Көкірекаралық анатомиясы

   Көкірекаралық–төменгі көкетмен, алдынан-төспен, артынан-омыртқалардың кеуде бөлігімен және қабырғаның мойынымен, жан-жағынан –плевра жапырақшасы мен және жоғарыдан – төс талшығының апертурасымен қоршаған кеуде қуысының бөлімі. Борпылдақ дәнекер тінмен толтырылған. Ол жерде қан және лимфа тамырлары, нерв бағаналы және өрімдері, өмірлік маңызды ағзалар орналасқан.

Көкірекаралық төстің сабынан жоғары жерден мойынның жасушалық аймағына өтеді. Көкірекаралықтың жоғарғы шекарасы болып, төстің сабының жоғарғы қуысынан өтетін горизонталды жазықтықтабылады. Төс сабыныңоның денесіне қосылған жерінен IV- кеуде омыртқасына қарай жүргізілген сызық көкірекаралықты жоғарғы және төменгі бөлікке бөледі. Кеңірдектің артқы қабырғасымен жүргізілген фронталды жазықтың жоғарғы көкірекаралықты алдыңғы және артқы бөлімге бөледі. Алдыңғы көкірекаралықта: жүрек перикардымен жүректің ірі тамырлары (жоғарылаған аорта, өкпе сабауы және қуыс веналар), көкеттік нервтер және айырша без.

Артқы көкірекаралықта: кеңірдек ашасы, өңеш, орта сыңар жәнежартылай сыңар веналар, кезбе нервтер, симпатикалық құрсақнервтер, кеуделік лимфалық өзек. Жүрек қабы төменгі көкірек аралықты алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді.

 

Алдыңғы көкірекаралықта перикард пен төстің арасында айырша бездің дисталды бөлігі, май талшығы, лимфа түйіндері болады.Ортаңғы көкірекаралықта перикард, жүрек, ірі тамыр-лардың перикардішілік бөлімдері, кеңірдек бифуркациясы және негізгі бронхтар, бифуркациялық лимфа түйіндері бар. Алдынан кеңірдек бифуркациясы және перикардпен, ал артынан омыртқаның төменгі кеуде бөлімімен шектелген. Артқы көкірекаралықта өңеш, кеуде ортасының төмендеген бөлімі кеуделік лимфа өзегі, симпатикалық және парасимпатикалық (кезбе) нервтер, лимфа тамырлары орналасқан.

Жабық зақымданулар. Жабық жарақат кезінде өмірлік – маңызды ағзалардың қысылуына әкелетін қан ісігі түзілуімен болатын тіршілік қамтамасыз ететін ағзалардың жаншылуы пайда болады. Массивті қан құйылулар кезінде жүректің жиырылу ритмі бұзылады, жоғары қуыс веналар жүйесі бойынша қан ағу қиындайды, афония дамуы мүмкін, Горнер синдромы және т.б. Өңеш, кеңірдек және негізгі бронхтың жарақаты кезіндемедиастиналдыэмфизема, медиастинит дамиды. Эмфизема төс артындағы интенсивті ауру сезімімен, тері астында крипитациясыкеуделік көкірекке қатысты маңайда, мойын мен беттің алдыңғы қабатында ісік пайда болады.

 

 

Диагнозы анамнез мәліметтеріне негізделеді. Рентгенологиялық зерттеуде ағзалардың ығысуын және массивті қан құйылған жерде көкірекаралық көлеңкесінің қарқындылығын, медиастиналды эмфизема симптомын анықтауға болады.

Ашық зақымданулар. Ашық зақымданулар кезінде симп-томдар жарақаттаушы қарудың түріне, жарақаттың орналасқан жеріне, көкірекаралықтағы бөгде заттың түріне және көлеміне, қан құйылудың массивтілігіне қарай анықталады. Талшыққа қан құйылумен қатар, жиі медиастеналды эмфизема пайда болады.

     Емі. Көкірек аралықтың жабық жарақаты кезінде адекватты тыныс және қанайналымды қалыпты жағдайда ұстау. Ауыр жарақат кезінде, әсіресе, кеуде қаңқасының бұзылысы кезінде міндетті түрде өкпеге жасанды вентиляция, шокқа қарсы комплекс және новокаинды қоршау жасау керек. Көкірекаралықтан қанды пункциямен шығару. Компрессиялық синдромдардың өршуі байқалса, оперативті тез арада көмек көрсетеді. Сонымен қатар, өмірлік маңызды ағзалырдың сығылуы, және олардың қызметінің бұзылуы, өңеш, кеңірдек, ңегізгі бронхтар, ірі қантамырлар жарылуы оперативті емге көрсеткіш болып табылады. Ашық зақымдануларда хирургиялық ем жүргізіледі.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!