Жедел ринит

Жедел ринит дегеніміз мұрын қуысындағы шырышты қабаттың спецификалық емес қабынуы. Бұл ауру ересектерде де балаларда да кездеседі.  Клиникасына байланысты келесідей жіктеледі:

  • Жедел катаральді ринит;
  • Жедел катаральді ринофарингит;
  • Жедел травматикалық ринит;

Пайда болу себептері (этиологиясы): жедел катаральді риниттің негізгі себебіне жергілікті температураның төмендеуі мен ағза реактивтілігінің төмендеуі, мұрын қуысындағы микроорганизімдердің белсенділігінің жоғарылауы жатады. Негізгі себеп суық тиіп, жергілікті гипотермия. Суықтың әсерінен жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуі ағзадағы микроорганизімдер белсенуіне, әсіресе стафилококты инфекцияның көбеюіне алып келеді. Әсіресе суыққа төзімсіз, шынықпаған адамдарда, созылмалы аурумен ауыратын, имунитеті әлсіреген адамдарда жедел ринит жылдам басталады.

Жедел травмалық ринит мұрын қуысына бөгде зат түскенде, әртүрлі манипуляциядан кейін пайда болады. Кей жағдайларда травмалық ринитке себеп болып кәсіптің жайттар: шаңды ауа, түтіннің әсері, көмір, метал үгітінділері де жатады.

Жедел ринит клиникалық көрінісі:

жедел катаральді ринитке аурудың жедел, жылдам басталуы тән. Мұрынның екі жағы да зақымдалады. Тек травмалық ринит кезінде ғана ауру бір жақ мұрынды зақымдайды. Жедел катаральді ринит клиникасында 3 фазасын анықтайды:

Тітіркенудің құрғақ фазасы әдетте бірнеше сағатқа созылады. Сирек жағдайда 1-2 тәулікке дейін жетуі мүмкін. Мұрын қуысының құрғауы, ашу, жиі түшкіру мазалайды. Сонымен қатар, бастағы ауырсыну сезімі, дене температурасы субфебрильдіге дейін жоғарылауы, жағдайының нашарлауы байқалады. Бұл сатыда мұрын шырышты қабаты қызарған, құрғақ , ісінген және мұрын қуысы тарылған күйде болады. Мұрын арқылы тыныс алу қиындай түседі, иіс сезу нашарлайды.

Серозды бөліністер фазасында қабыну белгілерінің күшеюі, мұрынан көп мөлшерде сұйық, мөлдір сұйықтық бөліне бастайды. Мұрындағы шырыш және бокалтәрізді бездердің қызметі күшеюіне байланысты олар әрдайым көбейіп отырады. Мұрын аумағы қызаруы, мұрын және жоғары ерін аумағындағы терінің ісінуі байқалады.

Шырышты –іріңді бөліністер фазасы  ауру басталғанан кейін 4-5 күннен кейін басталады. Негізгі ерекшелігі бөлінді шырышты-іріңді формада болып, басында сұр түсті, уақыт өте келе сары және жасыл түске ауысады. Бұл оның құрамында қанның формалы элементтері –лейкоциттер, лимфоциттер және бөлінген эпителиальді жасушалар мен муцин болуын көрсетеді. Келесі бірнеше күнде бөлінділер мөлшері азайып, шырышты қабат ісінуі кетеді. Мұрынмен тыныс алу және қалыпты иіс сезу 8-14 күннен кейін түзеледі.

Жедел ринит кезінде мұрын маңындағы қойнауларға қабыну таралып, соның себебінен маңдай, мұрының жоғары бөлігіндегі ауырсыну тудырады. Егер ауырған адам иммунитет деңгейі жоғары болса, ринит жасырын түрде 2-3 күн байқалмай өтуі мүмкін. Бірақ иммунды жағдайы нашар адамдарда ауырсыну 3-4 аптаға дейін созылып, ары қарай созылмалы түріне ауысуына алып келеді.

Ерте балалық шақта жедел ринит кезіндегі қабыну процессі жұтқыншаққа тарап жедел ринофарингит дамытады. Жиі балаларда қабыру процессі көмей, трахея және бронхтарға таралып, жедел респираторлы инфекция тәрізді өтеді. Балалық жастағы ринофарингит өз ерекшеліктері бар. Оған бала мұрын қуысының тар болуына байланысты онсыз да бітелген мұрынмен тыныс алу мүмкін болмай қалады.  Ал егер жаңа туған балда ауызбен демалу нашар дамығандығын ескерсек онда, бала емішек емген кезде қайта қайта тұншығып, дұрыс еме алмайды, жүдеп арықтайды, нашар ұйықтайтын болады. Балалық жаста жедел ринофарингит жиі орталық құлақ бөліміндегі отитпен асқынады. Себебі балалардағы мұрын, құлақ анатомиялық ерекшелігіе үңілсек есту түтігі кең әрі қысқа болады.

Жедел ринит емі

амбулаторлы түрде емделеді. Сирек жағдайда жоғары температура болғанда науқасқа төсек режимі көрсетілген. Науқас жылы бөлмеде болуы керек, себебі жылы әрі ылғалды ауада мұрындағы құрақтық, жағымсыз әрсетлерді азайады. Мұрынның бітелуі болғанда мұрынмен күштеп демалуға тырыспау керек. Сіңбіру (сморкаться) тек мұрынға тамыр кеңейткіш заттарды тамызғаннан кейін жүргузі керек, және тек қан бір жақ мұрынды жауып, екінші жағымен сіңбіріну керек. Өйткені, мұрыннан бөлініп жатқан сұйықтықтар ортаңғы құлаққа кетіп қалу мүмкін.

Жедел риниттің бастапқы кездерінде (абортивті түрінде) жылу процедураларымен емделуге болады. Аяқты, қолды ыстық жалпы ваннаға салу, ыстық шай ішіп, 0,5-1,0 г аспирин немесе 1,0 г парацетамол ішіп, кейіннен жылы төсекке оранып жату керек. Нервті –рефлекторлы реакцияны мұрын аумағына әсері болу үшін табанға, балтырға қыздырғыштар (горчичник) басып, мұрынға УФО, УВЧ терапия жасауға болды. Бұл процедуралардың бәрі жедел риниттің бастапқы 1 сатысында, ал кей кездерде 2 сатысында да тиімді болдаы.

Медикаментозды ем балалар мен ересектерде әртүрлі болады. Балаларда ринофарингит дамығандықтан алдымен мұрын арқылы дем алуын қалпына келтіру керек. Бұл тек қана дұрыс тамақтана алуына септігін тигізбей, баланың мұрын сұрықтығының ортаңғы құлаққа кетпеуіне әсер етеді. Осы мақсатпен баланы әрбір емізбес (немесе тамақтандырмас) бұрын мұрындағы сұйықтықты арнайы сорғыш баллонмен сорып алады. Емізбес бұрын 5 мин. екі мұрынға да 2 тамшы тамыр кеңейткіш зат адреналин ерітіндісін 1:5000 немесе 2 тамшы 2% бор қышқылын тамызады. Әрбір емізу арасында мұрынға 4 тамшы 2% колларгол 3 рет 3-4 күн бойы тамызу керек. Бұл зат шырышты қабатқа ораушы (вяжущее) және микробқа қарсы әрсері бар. Сонымен қатар балаларға арналған отривин да жақсы әсер көрсетеді.

Ересектерде медикаментозды ем тамыр кеңейткіш және микробқа қарсы заттармен көрсетіледі. Жедел риниттің ең жиі көрінісінің бірі мұрын бітелуі. Мұны емдеу үшін мұрын қуысына симптоматикалық әрсері бар адреналин, эфедрин, бірқ одан да жақсы әсерді отривин, санорин көрсетеді. Бұл ем риниттің барлық сатыларыднда көрсетілу керек. Отривин ұзақ уақыт әсер көрсетеді (4-6 сағ) кейін тамызуды 2-3 рет күніне жүргізеді. Ал адреналин болс қысқа уақыт (30 мин) әсер көрсетеді.

Риниттің 2 сатысында тек қана мұрын бітелуін ашып қоймай, микробтарға қарсы ем қолдану керек. Эфективті әсерді биопрокс-жергілікті ингаляциялық антибиотик және қабынуға қарсы әрсері бар препарат көрсетеді. Жақсы мұрын тамырларын кеңейтетін және антибиотикалық әсер көрсететін препарат полидекс фенилэфринмен.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!