Асқазанның ойық жара ауруы

Этиология және патогенезі. Ойық жара ауруының негізгі этио-логиясы: Helicobacter pylori. Жара ауруы полиэтиологиялық және полипатогенді ауруға жатады. Ульцорогендік негізгі себебі қолайсыз эндогенді және экзогенді факторлар. Сонымен қатар, алиментарлы факторлардың маңызы зор (тамақтану тәртібінің бұзылуы: ірі тағамдарды ұзақ пайдалану және тағы басқа), нервті- –психикалық фактор, асқазан сөлінің секрециясының жоғары болуы және қорғаныс факторы активтілігініңтөмендеуі (мукопротеидтер, бикарбонаттар), алкоголді жиі қолдану, тұқымқуалаушылық факторы және тағы басқа.

Асқазанның ойық жара ауруыАсқазанның ойық жара ауруы

 

 

 

 

 

Жара ауруының патогенезінің бірнеше теориялары бар:

  • Вирхов, Рокитанский тамырлық теориясы: асқазан тамыр-ларының зақымдалуы (тромбоз, склероз, эмболия) нәтижесінде асқазан қабырғасының қоректенуі бұзылады және жараланады.
  • Келлинг пен Габерердің химиялық теориясы: Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылағанда, асқазан кілегей қабатын қорыта бастап, ойық-жараға әкеледі.
  • Ашофтық механикалық теориясы.Асқазанның кілегей қабаты тамақ ішкенде күнделікті механикалық, физикалық, химиялық травматизацияға ұшырайды.
  • Бергманның нейрогенді теориясы. Науқастың өмірінде вегетативті өзгерістері барболса (тершеңдік, дермографизм, алмасу бұзылулары, тамыр талу сынық өзгерістері және тағы басқа), жиі ойық-жара кездеседі.
  • Соңғы қабыну теориясы. Жараның пайда болуын гастритпен байланыстырады.
  • А.Д.Сперанский (1935), К.М.Быков, И.Т.Курцина (1952) жұмыстарында асқазан-ішек жолдарының кілегей қабаты жара болуы себебі нейрогенді дистрофия екенін айтқан.
  • С.В.Аничков (1965) жазған, дистрофикалық асқазан сөлініңпептикалық әсерімен қосарлауы жараның дамуына алып келеді.
  • Инфекциялық теория. Көптеген гастроэнтерологтар жара ауруының басты этиологиясына микробты инвазияны Helicobacter pylori деп айтады. Дуоденалды жарасы бар науқастардың 90–-100%-да H.Pylori анықталған, ал 70–-80% асқазан жарасында. Бұл микроорганизм халықтың тең жартысында анықталған, тек кейбіреулерінде ғана жара дамиды.H.Pylori қалыпты асқазан флорасының бөлігі болып табылады.

 

Асқазанның ойық жара ауруыАсқазанның ойық жара ауруы

 

 

 

 

 

 

Типтік созылмалы асқазан жарасында кілегей қабатының дефекті диаметрі 1см-ге дейін болады, түрі сопақ овалды немесе домалақ, шеттері айқын. Көлемі бойынша жара: кіші жара диаметрі 0,5см-ге дейін, орташа d ≈ 0,5–-1см, үлкен d ≈1,1–-2,9 см, гигантты d ≈ 3 см және одан үлкен. Сонымен қатар, жараның көлемі ұлғайып, тереңдесе, іш қуысымен қатынаса алады немесе жара түбі көрші мүше бола алады. Үдерістің өрістенуіне,жараның орналасуына және қорғаныс реакциялық жағдайына байланысты жара таралуы мүмкін, жиі құрсақ қабырғасына, ұйқы безіне,өт қапшығына, жуан ішекке тарайды.

Кейбір жағдайларда созылмалы жара ірі тамырлардың бұзылуына алып келеді (а. gastrica sin, a. gastricaduodenalis) және массивті қан кетуі мүмкін. Жиі асқазанның кіші ирімінің жарасы мен он екі елі ішек жарасынан қан кетеді. Ұзақ уақытта жара айналасы дәнекер тінгеайналып, жара ісікке ұқсас болады: коллезді жара; коллезді ісік.

Жара жазылғаннан кейін жұлдызшалы тыртық қалады. Тыртық асқазанның деформациясына алып келеді (асқазан ұлу тәрізді болады, пилорустың стенозы кезінде). 15–-20% жағдайда жараның көбеюі анықталады. Асқазан мен он екі елі ішек жарасы бірге қосарланып сирек кездеседі.

Асқазанның ойық жара ауруыАсқазанның ойық жара ауруы

 

 

 

 

 

 

  Жара ауруының жіктелуі(П.Я.Григорьев П.Я., М.Богер М., 1986) бойынша).

  1. Жара дефектісінің орнығуыбойынша:
  2. Асқазан жарасы (кардиалды, субкардиалды, мезогастралды, антралды, пилорикалық каналдың, препилорикалық, кіші жәнеүлкен иірімнің, алдыңғы және артқы қабырғасының).
  3. Он екі елі ішек жарасы ( бульбарлы, постбульбарлы).
  4. Асқазан мен он екі елі ішек жарасы.
  5. Аурудың фазасынақарай:
  6. Өршу фазасы (кезеңі).
  7. Өршудің басылуы.
  8. Ремиссия.

III. Ағыны бойынша:

  1. Латентті (жасырын).

2.Жеңіл (өршу жылына бір рет, ауырсынуы аз, ем алғаннан кейін 4-7 күнде басылады, жаралы дефект терең емес).

  1. Орта ауырлықта (жылына өршу 2 рет, ауырсынуы айқын, емнен кейін 10-14 күнде басылады, жаралы дефект терең, сирек қанайды).
  2. Ауыр дәрежесі (жылына өршуі 2 реттен көп, ауырсынуы күшті, 14 көп күннен асқанда басылады, арықтайды, жара дефекті терең, коллезді, асқынулары бар).

Асқазанның ойық жара ауруыАсқазанның ойық жара ауруы

  1. Көлемі бойынша:
  2. Кіші (0,5см дейін).
  3. Орташа (0,5 см ден 1 см дейін және 0,7 см 12 елі ішекте).
  4. Үлкен (асқазанда 1 см үлкен, 0,7 см 12 елі ішекте).
  5. Гигантты (асқазанда 3 см үлкен, 2 см үлкен 12 он екі елі ішекте).
  6. Беткей (тереңдігі 0,5 см-ге дейін).
  7. Терең (тереңдігі 0,5 см-ден терең).
  8. Аурудың кезеңі бойынша:
  9. Ашық жара кезеңі.

2.Тыртықтану кезеңі .

3.Тыртық кезеңі (қызыл тыртық фазасы, ақ тыртық фазасы).

  1. Гастродуоденалды аймақтың кілегей қабатының жағдайына байланысты:

1.I, II, III дәрежелі активті гастрит (диффузды,таралған) .

  1. Гипертрофиялық гастрит.
  2. Ошақты гастрит (таралған, диффузды).
  3. Бульбит, дуоденит I, II, III дәрежелі активті.
  4. Атрофиялық бульбит, дуоденит.

6.Гипертрофиялық бульбит, дуоденит.

Асқазанның ойық жара ауруыАсқазанның ойық жара ауруы

 

VII. Асқазанның секреторлы функциясының жағдайы бойынша:

  1. Қалыпты немесе жоғарыланған секреторлы активтілікпен.
  2. Секреторлы жетіспеушілікпен.

 

VIII. Асқазан мен он екі елі ішектің моторлы-эвакуаторлы функциясының бұзылысы:

  1. Гипертониялық және гиперкинетикалық дисфункция.
  2. Гипотониялық, гипокинетикалық дисфункция.

І. Дуоденогастралды рефлюкс.

  1. Асқынулары:
  2. Қан кету, постгеморрагиялық анемия.
  3. Перфорация.
  4. Пенетрация.
  5. Он екі елі ішек пилорусының (қақпашасының) стенозы мен тыртықтықдеформациясы (компенсацияланған, субкомпенсация-ланған, декомпенсацияланған).
  6. Перивисцериттер.
  7. Реактивті панкреатит, гепатит, холецистит.
  8. Малигнизациясы.

X.Тыртықтану уақыты бойынша:

1.Тыртықтанудың кәдімгі уақыты (дуоденалды локализа-циясында 3-4 апта, асқазанда – 6-8 апта).

2.Ұзақ уақыт тыртықтанушы (дуоденалды-4 аптадан көп, асқазанда -8 апта).

  1. Резистентті жара (емнен кейін 8 апта ішінде тыртықтанбаса, асқазанда — 12 апта).

 

Патогенетикалық түріне, орналасуы, клиникалық көрінісі бойыншажәне ағымының ерекшелігіне қарайкелесі жара типтері бар (Johnson D., 1965):

Асқазанның кіші иірілімі жарасы (Джонсон бойынша I тип); 2) Асқазан мен он екі елі ішек жарасының қосарлануы (II тип); 3) Асқазанның пилорикалық бөлігінің жарасы ( III тип); он екі елі ішек жарасы ( IV тип).

Клиникалық көріністері. Асқазан жарасы ұзақ уақытты, өршу кезеңі мен ремиссиясы кезектесіп жүретін ауру. Өршуі: ем-дәмі бұзылып дұрыс тағам ішпеген соң жәнеэмоциялық-нервтік күйзелістерден кейін дамиды.«Мерзімділік» тән – ауру жиі көктемгі және күзгі мезгілде дамиды.

Жара ауруының негізгі симптомы ауырсыну, ол тағам қабылдаумен байланысты. Ауырсыну тағам қабылдаған соң бірден сол жақ эпигастрий аймағында дамиды, кардиалды жарада ауырсыну 40-60 минуттан соң эпигастрий мен іштің ақ сызығында орналасады, пилорикалық бөлімінің жарасында — 2 сағаттан кейін, «он екі елі ішек жарасында «аштық» ауырсыну болады.Ауру себебінің сипаты мен ерекшелігі әртүрлі: ашып, бүріп, ұстамалы, кесіп ауырсынады. Ауырсыну ұстамасы кезінде науқастар өздеріне ыңғайлы қалып іздеп, бүрісіп қалады. Ауырсыну симптомы әсіресе, үдеріс сірлі қабатқа өтсе және пенетрацияленса, айқын болады. Кейбір науқастарда ауырсыну ұстамалары сілекей ағуымен, құсумен бірге болады.

Құсу – ойық-жара ауруының екінші классикалық симптомы. Құсу жеңілдік алып келеді, құсық массасы құрамында қышқыл асқазан сөлі құрамы, қорытылмаған тағам массасы, кілегей, қан ұстамдары кездеседі.

Қыжылдау –төс артының күйдіріп ауру сезімі 70-80% науқастарда кездеседі. Ол гиперсекреция мен асқазан сөлі қышқылдарының жоғарылағанын білдіреді. Қыжылдау тамаққа дейін, тамақтан кейін немесе еш нәрсеге байланыссыз болуы мүмкін. Науқастар сода ішуге мәжбүр болады.

Кекіру – өңештің кардиалды сфинктерінің жетіспеушілігі мен асқазанның антиперистальтикасы нәтижесінде дамиды. Кекіру ауамен немесе аз мөлшерде қышқыл тағамнан болады, иіссіз. Сасық иісті кекіру –ахилия мен асқазанда шірікті үдерісс кезінде болады.

 

Жүрек айну мен құсу асқорытудың шыңында спастикалық және рефлекторлық сипатта қатты ауырсыну кезінде болады. Сонымен қатар,жаңа құсулар жедел жара ауруында болады. Құсқаннан кейін науқастар жеңілдік сезінеді. Құсық массасы құрамында жаңа қабылданған тағамдар, қышқыл асқазан сөлі кездеседі.

Жара ауруы кезінде науқастардың асқа тәбеті төмендейді, бірақ олар аз мөлшерде қабылдауғатырысады.

Қайталанып ауырсыну ұстамалары, сілекей ағу, құсу нервтік-психикалық бұзылысқа алып келеді. Көптеген науқастарда невростения клиникасы және психостения дамуы мүмкін. Науқастар қозғыш, ашуланшақ, қоршаған ортаға адекватты емес, ұйқысы бұзылады.

Клиникалық көрінісін ішек функциясының бұзылысы толықтырады: іш қату, көбісінде «құмалақ» тәрізді үлкен дәрет, кейде іш өту болады.Үлкен дәретте қан араласуы мүмкін, қара май тәрізді. Ішті пальпациялағанда, эпигастрий аймағында ауырсыну (Мендель симптомы).

Зертханалық зерттеуге жалпы қан анализі, несеп анализі, нәжіс анализі, асқазан сөлін, қышқылдығын зерттеу, тәуліктік несеп мөлшерін, электролиттерді, бауыр функциясын, қан құю қызметін тексеру керек. Жараон екі елі ішекте орналасса – қышқылдылық жоғары, ал асқазанда — қалыпты немесе кішкене төмендеген немесе жоғарылаған болады. Асқазан сөліне сипаттама беру үшін базалды секрецияны анықтайды (асқорыту кезінде бездердің жағдайын анықтайды), инсулинді сынама жасайды (вагусты секреторлы аппараттың сезімталдығын көрсетеді) және гистаминді сынама (функциялаушы жасушалардың мөлшерін көрсетеді) жасалынады.

 

Асқазанның базалды секрециясынын анықтау өте маңызды. Жоғары базалды секреция дуоденалды жарада болады, ал қалыпты немесе төмендеген – асқазан жарасы мен қатерлі ісігінде болады. Базалды секрецияның өте қатты жоғарылауы Золлингер-Элиссон синдромына тән. Базалды секрецияны анықтап болған соң гистаминдісынамы (Кей сынамасы, 1953) жасалынады. Гистаминді тері астына 0,004мг/кг енгізгеннен кейін 1сағат ішінде тұз қышқылының максималды бөлінуі. Гистамин асқазан секрециялық екінші фазасыныңстимуляторы болып табылады.Гистаминнің әсерінен бөлінген 1сағат ішінде жиналған асқазан сөлін жинап, құрамындағы тұз қышқылының мөлшерін анықтайды («мэкв/сағ).

Асқазан сөлінің бірінші фазасын анықтау үшін (вагусты секреторлы аппарат сезімталдығын), Холландердің инсулинді сынамасын қолданады.Сынама кезбе нервтің тітіркенуін қоздыратын гипогликемия әсерін асқазан сөлінің жоғарылауына негізделген вена ішіне 10–-20 ед. инсулинді (0,2 ед 1кг. салмаққа) енгізеді. Бұл кезде қышқылдылық бірден жоғарылайды, кейін бірте-бірте қалыптыға дейін төмендейді.Инсулинді сынаманы ваготомия толымдылығынанықтау үшін қолданылады.

Түтікті(инвазивті) тәсіл. Асқазан мен он екі елі ішектің әр бөлімдеріндегі рН-ты анықтайды. Ол үшінкөп каналды рН-түтік қолданылады. Асқазанның қалыпты рН көрсеткіші 1,3-1,7.Он екі елі ішек жара ауруы бар науқастарда олар 0,9-1,0-ге дейін төмендеген.

Рентген сәулесімен зерттеу асқазанның көлемін, қалпын, оның перистальтикасын, босану уақытын, кілегей қабатының жағдайын анықтайды. Жара ауруына тәнрентгенологиялық симптом: «ниша». Ниша – бұл кілегей қабатындағы дефект, ол жара орнында контрастты затпен толуы. Кішкентай «ниша» рентгенологиялық тұрғыда көрінбейді. «Ниша» контуры домалақ, сопақ линиялы, саңылау тәрізді, үшбұрышты, дұрыс емес түрлі болады. Тексеруді ашқарында жүргізеді. Асқазанды контрасттылау үшін барий сульфатының сулы ерітіндісі (100г барий сульфатын 80 мл суға) қолданылады.

Эндоскопиялық зерттеу жараның тыртықтанулық диагностикалық бақылау үшін қолданылады. Морфологиялық зерттеуді толықтыру үшін жарадан бірнеше (6-8 бөлік) тін алынады. Жараны 98% жағдайда анықтайды. H.Pylori-ды анықтау үшін ФЭГДС жасағанда екіден антралды бөліктен және асқазан денесінен 4 биоптат алады. Эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу жара ауруы мен асқазан обырының жарасы түрін ажырату диагностикасында маңызы зор.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 7 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014