Абберантты зоб

Атипиялы орналасқан зобтарға абберантты зобтардың үлкен топтарын, яғни, қалқанша бездің қалыптағыдай емес орналасуын жатқызуға болады. Орналасуына байланысты Маделунг қосымша зобтарды 5 топқа бөліп қарастырады:

1) жоғарғы (көмей ішінде, тамақта, тіл түбірінде);

2) артқы (көмейжәне өңеш артында);

3)негізгі без алдында;

4) бүйірлік (безден сыртқа қарай, төменгі жақ бұрышынан бұғанаға дейін);

5) төменгі (төс артындағы).

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиі аберантты зобтар ірі болып келеді, ұзақ уақыт дамиды және кәрі адамдарда кездеседі. Тіластылық зобта көмейге кіре берістің басылуына байланысты тыныс бұзылады. Тіл түбіріндегі зоб түбірде көмейге кіре берістен бұрын орналасады жәнесоқыр тесіктен шығатын абберантты тиреоидты тіннен дамиды. Әдетте тіл түбірінде орналасқан эктопиялық зобта негізгі без өзінің қалыпты орнында болмайды. Сирек қалыпты не гипертрофияланған қалқанша безі фонында тіл түбіріндегі акцессорлы эктопиялық зоб кездеседі. Зобтың бұл түрі өте сирек және әйелдер арасында кездеседі. Зоб көлемі айтарлықтай үлкен болғанда, ол әсіресе, түнде, тіл төменжәне артқа түскенде тыныс алу қиындауын шақырады. Сонымен қатар, жұтынудың қиындауы, ауызда бөгде затты сезіну, дауыстың өзгеріп, «мұрынмен» сөйлеу дамиды.

Өңеш артында орналасқан зобта жұтынудың қиындауы, өңештің алға және латералды ығысуы байқалады.  Төс артында орналасқан зобтардың көпшілігі түйінді, көп түйінді және полинадозды болады. Зобтардың төс артында бөлшекті орналасқан және төс артында толық орналасқан түрлерін немесе жоғарғы полюсіжоғарғы кеуде апертурасынан төмен орналасқан төс ішілік түрлерінажыратады. Төсішілік зобсирек кездеседі және алдыңғы көкірекаралықта қалқанша бездің эктопирленгентінінен дамиды.

Клиникалық көрінісі. Қосымша зобтардың клиникасы түйінді зоб клиникасына ұқсас, тек мойында түзілістің әртүрлі жерінде болуымен сипатталады. Зобтың көлеміне байланысты шағымдар әртүрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда науқастарды ентігу және жөтел мазалайды. Сонымен қатар, дауыстың қарлығуы, дисфагия байқалуы мүмкін. Кеңірдектің басылу симптомдары (ентігу және жөтел), өңештің басылу симптомдары (дисфагия), жоғарғы қуыс вена тамырларының басылу симптомдары (мойын және кеуде торының алдыңғы бетініңвеналарының кеңеюі) болады. Төсартылық зоб симпатикалық бағананы басқанда, Клод Бернар-Горнер синдромын, жүректің нейровегетативті нервтенуіның бұзылысын, жүрек ритмі және пульстің жиілік бұзылыстарын шақырады. Зобтың қантамырларын басуынан мойынның беткей және терең веналарының кеңеюі, ирелеңдеуі және ісінуі, беттің, еріннің және қабақтың ісінуі және цианозы дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

Диагностикасы. Әсіресе, бүйірлік қосымша зобтарда, қиын болып табылады. Қосымша зоб әдетте, негізгі безден дамитын зобпен салыстырғанда,жұтыну кезінде ығыспайды. Қосымша зобта науқастардың 4 негізгі тобын бөлуге болады:

1) тиреотоксикоз белгілері бар науқастар;

2) кеуде торы ағзаларының басылу белгілері бар науқастар (кеңірдек, тамыр, жүйке);

3) төс артылық зоб түгелдей симптомсыз өтетін және кездейсоқ рентгенологиялық зерттеуде анықталған науқастар;

4) бөлшекті төсартылық токсикалық емес зобы бар науқастар.

Сонымен қатар, тиреотоксикоз бен басылу симптомдары үйлесуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диагностикада екі проекциялы рентгенографияның маңызы зор. Рентгенограммада зобтың көлеңкесі және 50% жағдайда кеңірдектің бүйірге және артқа ығысуы анықталады.

Толық төсартылық зобта алдыңғы көкірекаралықта орналасқан дөңгелек көлеңке анықталады. Бұл жағдайда бірқатар аурулармен дифференциалды диагностика жүргізу керек. Ол үшін КТ, МРТ, радиоизотопты зерттеу қолданылады.

     Емі-хирургиялық. Мойын арқылы ену жолымен, стернотомия не үйлескен ену жолдары арқылы тиреоидэктомия жасалынады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!