Сан диафизі сынықтары.

  Сан диафізінің сынығы — өте ауыр жарақат. Тіпті жабық сынықтар шокпен және сынық аймағындағы қан жоғалтумен бірге жүреді.

Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Сан диафизі мықты бұлшықеттермен қоршалған және қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, бұл бір жағынан сынық кезіндегі тінішілік қан кетуді анықтаса, екінші жағынан тез бітісуге де жақсы.

Доминирлеуші бұлшықет қатаюының реализациясы, жоғарғы үштен бір бөлігіндегі бұлшықеттер сынық кезінде проксимальды сынықшаның бүгіліп, әкетілуіне және сыртқы ротациясына  әкеледі, ал дистальды сынықша ішке және әкелетін бұлшықеттер тартуынан  жоғары ығысады. Сонымен қатар, сынық неғұрлым жоғары болса, соғұрлым проксимальды сынықшаның сыртқа ығысуы болады. Санның ортаңғы үштен бір бөлігінің сынықтарында бұлшықеттер антогонисттері арқасында сынықшалардың көлденең және ұзыннан ығысуына және айқын емес ось деформациясына әкеледі.

Диафиздің төменгі үштен бір бөлігінің сынығына балтыр бұлшықетінің жиырылуынан дистальды сынықшаның артқа ығысуы болады. Тізе асты артериясы қоса зақымдалуы мүмкін. Проксимальды сынықша әкелетін бұлшықеттер салдарынан ішке ығысадыСан диафизі сынықтары. Сан диафизі сынықтары.

 

Классификация. Ұзын сүйектер сынығы сияқты сан диафизінің сынықтарын бөледі: сынық сипаты бойынша көлденең, қиғаш, винт тәрізді, жарғақты, сегментарлы. Локализациясына байланысты ұршық асты, сонымен қатар жоғарғы, ортаңғы және төменгі үштен бір бөліктерінің жоғарыда айтылған ығысулары бойынша.

Жарақат механизмі. Басқа да диафизарлы сынықтардағы сияқты механизмі тура және тура емес. Травмалық фактордың бағыты мен жанасу нүктесіне сай сынық сипаты және дәрежесі анықталады.

Диагностика. Ауырсыну синдромы айқын. Жиі сан диафизінің сынықтары ауырсыну, қан жоғалту салдарынан пайда болатын шокпен бірге жүреді. Диагнозды абсолютті және салыстырмалы белгілері бойынша қою қиындық тудырмайды. Функцияның айқын бұзылысы, сынық орнында ауырсыну тән. Гематома мен сынықшалардың ығысуына байланысты сан өлшемінің үлкеюі байқалады. Деформация сынық дәрежесіне байланысты. Жоғарғы үштен бір бөлігінің сынығына «галифе» тәрізді деформация тән.Диафиз бойымен патологиялық қозғалыс анықталады. Осы жерде кейде сынықшаның аяғы пальпациялануы мүмкін.

Ығысумен  болған сынықта санның абсолютті қысқаруы болады. Анестезияға дейін  сүйек крепитациясын анықтауға тиым салынған, себебі шоктың пайда болуы немесе  тереңдеуіне әкеледі.

Төменгі үштен бір бөлігінің сынығында магистральды қантамырлар зақымдалу болуына байланысты дистальды бөліктің қанмен қамтамасыз етілуін тексеру қажет (тері түсі, пульс).

Радиологиялық зерттеу. Алдыңғы және бүйір проекциядағы жақындағы қантамырларды қоса алумен жүргізілетін рентгенография сынық сипатын бағалауға көмектеседі. Басқа радиологиялық зерттеулер жүргізудің қажеті жоқ.

Емханаға дейінгі көмек. Шокқа қарсы терапия шок болған кезде жүргізу қажет (жансыздандыру,инфузионды терапия, гормонотерапия, оксигенотерапия).

Шиналармен иммобилизация зақымдалған аяқпен қоса жамбасты бірге фиксациялау қажет. Шиналауды жансыздандыру фонында жүргізеді. Дитерихс шинасын салады. Ол жоқ болған жағдайда, иммобилизацияны қзын сатылы шинамен комбинациялап жүргізеді.

Сан диафизі сынықтары.

 

Емі. Сан диафизінің сынықтарын гипстік таңумен жеке емдеу қолданылмайды. Қаңқадан тарту консервативті емдеу кезінде өзіндік әдіс ретінде немесе операцияға дайындыққа көмекші терапия ретінде қолданылады.  Тартуды  үлкен сан сүйегінің төмпешігінен, сирек сан айдаршықтарынан стандартты Белер шинасы көмегімен жүзеге асырады. Санның жоғарғы үштен бір бөлігінің сынығында аяққа әкетілген жағдай жасайды. Ортаңғы үштен бір бөлігінң сынығында проксимальды сынықшаның сыртқа ығысуы болмаса, аяқты әкетусіз тартады. Сан диафізнің төменгі үштен бір бөлігінің сынығын қаңқадан тартумен емдеу жүргізіледі:

  • Балтыр бұлшықетін босату үшін артқа ығысқан дистальды сынықшаны 90 градуста тізе буынында бүгілген қалыпта емдейді.
  • Сан мен сирақ осьтерінен құралған бұрыш биссектрисасы арқылы сан айдаршықтарынан тартуды жүргізеді.
  • Дистальды сынықша астына валик салады.

Кейде сынықшалар репозициясы үшін қосымша бүйір немесе алдыңғыартқы жұмсақ жіпшелер тягасын қолданады. 1.5-2 айдан кейін қаңқадан тартуды шешеді, содан кейін 3-3.5 айға коксидті гипстік таңу салынады. Қаңқадан тартуды шешкеннен кейін сынықты функциональды әдіспен емдеуге болады – гипстік таңу иммобилизациясынсыз. Функциональды емдеу әдісі ұршық сынықтарындыкіндей. Сынған аяққа аз жүктеме малып балдақпен жүру 2-2.5 айдан кейін рұқсат етіледі.

Сан диафизі сынықтары. Сан диафизі сынықтары.

Бұндай әдісті винт тәрізді және қиғаш сынықтарда, ығысусыз көпжарғақты сынықтарда немесе қаңқадан тартумен жасалған иммобилизация арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізгенде сынықшалар репозициясын жасағанда қолданылады. Консервативті ем көп уақыт төсектік режимді талап етеді.

Оперативті емді жалпы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер бойынша жасалады. Көрсеткіштердің бірі болып науқастарды ерте активизациялау болып табылады ( мысалы егде жастағы науқастар, политравма кезіндегі әлсіз адамдарда).

Аз травмалық әдіс –  егде жастағы адамдарды ерте төсекте активизациялау арқасында өмірін сақтап өалатын ошақтан тыс стержньдік аппарат көмегімен фиксация. Бұл әдіс политравма кезінде де тиімді.

Ұршық асты және айдаршық үсті сынықтарының остеосинтезі үшін жиі бұрышты пластина немесе накладкасы бар динамикалық винт қолданылады. Ортаңғы үштен бір бөлігінің сынығында пластинамен экстрамедуллярлы остеосинтез немесе штифпен интрамедуллярлы остеосинтез жүргізіледі. Стерженьдік аппарат көмегімен фиксациялауға да болады.

 

Диафиз сынығының стабильды остеосинтезңне құм сағаты формалы сүйекми каналының  біркелкі емес ені бөгет жасайды. Штифт тек қана каналдың арылу аймағында ғана жанасып жатады. Егер сынық аймағына сүйекми каналының тарылу аймағы сәйкес келмесе сынықшалар арасында ротационды және тербелмелі қозғалыстар тән. Стабильді остеосинтез жасау үшін сынық орнында сүйекми каналын штифтпен бірдей қылып бұрғылайды. Сәйкес диамитрлі штифт енгізіледі. Бұрғылаусыз стабильды остеосинтез үшін дистальды және проксимальды блоктайтын штифт қолданылады.

Стабильді остеосинтезден кейін гипстік таңу салынбайды. Операциядан кейін бірінші күндері аяққа дозирленген жүктемемен балдақпен жүруге болады. Толық жүктемені сынық сипаты мен фиксатор түріне байланысты рұсат етіледі.

Асқынулар. Жалған буындар сирек кездеседі. Жиі баяу консолидация, имплантант сынықтары, сынық деңгейіндегі деформациялар, контрактуралар кездеседі. Операциядан кейінгі іріңдік асқынулар болуы мүмкін. Үлкен сан сүйегінің жоғарғы метафизіне қаңқадан тартуда біз өткізген кезде кіші сан сүйек нервісі зақымдалуы мүмкін. Біздерді сырттан ішке қарай өткізу бұндай асқынуға әкелмейді. Тізе буынында контрактуралар пайда болуы мүмкін, әсіресе сан сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің сынықтарында.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 3 недели

AdminNaz

0
Комментарии: 0Публикации: 106Регистрация: 14-11-2018
0 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 5 (0 оценок, среднее: 0,00 тен 5)
Загрузка...