Тіндер мен ағзаларға емдеу және диагностикалық мақсатта жасалынатын механикалық әсер ету операция деп аталынады. Жарақаттануына байланысты операциялар жабық және ашық болып екіге бөлінеді. Жабық – қансыз әдіс, яғни тіндер мен шырышты қабаттарды зақымдамайды, оған мысалы: буынның шығуы жатады. Ашық – қанды, яғни тіндер мен шырышты қабаттарды жарақаттаумен жүреді.
Хирургиялық операциялар орындалу мезгіліне байланысты: шұғыл (экстренная) дереу: ол науқас ауруханаға түскеннен кейінгі алғашқы сағаттарында жасалады. Жедел (срочная) операция – алғашқы бір тәулік ішінде жасалатын. Жоспарлы (палновая) – жоспарлы түрде жасалатын, ұақыты шектелмеген операция. Ол қатерсіз ісіктерде немесе жарықтар болған кезде жасалады.
Емдік мөлшеріне, мақсатына байланысты: радикальды ( толық емделу) және паллиативті (операцияға байланысты толық емделуге бермейтін ауыр жағдайды жақсартуға арналған операция. Мысалы: гастростония). Жасалу кезеңіне, мезетіне байланысты: а)бір сәттік операция. Оған апендоэктомия жатады.б)көп сәттік. Оған сигманың рагы мысалы жатады.в)Симультанттық операция-бір уақытта әртүрлі операциялар жасалынуы мүмкін (асқазан резекциясы және, холецистэктомия, немесе дивертикульдің (Меккел) резекциясы).
Жасалу мақсатына қарай: байқау операциясы. Кейбір жағдайларда операция көлемі, оның түрі оперция үстінде ғана анықталады, осындай операцияны «байқау» операциясы деп атайды. Диагностикалық операция. Кей жағдайларда диагноз қою тек оперция арқылы ғана шешіледі, міне осы мақсатпен жасалатын операцияны дианостикалық емдеу деп аталады. Операция түріне қарай: қалыпты дегеніміз операция белгілі, қалыптасқан әдіспен жасалуы. Қалыптан тыс- атипиялық: егер қалыпты заңдылықпен жасалмаса.
Хирургияның дамуына, ғылыми жетістіктеріне байланысты: 1)Микрохирургиялық операциялар арнайы ұлғайтқыш шынылы аспаптар арқылы, микроскоптар қолдану арқылы жасалынады. Қолданылатын құрал саймандар, тігіс жіптері де арнайы болады. Бұл операциялар тамыр операцияларында, нейрохирургияда, травматологияда да кең қолданыла бастады. (саусақ, қол, аяқ травмалық ампутация кездерінде.)
2)эндоскопиялық операциялар әртүрлі оптикалық аспаптар көмегімен жасалынады. Қазіргі кезде эндобейне тәсілді хирургияда кең тарай бастады. Олар әртүрлі әдістермен жүргізілүде, ондайларға лапароскопиялық, торакоскопиялық, артроскопиялық операциялар жатады. Бұл операция түріне гастродуоденоскоп, ронхоскоп, колонскоп, цистоскоп, ретроскоп аспаптар арқылы жүргізілетін операциялар жатады.(полиптер алынады, күйдіру,қан тоқтату, тас алу, холецистоэктомия).
3)эндоваскулярлық операциялар рентгендік сәулемен бақыланып жасалынады. Тамыр ішіндегі бляшкаларды алу, эмболизация арқылы тамырды бекітіп, қан тоқтату, тамырдың жіңішкерген бөлігін кеңейту, немесе, қатерлеу, т.с.с жабық операциялар жасалынады.
Қайталанған операциялар(реаоперация): амалсыздан жасалған және жоспарлы жасалған болып бөлінеді.
Операция бірнеше сатыдан тұрады:
1)кіру жолын анықтау.
2)негізгі бөлігі хирургиялық емдеу іске асыру
3)операциялық жараны тігіп жабу,дренаждау.
Кіру жолын анықтау:
1)ауру жерге мүмкіндігінше жақын болу керек
2)тіндерді аз жарақаттау керек
3)қолайлы болуы керек
4)қан тоқтатуға ыңғайлы болу керек
Кіру жолы: типтік және атиптік болып бөлінеді.
Операция кезінде көңіл бөлінетін жайлар:
1)тіндердің жарақатын мейілінше аз жасау
2)гемостазды мұқият жасау, анатомияны жақсы білу керек,қан тамырларының орналасу топографиясына көңіл бөлу керек.
3)асептика және антисептика заңдылықтарын сақтау
Операцияға алудың кезеңдері:
1)операцияға дейінгі кезең ол ауруханаға түскен сәттен бастап операцияға дейінгі сәт. Бұл сәтте ең бірінші науқастың ауырлығын анықтау, екінші түрін анықтау,үшінші операцияның жеделдігін анықтау, төртінші диагноз қою, бесінші операция қажеттілігін анықтау, алтыншы операцияға дайындау шаралары жүргізіледі. Оның мақсаты:
1)операцияның қатерлілігін мейлінше азайту.
2)операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу.
Диагноз анықталған соң операцияға дайындық жүргізіледі, ол үшін:
- Операция қажеттілігі мен қажетсіздігі анықталып, жеделдігі шешіледі.
2.науқастың ішкі ағзаларының лперация алдындағы жағдайын анықтау мақсатымен клиникалық , лабораториялық, диагностикалық тексерістер жасалынады.
- науқастың психологиялық жағдайын операцияға дайындау керек.
- ішкі ағзалар жұмысын жақсартып, гомеостазис өзгерістерін қалпына келтіруге түзетуге тырысу қажет.
5.эндогенді инфекциядан сақтану шараларын жасау керек.
6.анестезия түрін анықтап, премедикация жасау.
7.операция жасайтын тіленетін жерді алдын ала даярлау.
- науқасты операция бөлмесіне жеткізу түрін анықтау.
- науқасты операция стөліне жатқызу түрін анықтау.
Операция жасау қажеттілігі:
- Өмірлік (витальдік) қажеттілік операция – шұғыл түрде жасалынады, үйтпеген жағдайда, адам өміріне тікелей қауіп туады (ішке тоқтаусыз қанау, жедел аппендицит, перитонит т.с.с).
- Абсолюттік қажеттілік – операция міндеттеледі, жасау уақытын аса созуға болмайды, созған жағдайда өмірлік қауіп артады (стеноз, қатерлі ісіктер, механикалық сарғаю, созылмалы іріңдік т.с.с). бұл жағдайда жедел операция жасалынуы қажет.
- Салыстырмалы қажеттілікпен емделетін аурулардың негізгі емі хирургиялық болып келеді, бірақ ол аурулардың өмірлік қаупі жоқ, операция уақыты шектелмейді, жоспарлы түрде жүргізіледі (асқынбаған жарықтар, қатерсіз ісіктер, асқынбаған веналар варикозы.)
2)операциянын өзі
3)операциядан кейінгі кезең.