Сепсис – әр түрлі микрофлора және олардың уларынан пайда болатын ауыр инфекциялық ауру болып есептеледі. Өзіне тән өзіндік патологанатомиялық өзгерістер болмайды. Сепсис бактериялардың ағзаға енуіне жауап ретінде пайда болушы біріншілік және біріншілік қабыну процессі кезінде пайда болады. Екіншілік шиқан,іріңдік, шелдің қабынуы болуы мүмкін. Сепсистің ұзақтығы әртүрлі болады. Бірнеше сағатта кенеттен бірден жай түскендей түрі және бірнеше жылға дейін созылмалы түрі болады. Клиникалық белгілері: қоздырушының түрінен және вируленттілігінен инфекцияның кірген жеріне,оның түріне, өзгешелігіне, айырмашылығына, бұзылған тіндердің өлеміне, дененің реактивтілігіне,яғни организмнің иммунобиологиялық қорғаушы күштерінің жағдайына байланысты болады.
Сепсис стафилакоккты,стрептакоккты, пневмококкты, гонококкты, колибациларлы,аралас және т.б. болып бөлінеді. Ауруға шалдыққан мүшелер б/ша генекологиялық,урологиялық,құлақ аурулары,тіс аурулары сепсисі. Клиникалық белгілері: сепсистің өзіне тән клиникалық белгілері болмайды, көбінесе сепсисте жиі ұқсайтын клиникалық белгілер бар. ОЖЖ-нің қызметінің бұзылуы: бас ауру, сандырақтау, тітіркені, уйқының қашуы. Ағзаның жалпы реакциясы: науқастың денесінің ыстығы 39-40С-қа дейін көтерілуі, науқас қалтырап, қатты терлейді. Жүрек-қантамырларының қызметінің бұзылулары: тахикардия, пульс тоуының осалдығы, қызыл және көктамыр қысымының төмендеуі, қанның қызыл түйіршіктері мөлшерінің төмендеуінен қан аздық пайда болады.
Қанның ақ түйіршіктері төмендейді,ЭТЖ көтеріледі, лейкоциттік формула солға қарай жылжиды, қан құрамынан микробтардың бары анықталады. Ішкі мүшелердің бұзылулары: зәрдің тығыздығы төмендейді, эритроциттер пайда болады. Сарғаюдың пайда болуы және гепатит құбылыстары, көкбауырдың үлкеюі байқалады. Асқазан-ішектердің қызметінің бұзылуы: тамаққа тәбеттің соқпауы, үздіксіз іш өту, жүрегі айнып құсу пайда болады.
Метастаздық сепсистің клиникасы: септикопиемия – әр түрлі тканьдарда және мүшелерде көптеген іріңдіктердің пайда болуымен сипатталады. Аурудың белгілер жинағы қайталанып отырады. Метастазсыз сепсистің клиникалық белгілері: Септицемия – едәуір ауыр және тұрақты болады. Бұл түрінде клиникалық белгілердің әлсіреуі, саябырлығы,яғни ремиссиялары болмайды, бүкіл симптоматикалары анық білінеді. Емдеу жинақты жүргізіледі және қоздырушымен күреске улануды азайтуға организмнің қорғаушы күштерінің күшеюіне, заттар алмасуын және ішкі мүшелердің атқаратын қызметтерін жақсартуға тиіс. Инфекция бар жерді дер кезінде емдеу, іріңді ісіктер және метастазды ошақтарды өз уақытында жару, бөгде денелерді алып тастау