Ұйқы безінде түзілетін ферменттер, оның сөлінің құрамында ішекке келіп, қуыстық тамақ қортуға қатысады. Ал, асқазан бөлігі ғана қанға, зәрге өтеді. Ұйқы безінің ауруларында осы ферменттердің қанға өту мөлшері арытады. Осы арыту мөлшерлері ұйқы безінің ауруларын анықтауға қолданылады. Қалыпты жағдай қандағы амилаза (диастаза) активтілігі 8-32 бірлік, зәрде 16-32 бірлік. Гиперамилаземия жедел панкреатитте (5-10 есе арытады), кейде паротитте, сілекей бездерінде тас байқалғанда болады. Созылмалы панкреатиттің өршу сатысында орташа дәрежеде амилазанын арытқаны анықталады. Сонымен қатар, ішектен сорылуының немесе нәжіспен бөлінуінің бұзылуынан асқазан жарасында, илиетте, перитонитте амилазаның активтілігінің арытқанын байқауға болады. Қандағы липаза негізінен ұйкы безінен келіп түседі. Қалыпты жағдайда қандағы липаза активтілігі 0,5-1,5 бірлік деңгейінде болады. Гиперлипаземия, әдетте, ұйқы безінің ауруларында байқалады. Жедел панкреатитте тез арада 10-15 есе арытады, да қалыптасуы жүреді. Трипсин активтілігі Эрлангер әдісі бойынша 2,58±0,25 мг/мл.
Корпрологиялык зерттеулер. Нәжісті зерттеудің де ішек-қарын жолдарының ауруларын анықтауда алатын орны үлкен. Нәжісті копрологиялық зерттеу жалпы қарау, микроскопиялық, химиялық, бактериологиялық тексерулерді қамтиды. Қарап, нәжістің түсін, иісін, консистенциясын, құрамында көзге түсетін басқа заттарды анықтайды. Бұл көрсеткіштер баланың жасына, тамақтану түріне, қандай тағамдармен тамақтанатындығына байланысты болады. Микроскопия жасағанда, бір көру аймағында эритроциттер, лейкоциттер, ет талшықтарының санын анықтайды. Құрттар жұмыртқасына тексергенде, нәжістің кішкене бөлігін шыныға жағып, дистилляцияланған судың немесе глицериннің бір тамшысын тамызып, жабқыш шынымен жауып, микроскопия жасайды. Крахмал дәндерін анықтау үшін Люголь ертіндісімен, майды анықтау үшін судан III реактивімен бояйды. Химиялық зерттеу әдістерін нәжістегі жасырын қанды (бензидин сынамасы), өт пигменттерін, ферменттерді анықтау үшін қолданылады.
Бензидин сынамасы. Бала 3 күн бойына ет, томат, өсімдіктерінің көк бөлігін, алма сияқты құрамында темір және ауыр металлдар бар жемістер және дәрілер қабылдамауы керек. Нәжісті жұқа етіп шыныға жағып бірнеше тамшы бензидин ертіндісін қосады. Бензидин ертіндісін (10 мл 50 % сірке қышқылының ертіндісіне 0,1 г бензидин ерітіледі) нәжіске қосар алдында оның 2мл 3% сутектің асқынған тотығының ертіндісімен араластырады. Нәжістің құрамында қан болса қоңыр-жасыл көк түске боялады. Бұл сынама асқазанның, және ұлтабардың жарасында, геморрагиялық диатезде, энтероколитте және т.б. ауруларда оң нәтижелі болады. Өт пигменттеріне (билирубин, стеркобилин) реакция гемолитикалык немесе обтурациялық сарғаюлардан айыру үшін қойылады. Нәжістің кішкене бөлігін алмастың (1кг алмас (сулема) 100 мл суда ерітіледі) қаныққан ертіндісімен араластырады. Нәжісте билирубин көп болса, ыдыстың түбіндегі тұнба жасыл түске, ал стеркобилин ашық қызыл түске боялады. Демек, сарғаю гемолитикалық болғаны. Обтурациялық сарғаюда нәжіс түссізденеді де, стеркобилин анықталмайды.
Нәжістегі ферменттерді анықтау. Ішіктегі ең маңызды ферменттер болып энтерокиназа мен сілтілі фосфатаза есептелінеді. Энтерокиназа ащы ішектің жоғары бөлігінде түзілетін арнайы фермент. Ол ұйқы безінің сөліндегі трипсиногенді активті трипсинге айналдыруға қатынасады. Фосфатаза да ащы ішектің барлық деңгейінде түзілетін фермент. Бұл ферменттер ерте жастағы балаларда активтілігі өзгермей нәжіспен өте көп мөлшерде шығады. Осыған орай осы ферменттердің нәжіс құрамындағы мөлшері ащы ішектің функциясын сипаттай алады. Ішек ферменттері энтерокиназы мен фосфатазының активтілігі балалар жасына байланысты болады. Ересек балаларда нәжістегі энтерокиназа мөлшері 20 бірлік/г, сілтілі фосфатаза 450 бірлік/г. Ересек балаларда энтерокиназа мен фосфатазаның активтілігі тоқ және ащы ішектер жағдайына байланысты болып келеді.