Операциядан кейінгі асқынулар түрлері, диагностикасы, емделуі, профилактикалық шаралар.

Операциядан кейінгі асқынуларды яғни ол науқастың сырт бейнесіне, жалпы жағдайына қарап тексеру арқылы біледі. Ең бірінші оның температурасына және жалпы жағдайына көңіл бөледі. Оның тынысының жиілігі мен тереңдігіне, пульстің толымдылығына, тілдің жағдайына, шырышты қабаттардың түсіне және де операция жасалған аймағының сипатына, ондағы ауру сезіміне және де тану материалыныңы қан өт немесе іріңмен сулануы, ісіну, қызару және де операциялық тігістің маңындағы әртүрлі қабыну процестерін қарайды. Операциядан кейін  науқаста асқазан ішек жолындағы әртүрлі жағайларына көлңіл аударады. Ең бірінші тілдің жағдайына, құрғақ,ылғалды,таза немесе ақ жабынмен жабылған. Іш аймағына қатайған,толған, жұмсақ,перкуторлы дыбыстың сипаты ауру сезімі, метеоризм және т.б жағдайларды және де үлкен дәреттің сипатын перистальтикасына, газдардың шығуына және де басқа да интенсивті өзгерістердің локализациясына көңіл бөледі, сонымен қатар бауыр мен бүйректі пальпациялайды, өкпені зерттеген кезде перкусия және аускультацияға көп көңіл бөледі. Оларды тек қана алдынан және екі шетінен ғана емес артынан арқасынан да жүргізілуі керек.

Операциядан кейінгі пневмониянын алдын алу үшін рентгенді зерттеулер жасау керек. Жүрек  қан тамыр жүйесі бойынша науқасты тексеру бұл жүректің соғу жиілігін, пульстін жиілігін және толымдылығын анықтау  тромбоз бен қабыну процестерін алдын алады. Жүйке жүйесі асқынуларына ауру сезімі, шок, ұйқының бұзылыстары және психика бұзылыстары жатады. Операциядан кейінгі ауру сезімі барлық науқастарда болады, бірақта олардың интенсивтилігі және күші, ұзақтығы әртүрлі болады. Ол операциянын травмалығына және түріне байланысты. Операциядан кейінгі ауырсыну сезімдерін азайту үшін тері астына 1%-тік морфин немесе 2%-тік пантопрон ерітіндісін 1млден күніне 1-2 енгізеді. Бұларды көп жағдайда анальгетикалық әсерімен қатар оларға тәуелділік сезімінің пайда болуы қатар жүреді.

Наркоздан кейінгі асқыну яғни наркоздың токсикалылығын алдын алу үшін көп мөлшерде сұйықтықтар береді. Ұйқы бұзылыстарын жою үшін ұйқыны шақыратын дәрілер мен қатар жүйке психикалық қозудың қайдан туындағанын анықтау және ұйқысыздықтын себептерін жою жүргізу керек. Жүрек қан тамыр жүйесіндегі бұзылыстарды азайту үшін жүрек және қан тамырлардың жағдайын қадағалау керек және де олардың дұрыс жұмыс істеуін коронарлы қан тамырларын кеңейту арқылы жүргіземіз, яғни перифериялық қан тамырларды танизирлеп олардағы қанның іркілуін және венадағы қанның іркілуін азайтамыз және де тыныс алуды жақсартамыз. Тромбтардың алдын алу тромбтар және тромбоз пайда болуы, олар әртүрлі ауыр эмболияларға әсіресе  өкпе артериясындағы эмболияға әкеп соғуы мүмкін. Томбтарды емдеуде, тромбоздарды емдеуде тыныштық, аяқ қолдардың жоғары орналасуы, дене температурасының қызуы болса антибиотиктермен антикоагулянтарды беру дұрыс болып табылады.

Операциядан кейінгі өкпе асқынуларына бронхиттер аспирационды гипостатикалық тромбоэмболиялық, септикалық пневмониялар, ателектаз, плевриттер жатады.массивті ателектаздың көріністеріне тыныс алудың қиындауы,ентігу жатады. Диагностикалық шара ретінде рентгенологиялық зерттеуді қолдану тиімді. Іш қуысындағы  асқынуларға көбінесе ауыр асқынуларына перитонит, және де асқазан ішек жолдарының өтімсіздігі жатады. Мұнда әртүрлі симптомдар кекіру, ықылық тию, құсу, метеоризм, іш өту және т.б жүйке рефлекторлық патогенезді әртүрлі бұзылыстар жүреді. Асқазан ішек жолдарының өтімсіздігін емдеу үшін асқазан және ішектердің тонусын қалпына келтіру керек және де инфекциямен жұмыс жүргізу керек. Тонусты көтеру үшін натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін 5%-тік глюкоза ерітіндісін полиионды ерітінділерді енгізеді. Зәр шығару жүйесіндегі операциядан кейінгі асқынуларға анурия, ишурия,  қабынулық  процестер жатады. Мұндай жағдайда 1мл 1%-тік поликрпин ерітіндісін беру керек немесе ол көмектеспеген жағдайда жасанды бүйрек апаратына қосу керек.

Операционды жара асқынуларына қан кету, гематома, инфильтрат, жараның іріңдеуі,жараның ашылып ішкі мүшелердің сыртқа шығуы, яғни эвентрация жатады. Қандай қансыраудың алдын алу үшін лигатураны жақсылап бекіту керек,және де алдын ала К витаминін яғни қанның ұюына қатысатын Квитаминін не Свитаминін беру керек. Гематомаын алдын алуын ол операциянын травмасыз жасауға негізделеді. Яғни гематома пайда болса, оған жылумен әсер етіп оның тез қайтадан қайтуына жол ашамыз немесе одан гематома қайтпаса, яғни гематома іріңдесе онда ашу жасап, антибиотиктерді енгізу және де ұуысты дренаждау және де ішіндегіден босату керек. Инфильтраттардың көрінісіне жергілікті және жалпы температураның жоғарылауы лейкацитоз жатады. Профилактикасына операцияны травмасыз жасау немесе аз травмалау және де асептика шараларын міндетті түрде  сақтау. Жараның іріңдеуін емдеу үшін жалпы шараларды ірің деуді емдеу арқылы, оларды кесіп ішіндегі іріңді шығару арқылы емдейді.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!