Ішкі өт жыланкөздері деп өт жолдарының көршілес іш қуысы мүшелері мен плевралды қуыспен арақатынасын айтады. Ішкі өт жыланкөздеріжиі өттас ауруының асқынуы болып табылады. Сирек жарақаттан, қабыну ауруларынан,ісіктік үдерістерден, асқазан мен он екі елі ішек жара ауруларынан кейін дамиды. Ішкі өт жыланкөздері бөлінеді: толық және толық емес. Толық жыланкөз кезінде бауыр өндірген өт асқазан ішек жолына түседі, ал толық емес жыланкөзде өт табиғи жолмен немесе жыланкөз тесігі арқылы түседі. Ішкі жыланкөздер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай ішкі жыланкөздер тек бір мүшемен байланысады, ал күрделі жыланкөздер – бірнеше мүшелермен байланысады.
Анатомиялық белгілері бойынша ішкі жыланкөздер билидигистивті (жиі кездесетін), билибилиарлы, билибронхиалды және т.б.деп бөлінеді. 60–-90% ішкі жыланкөздерді өттас ауыруы шақырады. Өттас ауруында, асқазан мен он екі елі ішек жара ауруында ұзақ уақытқа созылған қабыну үдерісі айналадағы тіндердің жабысуына алып келеді. Өт қапшығының жұқаруы, өт қап-шығында қысымның жоғарылауы, қабыну үдерісі фонында билиоди-гестивті жыланкөздер дамиды.
Екі мүше (мысалы, асқазан немесе он екі елі ішек) арасында түзілген жол арқылы өт тастары ішек жолынамиграцияланады. Майда және үлкен тастар ішекте жиналып, ішекөтімсіздігін тудыруы мүмкін. Жиі жыланкөздер өт қапшығының алдыңғы қабырғасында түзіледі.
Клиникалық көріністері. Ішкі жыланкөздердің клиникасы әртүрлі. Ең жарқын симптомы оң қабырға астының немесе эпигастрий аймағының ауру сезімі болады.Жыланкөз түзілген мезгілде ауырсыну күшейеді. Науқастың оң қабырға астында ауырлық сезімінің болуына шағымданады, пальпацияда ұлғайған өт қуығы анықталады. Жиі тоңу, дене қызуының жоғарылауы мен сарғаю анықталады.
Өт қабы – он екі ішектік, өт қабы – жіңішке ішектік жыланкөзі бар науқастардың іш қуысының жалпы шолу ретгенографиясында өт қуығы мен өт жолдарында бос ауа анықталады. Ауыз арқылыхолецистография және венаішілік холангиография жасаудың маңызы жоқ. Себебі, бұл науқастардың бауырының функциясы бұзылған. Қан анализінде лейкоцитарлы формуланың нейтрофилды ығысуы анықталады. Биохимиялық қан анализінде альбуминдер төмендейді, АлаТ, АсаТ деңгейі жоғарылайды, сілтілі фосфатаза көтеріледі.
Емі. Ішкі жыланкөздерде, олардың асқынуларында хирургиялық ем қолданылады.