Ол бұрыш сүйектерінің диафизінің сынуы және басқа сүйек басының шығуы болып табылады. Шынтақ сүйегінің сынуы және шыбық сүйегінің басының тайқуы – Монтедж сынық –шығуы деп аталады,ал егер шыбық сүйегінің сынуы мен шынтақ сүйегінің басының шығуы –Галеации сынық- шығуы деп аталады.Әдебиеттерде оларды «тайқу» терминімен аталады.
Монтедж зақымдануы.
Жіктелуі: Шыбық сүйегінің дистальды сынықшасының ығысу сипатына байланысты бүккіш,жазғыш деп ажыратады.
Монтедж зақымдануы.
А.бүккіш
Б.жазғыш
В.сынуға әкелетін механизм.
Бүккіш түрінде алдыға ашылатын бұрыш түзіледі( алақан жағында) Шыбық сүйегі шынтақ сүйегінің дистальды бөлігімен бірге ығысады.Бұл кезде сақиналы байламды бұза өтіп артқа қарай шығады (қолдың сырт жағы)
Жазғыш түрінде керісінше бұрыш қолдың сыртына ашылады.
Жарақат механизмі.Бұл зақымданудың негізгі себебі білекке соққы әсер етуінен болады және қолмен қорғанып құлағанда жиі байқалады.
Диагностикасы: Шынтақ сынығының және буынының аймағында ауырсыну байқалады.Шынтақ буыны ісіңкіріген,пальпацияда бүккіш сыныққа қарай шыбық сүйегі басының тақуын анықтауға болады,ал жазғыш сынықта шынтақ буынына пальпация жасағанда шыбық сүйегінің басы шынтақ аймағында көтеріңкі түрде (выбухания) анықталады.
Иық деформацияланған, қысқарған,Қызметі ауырсынуға байланысты шектелген. Иықты бүгу бүккіш сынықтарға қарағанда жазғыш сынықтарда көбірек шектелген. «Пружиналы қарсылық» тайқуға тән симптом болып табылады.Ол шынтақ сүйегі сынықшаларының арасындағы қозғалыстан түзіледі.
Иыққа пассивті қозғалыс жасаса немесе аздап жүктеме түсірсе шынтақ буыны мен сынық орнында ауырсыну күшейе түседі.
Радиологиялық зерттеу :Шынтақ буынын қамтып ек іпроекцияда рентгендік түсірім жасап,қорытынды диагнозды нақтылауға болады.Бұл зерттеу тек сынықты ғана анықтап қоймай ондағы шыбық сүйегі басының тайқуын да анықтауға көп көмегін тигізеді.Шынтақ сүйегі сынығында міндетті түрде шынтақ буынын қоса қамтып түсіру керек.
Госпитализацияға дейінгі көмек: саусақ ұшынан иықтың жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін транспортты шина салып, қосымша жұмсақ касынкалы таңумен стационарға жолдайды.
Емі: Монтедждің бүккіш сынығында шынтақ сүйегін сүйек ішілік,өткізгіш не жалпы жансыздандырумен жақсылып репонирлеу керек. Хирург сынықшаларды көмекшімен бірге түзетеді. Ол үшін науқасты столға жатқызып,аяғын бүгеді. Хирург бір қолымен шыбық сүйегінің басынан арттан алдыға, жоғарыдан төмен итерсе, көмекші оған қарсылық білдіреді,яғни шынтақ ойығынан итереді. Шыбық сүйегінің басы негізінен оңай түзеледі. Иық супинация қалпында қалады. Кейбір травматологтар манипуляцияны шынтақ сүйегінің сынығында репозиция жасаудан бастайды. Бұл кезде шыбық сүйегіңі басы қосымша күштеусіз орнына келуі мүмкін. Қолды гипсті лангетамен иықтың супинация қалпынан саусақ фалангасы мен алақан қосылған жерінен қолтық ойығына дейін бекітеді.2-3 күннен кейін саусақтарды және иық буынынан қозғалыстар жасайды. Сонымен қоса науқасқа 10-12 апта иммобилизацияда ырғақты түрде бұлшықеттеріне қозғалыс жасап тұруын айту керек. Бүккіш котрактураның алдын алу мақсатында 4 аптадан соң иықты тік бұрышқа дейін келтіру керек. 2 айдан соң шынтақ және білезік буындарында қамту үшін тұйық таңуды ауыстырады.Еңбекке жарамдылық 12-16 аптадан соң қалыптасады.
Монтедждің жазғыш сынығында шыбық сүйегінің басын және шынтақ сүйегі сынықшыларын қолмен немесе дистракциялы аппараттардың көмегімен түзетеді. Иық супинация қалпында шынтақ буынында 90 градуста бүгілген. Көмекші репозицияны иықтың алақан жағынан сынықшығы қысым келтіріп шынтақ сүйегінің сынықшаларын орнына қоюдан бастайды. Сынықшаларды қойған соң шыбық сүйегінің өзі қалпына келеді. Егер қалпына кемесе басын алдыға –артқа итереді. Репозициядан кейін саусақ фалангаланының алақанға қараған жағынан иықтың жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін гипсті таңу салады. 2-3 күннен кейін иық буыны мен саусақтарға қозғалыс жасай бастайды. Науқас ырғақты түрде қайталап жасап отыру керек. 4-5 аптадна соң гипсті таңуды алып, иықты супинация мен пронация арасындағы қалыпқа келтіріп жаңадан таңу салады.Таңуды алған соң буындарға пассивтіден активтіге дейін қозғалыстар жасайды.
Егер бір мезетті репозициядан көмектеспесе қайталап жүргізбейді. Онда шыбық сүйегіне оперативті түрде түзету және шынтақ сүйегі сынықшаларына остеосинтез жасайды. Шыбық сүйегінің басын консервативті түрде келтіуге тырысады,содан кейін барып қана шынтақ сүйегіне металлды остеосинтез жасайды.
Егер шыбық сүйегінің басы осыдан кейін шықпаса операцияны аяқтайды. Егер басы ұстамаса, онда ашық түзету жүргізеді және Киршнер спицасимен бекітеді. Спицаны шыбық сүйегінің басы арқылы және шынтақ сүйегі арқылы өткізеді. Спицаны 3-4 апта ұстайды. Ерсектерде ескі шығулар болса, шыбық сүйегінің репозициясын жасайды. Бұдан кеінгілерінің барлығы консервативті түрде емделеді.