Миокардит – жүрек етінің қабынуы. Көбіне миокардиттер ревматизмде және инфекциялық ауруларда байқалады. Жаңа туылған кезеңде және өмірінің алғашқы апталарында миокардит қатқыл дамиды. Мектеп жасындағы балалар арасында миокардит жиірек кездеседі. Миокардиттің ауыр түрлерінде науқастың мінезі өзгереді. Миокардитпен ауырған, бір жасқа дейінгі балалар тынысы жиілеп, қатты мазасызданады. Терісі бозғылт тартып, аяқ-қолы мұздап, терісі көкшіл тартады. Ішінің және белінің терісі ісінеді. Ер балалардың ұмасы іседі. Өкпеде, қан айналымының жетіспеушілігіне тән, ұсақ көпіршікті үні әлсіреген сырылдар естіледі. Жүректі зерттегенде салыстырмалы жүрек тұйықтығының кеңейгені, тондардың, әсіресе, І-ші тонның әлсірегені, жүрек соғуының жиілегені анықталады.
Тахикардияның деңгейі дене қызуына, тіптен ентігу дәрежесіне сәйкес келмейді. Сондықтан, пульс пен тыныс жиілігінің қатынасы өзгереді. Аускультация жасағанда жүрек ұшының тұсында немесе Боткин нүктесінде систолалық шу естіледі. Шу қысқа және көп тарамайтын болып келеді. Фонокардиограммада – ол төмен немесе орташа жиілікті болады және І-ші тоннан бөлек анықталады.
ЭКГ-де өзгерістер байқалады: реполяризацияның өзгеруі (Т тісшесінің вольтажының төмендеуі және SТ аралығының қысқаруы) тән болып келеді. Кейде синоаурикулярлы, вентрикулярлы, қарынша ішілік блокада, экстрасистолия жазылып, өткізгіштігінің бұзылуы байқалады. Ересек балаларда көбіне клиникалық белгілерге зәру, қан айналым шамасыздығының белгілері байқалмайтын ошақты миокардиттер жиі кездеседі. Науқастардың шағымы әлсіздік, басы айналу, жүрек тұсының ауруы, жүрек соғуын сезіну сияқты әртүрлі болып келеді. Аускультацияда тахи- немесе брадикардия, кейде экстрасистолия сияқты және т.б. аритмиялар, «шоқырақ» ырғағы анықталады. Электрокардиографияда да қалыпты көрсеткіштерден қарынша кешенінің (SТ және Т) өткізгіштігінің, қозуының сияқты бұзылыстарға дейінгі белгілер байқалады.