Бауырдың амебалы іріңдігіжедел кезеңде немесе ұзақ уақыт өткенде (бірнеше жылға дейін) дамуы мүмкін. Көп жағдайда олар жалғыз болады. 90% жағдайда бауырдың оң бөлігінің жоғарғы және артқы бөлімдерінде орналасады, паста тәрізді қоймалжың 1–-2 мл-ден бірнеше литрге дейін жететін іріңнен тұрады.
Клиникалық көрінісі. Жедел ағымды абцесте науқастардың көбінде дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік даму. Барлық жағдайда оң жақ қабырға астында ауру сезімі болады. Ауру сезімі қозғалғанда күшейеді, оң иыққа және жауырынға таралады. Тексеру кезінде кейде оң жақ қабырға астында бұлтию байқалады. Пальпация кезінде бауырдың алдыңғы беткейінде флюктуацияланушы бұлтию байқалады. Амебалы іріңдік (іріңқалта) айналадағы ағзаларға жарылып, көкетастылық абцеске, жайылма не қайталанған перитонитке, іріңді плевритке, перикардитке әкелуі мүмкін. Қоңырқай түсті іріңді қақырық бөлінуімен жүретін бауыр-бронхтық жыланкөз түзілуі мүмкін. Кейде бауыр абцесітері жабыны арқылы өтеді, бұндай кезде жыланкөз аймағында терінің амебалық зақымдануы мүмкін. Науқастардың 50%–да дизентерияның арнайы белгілері анықталады, бұл уақытында диагностикалауға қиындық келтіреді.
Диагностика. Қан зерттеуінде барлық жағдайда нейтрофилды лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы байқалады. Серологиялық сынамалар арнайы агглютинациялық және преципитациялық реакциялар, латекс – тест, УДЗ, КТ, радиоизотопты сканерлеу, ангиография және тағы басқа зерттеулер жүргізіледі.
Емі. Бауырдың амебалы абсцесімен ауырған науқастарға бактериалды кездегідей ем көрсетіледі және қосымша антипаразитарлық препараттарды (хингамин, хлорихин, эмитин және т.б.) тағайындайды.
1. Метранидазол 30 мг/кг күніне 3 рет /8-10 күн.
2. Тинидазол 30 мг/кг күніне 1 рет 5-10 күн.
3. Орнидазол 30 мг/кг күніне 5-10 күн.
4. Секнидазол 30 мг/кг күніне 5-10 күн.
5 нитрамидазолдармен немесе дегидроэмитинмен емдеу курсын аяқтағаннан кейін ішекте қалған амебаларды элиминациялау мақсатында амебацидтарды қолданады: этафамид 20 мг/кг күніне 2 рет 5-7 күн, паромицин 1000 мг/ күніне 2 рет 5-10 күн. Бауыр іріңдігінің (іріңқалтасының) сәтті химиотерапиясынан кейін қалдық қуыстар әдетте 2-4 айдан кейін жоғалып кетеді.