Бауыр іріңдіктері

Бауыр іріңдігі–аумағы шектелген түзіліс. Ол бауыр паренхимасында микробты флораның немесе паразиттің енуінің бауырдағы кисталар мен ісіктердің іріңдеуі нәтижесінде түзіледі.

Бактериялық іріңдіктер. Бауырдың бактериялық абцестері екіншілік түрде дамиды және холангит, құрт тәрізді өсіндінің қабынуы, сепсис, бактериялық эндокардит фонында дамиды. Көп жағдайда бактериялық абцестің даму себебін анықтау мүмкін емес. Инфекция бауырға өт жолдары арқылы (30-40%); веналық (қақпа венасы) жолмен – жедел холецистит кезінде, арнайы емес жаралы колитте, деструктивті аппендицитте т.б. (20%); артериялық (бауыр артериясы)–бактериемия және сепсиспен жүретін түрлі аурулар кезінде; жанасу арқылы – пенетрацияланған асқазан жарасында; көкетастылық абсцесте; бауыр тініне өт қапшығы эмпиемасы өткенде; жарақат кезінде – бауырдың жабық және ашықжарақаттанғанында. Бауырдың криптогенді абсцестерінің (20%) даму себебін анықтау қиын. 30% іріңдікоперациядан кейін дамиды. Бактериялық абсцестер, әсіресе, біріншілік құрсақ қуысында орналасқанда, қоздырғышы грамм теріс бактериялар болып табылады: ішек таяқшасы, анаэробтар, анаэробты стрептококктар.

 

 

 

 

Клиникалық көрінісі. Зақымдану ошағының көлеміне, аурудың ұзақтығына, микрофлораның вируленттілігіне, ағзаның қорғаныс күшіне байланысты. Науқастар дене қызуының жоғарылауына, оң жақ қабырға астында немесе эпигастрий аймағындағы тұйық ауру сезіміне, шағымданады. Ауру сезімі оң жаққа, жауырын астына, бел аймағына беріледі. Өт жолдарының қысылуына байланысты сарғаю. Іштің пальпациясында бауырдың ұлғаюы және ыдырауы анықталуы мүмкін. Іріңдік құрсақ қуысына жарылса, науқастардың жағдайы нашарлайды. Бактериялық абсцестердің перфоралды қан тамыр-ларынан қан кетуге және гепатобронхиалды жыланкөздердің қалыптасуына өкпе абцестеріне алып келеді.

Диагностика. Бауырдың бактериялық абсцестері біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін, көлемдерінің әртүрлілігімен сипатталады. Бұрын жедел қабыну ауруларының болған- болмағанынанықтаумаңызды, жоғарыда айтқандайол бауыр абсцесіне алып келуі мүмкін. Науқастарды обьективті тексергенде, гепатомегалия, бұлшықеттік қысым және іріңдік аймағындағы максималды пальпаторлы және перкуторлы ауырсынуды анықтайды. Диагноз УДЗ арқылы дәлелденеді, сонымен бірге,іріңдікпункциясы тері арқылы, кеуде қуысын шолу рентгенографиясы (көкет) күмбезінің жоғары тұруы, оның қозғалысының шектелуі, бауыр тұсында сұйықтық деңгейі), КТ, гепатосканерлеу, көкбауыр венасының селективті ангиографиясы жасалады.

 

Емі. Бауырдың бактериялық абсцесінде хирургиялық араласу көрсетілген. Жалғыз және көптеген іріңқалталарды ашу және дренирлеудіқажет етеді. Бұл екі әдіс арқылы іске асады: тері арқылы, бауыр арқылы микродренажқоюмен пункция немесе операциялық араласу қолданылады. Бұндай ем тек біреулік немесе бірнеше ірі абсцестерде мүмкін. Сонымен бірге, абсцесті екі катетермен дренирлеумаңызды, біреуі ирригационды, ал екіншісі – аспирационды болып табылады. Іріңді қуысты антисептикалық ерітіндімен жуу және құрамының белсенді аспирациясы арқасында науқастардың емі сәтті болады. Бұндай емді қолдану мүмкін болмағанда немесе нәтижесіз болса, хирургиялық ем жүргізіледі: лапаротомия – іріңдікті ашып, кейін дренирлейді. Іріңдік бауырдың артында орналасқанда құрсақтан тыс жол қолданады, бұл құрсақ қуысын инфекция таралуынан сақтайды.  Ең қиыны хирургиялық ем қолдану мүмкін емес майда көптеген абсцестерді емдеу. Науқастарға құрамына эндоваскулярлы, аумақтық артерияішілік инфузионды – трансфузионды терапия, кіндік венасына антибиотик енгізу жұмыстары кіретін консервативті ем жүргізіледі. Клостридиалды емес анаэробты микрофлорамен шақырылған абсцесті емдеу үшін кең спектрлі антибиотиктер қолданылады. Бауыр абсцесінің қауіпті асқынуы жайылмалы іріңді перитонит.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!