Қалқанша бездің қабыну аурулары

       Қалқанша бездің қабыну аурулары сирек кездеседі және тиреопатиялардың 1-2% құрайды. Егер қабыну үрдісі өзгермеген безде дамыса, онда ол тиреоидит дамытады, ал егер қабыну струмозды өзгерген тінде дамыса, онда струмит дамиды. С.Зографский(1977) қалқанша бездің қабыну ауруларының жақсы жіктемесін ұсынған:

1) жедел іріңді тиреоидит (струмит);

2) жедел және жеделдеуіріңді емес тиреоидиттер:

а) Де Кервеннің жеделдеу тиреоидиттері;

б) басқа іріңді емес тиреоидиттер;

3) созылмалы тиреоидиттер:

а) Хошимото созылмалы тиреоидиті;

б)созылмалы тиреоидиті;

в) спецификалық созылмалы тиреоидиттер – туберкулезді және мерездік;

4) химиялық және физикалық агенттер әсерінен дамыған тиреоидиттер:

а) радиационды тиреоидит;

б) қалайы, көміртек газы, мышьяк, сынап және т.б әсерінен дамыған тиреоидиттер;

5) паразитарлы тиреоидиттер (Шагас ауруы).

Жедел, жеделдеу және созылмалы қабынуды ажыратады. Жедел және жеделдеу қабыну созылмалыға өтеді, бірақ қалқанша безінде біріншілік созылмалы қабынулар және жұқпалы емесқабынуларжиі кездеседі.

Клиникалық көрінісі. Жедел үрдіске байланысты. Науқастармойын аймағындағы құлаққа берілетін ауру сезіміне, қысым сезінуге, қарлығуға және тыныс жетіспеуіне шағымданады. Жалпы симптомдарға қызба, жалпы әлсіздік, қалтырау, бас ауру жатқызылады. Пальпация кезінде науқаста диффуздыұлғайған, ауру сезімді, тығыз консистенциялы без анықталады. Ауру ұзаққа созылған сайын без қатая түседі. Тиреоидиттің ауыр асқынуы медиастенит болып табылады. Кейде сепсис дамиды.

Қалқанша бездің УДЗ-де гипоэхогенді аймақтарды, ал сцинтиграфияда «суық» аймақтарды анықтауға болады.

    Емі. Флюктуация анықталса, сынамалы пункция жасалынады. Қарқынды және антибактериалды терапия фонында іріңдікті ашады және дренаждайды. Мойынның алдыңғы бетінде мойындырық ойықтан жоғары Кохер бойынша доға тәрізді тілік жасап, мойынның терең қабаттарына енеді, осылай қалқанша без түгелдей ашылады. Флюктуация анықталған аймақты пункциялайды. Іріңді ошақты белсенді аспирациямен дренаждайды. Қоршаған тінге қанықтырып антибиотик себеді. Егер іріңді үрдіс бір түйінде болса, оны алып тастайды.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!