Өткен ғасырдың басында Х.Хошимото тиреоидитімен ауыратын науқастардың қанында қалқанша безіне қарсы антиденелер анықталған. Х.Хошимото 1912ж. қалқанша безінің алынып тасталынған препараттарын зерттей келе, ол төрт ерекше белгілерді тапты: қалқанша безінің лимфоциттермен диффузды инфильтра-циясы, лимфоидты фолликулдардың спецификалық түзілуі, эпителийлік жасушалар деструкциясы және дәнекер тіннің пролиферациясы.Осы кезде бездің қалыпты тіні фиброзбен алмасады. Қалқанша без жасушаларыныңзақымдалуына және қанға антигендердің шығуына бірқатар факторлар әсер етеді.
Аурудың екі түрі бар – атрофиялық және гипертрофиялық. Гистологиялық зерттегенде, бездің лимфоциттермен инфиль-трациясын, фолликулдардың зақымдалуын және фиброз ошақтарын анықтауға болады.
Аурудың шығу тегінде иммунологиялық бақылау жүйесіндегі туа біткен ауытқулардың маңызы зор. Осы аурумен ауыратын науқастарда және туыстарында басқа аутоиммунды аурулар кездесуі мүмкін (миастения, қант диабеті, Аддисон ауруы, т.б).
Клиникалық көрінісі. Бұл аурумен 45-50 жас аралығындағы әйелдер жиі ауырады. Ауру ағымы, Ридель тиреоидитімен салыстырғанда, жылдам өтеді. Жиі қалқанша безінің екі бөлігі де зақымдалады. Үрдіс без капсуласынан тыс ешқайда өтпейді. Ауру басталған кезінде тиреотоксикоздың клиникалық көрінісі болады, кейін әлсіздік, ұйқышылдық, тері жамылғыларының құрғақтығы, шаш түсуі, бет және аяқ-қолдың ісінуіжәне тағы басқа гипотиреозбелгілер байқалады.
Без аймағында қысым не ауырлық сезімі мазалайды. Ауру барысында бездің функционалды жағдайы өзгеруі мүмкін. Басында жеңіл дәрежелі тиреотоксикоз, ал соңында гипотиреоз дамиды.
Гипертрофиялық түрінде бездің екі бөлігі де ұлғайған, тығыз консистенциялы, беті тегіс немесе түйінді, ауырмайды, қоршаған тінмен бітіспеген, қозғалмалы.
Диагноз қалқанша безіне қарсы антиденелер анықталғаннан кейін қойылады. ТТГ деңгейі бездің функционалды жағдайына байланысты: тиреотоксикозда ол төмендеген, эутиреоидты жағдайда қалыпты, гипотиреозда – төмендеген. Ең маңызды зерттеу әдісі – жіңішке инелі биопсиямен УДЗ.
Емі. Консервативті терапия – аутоиммунды тиреоидиттің негізгі емдеу әдісі. Ем қалқанша безі гормондарымен (тиреоидин, L-тироксин және т.б.), препарат дозаларын жеке ала отырып және гормон деңгейін әр 3 ай сайын динамикалық бақылай отырып тағайындайды.Гипотиреоз белгілерінденатрий левотироксині қолданылады.
Оперативті емге көрсеткіштер –көршілес ағзаларды басатын зобтың үлкен көлемі, зобтың тез өсуі, аутоиммунды тиреоидиттің неопластикалық үрдістермен бірігуі және зобтың төс артында орналасуы. Сонымен қатар, 6 ай көлемінде жүргізілген консервативті терапияның нәтижесіздігі, зобтың прогресивті ұлғаюы да көрсеткіш болып табылады. Операция- тиреоидэктомия.