Өт жолдарының өтімсіздігі

Hess (1961 ж.) мәліметі бойынша, ересек адамдардың 15-18%-ның өт жолдарында тас кездеседі. Халықтың ¼- бөлігінде 60 жастан жоғары адамдарда өт қуығында тастар болады. Хирургиялық стационарда іш қуысының созылмалы ауруларының ішінде өт тасы ауруы 1-орынды алады. Тек АҚШ-ң өзінде жылына 500 мың холецистэктомия жасалады.  Бұл ауруды ғалымдар «амандық ауруы» немесе «ғасыр ауруы» деп айтқан, майлы тағам ішуіне байланысты болғандықтан керекті. Бұл ауруға көбіне Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка тұрғындары жиі шалдығады, ал Азия, Орталық Африка елдерінде көп кездесе бермейді.

 

 

 

 

Этиология және патогенезі. Тас түзілудің патогенезінде негізгі 3 фактордың маңызы зор. Өттің холестеринмен артық қанығуы, нуклеацияның күшеюі және өт қапшығыныңжиырылуқажетінің төмендеуі. Қазірге дейін тас түзілудің нақты себебі анықталмаған. Тас түзілмей тұрып, өт тастарының құрамындағы холестерин және билирубин өтте коллоидты жағдайда болады. Егер осыжағдайда ұстап тұру механизмі бұзылса, тұнбалар түзіледі, нәтижесінде өттің концентрациясы жоғарылап тас түзеле бастайды.

Өттің коллоидты құрамының балансының бұзылуына – негізгі үш себеп алып келеді. Бұл зат алмасуының бұзылуы, өт шығару жолдары қабырғасының қабынуы және өттің іркілісі. Осы себептердің әрқайсысы жеке кездеспейді. Тек осы факторлардың өршуі тас түзілуге алып келеді.

Тұздар кристаллоидты түзілген ядроның айналасына жиналады. Бұл «ядро» өт қуығының қабырғасында полип тәрізді түзіліп, кейін көлемінің өсуіне байланысты, жекеленеді. Өт тастарын холестеринді (31%), пигментті (6%) және холестерин-пигменттік, яғни, жұмыртқа тәрізді (63%) болып бөлінеді. Көбінесе холестеринді тастар контрасттыланбайды. Өтте тас анықталған жағдайда өт қапшығының функциясы бірден бұзылады, ол өттен босамайды. Әрі оған инфекция қосылса, қабынады. Кіші тастар өт қуығынан жалпы өзекке, одан он екі елі ішекке өткеннен кейін ауру сезімі басылып, өт қапшығының функциясы қалпына келеді.

 

Клиникалық көріністері. Өт тас ауруы симптомсыз өтуі мүмкін. Өт-тас аурукезінде ауырсынудың сипаты ұстамалы болады, ол бірде басталып, оң қабырға астында орналасып, оң иық пен жауырынға таралады. Мұны «бауырлық» өттің ұстамасы деп атайды. Бауыр коликасы ауыру сезімінің күштілігімен ерекшеленеді және жүрек қағуы, жүрек аймағының қысылуы, пульстің аритмиясымен сипатталады. Ұстама емдәмді бұзғанда, майлы тағам қабылдағанда немесе ешқандай себепсіз ұстауы мүмкін. Ауру сезімі оң иыққа және оң жауырынға таралуы өт қуығының иннервациялайтын симпатикалық өріммен байланысты. Бауыр коликасы жиі құсумен сипатталады, сонымен қатар, ұстама кезінде іштің тікбұлшықетінің қатаюы және пальпация кезінде ауырсынуы анықталады. Қалыптыжағдайда өт қапшығы қолмен тексергенде анықталмайды. Ал оның анықталуы (Курвазье симптомы) өт жолдарындағы немесе холедохопанкретикалық аймақтың патологиясын сипаттайды.

Өт қапшығын пальпациялағанда, әсіресе, тыныс алғанда ауру сезімі Кер симптомы деп атайды. Оң жақ қабырға доғасын қолдың қырымен ұрғылағанда ауырсынуды Греков-Ортнер симптомы деп атайды. Кейде френикус-Георгиевский-Мюссий симптомы- мойынның оң жағында төс-бұғана-емізікшелі бұлшықеттің аяқтарының ортасын басқандағы (көкеттік нерв)ауру сезімі айқын болады. Өт қуығын пальпациялағанда, ішті үлкейтіп және де терең демалғанда пальпация жасаған қол өт қапшығына тиеді, сондағыауырсынуды Мэрфи симптомы деп атайды.Лепен симптомы оң жақ қабырға доғасын қолдың қырымен ұрғанда, әсіресе, тыныс алғанда ауыру сезімі пайда болады.

Өт жолдарының ауруларында15-30% жағдайда ұйқы безінің қабынуымен бірге жүреді (холецистопанкреатит). Терең пальпацияда құрсақ аортасының пульсациясының жоғалуы Воскресенский симптомы, ал сол жақ қабырға омыртқалық бұрыштың ауырсынуын Мео-Робсон симптомы деп атайды. Ауырсыну ұстамалары өздігінен немесе спазмолитикалық заттарды енгізгеннен кейін қайтады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!