Ридель тиреоидиті

Созылмалы фиброзды тиреоидит –қалқанша безінің қалыпты құрылымының фиброзды тінмен алмасуының салдарынан дамитынұлғаюымен сипатталатын созылмалы ауру.Ридель тиреоидиті үшін бір бөлігінің фиброзы және көршілес ағзалар мен без капсуласына өтетін бездің белгілі бір аймағының гиалинозы тән. Ол барлық қалқанша безі ауруларының 0,02-0,03%-ын құрайды. 30-40 жаста кездеседі.

 

 

 

 

 

Этиологиясы және патогенезі. Толық зерттелмеген. Көп авторлардың айтуы бойынша созылмалы процескебактерия, вирус, уыттар қалқанша безіне әсер етеді дейді. Ридель тиреоидиті жиі ретроперитонеалды немесе медиастиналды фиброзбен, склероздаушы холангитпен, ретробульбарлы фиброзбен бірлесіп кездеседі, сол себепті осының бәрі белгілі бір аурудың симптомдары болуы мүмкін деген пікір бар.

 

    Симптомы. Анамнезде науқастарда жиі түйінді зобтың болғандығы анықталады. Науқастар мойын аймағындағы тығыз түзіліске, қысым сезінуіне, тыныс қиындауына шағымданады.Жиі кеңірдек басылады, ал өңеш үрдіске сирек араласады. Мойынның сезімтал нервтерініңкомпрессиясы кезінде осы аймақта ауру сезімі байқалады. Мойын лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

Аурудың 3сатысы бар:

І- сатысында үрдіс без капсуласымен шектелген;

ІІ- сатысында үрдіс без капсуласынан тыс шығады;

ІІІ- сатысында фиброзды үрдіс көршілес ағзаларға тарайды және мойын аймағында тығыз, қозғалмайтын, без көлемінен асқан конгломерат сезіледі.

 

 

 

 

 

 

Қалқанша безінің қызметі, әдетте, зардап шекпейді, тері және теріасты талшығы интактілі күйде қалады. Гистологиялық тиреоидты тінің фиброзды тінмен алмасқандығын анықтауға болады. Тиреоидты тінге қарсы антиденелер болмайды, бұл оны аутоиммунды тиреоидиттен ажыратуға мүмкіндік береді. І- сатысында ауру түйінді зоб тәрізді, ал ІІ-ІІІ-сатыларында обырдан клиникалық ажыратылмайды, сол себепті оны обыр ретінде диагностикалау мүмкін.

 

Диагностикасы. Пальпаторлы без тас тәрізді консистенцияда болады. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сканограммада «суық аймақтар». Ең маңызды зерттеу әдісі –жіңішке инелі биопсиямен УДЗ.

   Дифференциялық диагностика. Қалқанша без карциномасымен, туберкулез, Хошимото ауруымен ажырату керек.

   Емі – хирургиялық. Стероидты терапия науқастың жағдайын жақсартпайды. Операция – тиреоидэктомия.Операция техникалық жағынан қиын болып табылады, себебі фиброзды үрдіс жайылғандакөршілес ағзалар мен анатомиялық түзілістердің зақымдалуы мүмкін.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!