыр мен табан тамырлары қанағанда, өте тиімді. Сан артериясы қанап, бұрау салу қиынға түскен жағдайларда, санды ішке қарай максимальды түрде бүккен дұрыс.
4.Жара тампонадасы және қысып байланған таңғыш салу-венадан, ұсақ артериялардан, ми сауытын жабатын жұмсақ тіндерден, шынтақ және тізе буындарынан қан кеткенде қолданылады. Тампонада үшін дәкені жараға тығындап оны толтырып сосын сыртынан қысыптұратын таңғыш салынады. Тұйық тампонада, тізе ойығы тұсы жарақаттанғанда салынбайды, себебі бұл аяқтың гангренасына әкелуі мүмкін. Тінішілік қанау кезінде, салмақпен қысым түсірумен қатар, суық басу қолданылады. Бұл әдіс операциядан кейінгі гематомалардың алдын алу үшін де қолданылады.
5.Жарада тамырды саусақпен басу –шұғыл жағдайларда, сонымен қатар операция кезінде қолданылады. Бұл кезде, дәрігер стерильді резеңке қолғап киіп, оны спиртпен өңдеп, жарадағы тамырды басып, қанауды тоқтатады. Ал терең орналасқан тамырлар қанаса, қанап жатқан тамырды қан тоқтатушы қысқышпен қысады. Маңында жатқан тіндерді зақымдап алмас үшін, алдымен қанды саусақпен тоқтатып, жараны құрғатып алған соң, қысқышпен тікелей тамырды қысады.
6.Тамырды уақытша шунттау-ірі артерия тамырлары зақымдалғанда, қан айналымды қалыпқа келтіру тәсілі. Зақымдалған артерияның екі ұшына да тығыз, эластикалық түтік енгізіп, оны тамырға лигатура көмегімен бекітеді. Мұндай уақытша шунт көмегімен АҚ айналымы қалыпқа келеді. Шунт бірнеше сағаттардан бірнеше тәулікке дейін қызмет атқара алады, яғни қан кету біржола тоқтағанға дейін.