Холецистэктомиядан кейінгі синдромның себептерінің бірі фиброзды-склероздық өзгерістер, олар 6-25% құрайды. Ол папиланың қуысын тарылтып, Одди сфинктерінің қозғалысының тектелуімен сипатталады. ҮДЕ–нің тыртықтық стенозы біріншілік (10%) және екіншілік деп бөлінеді. Біріншілік стеноз, жеке өт жолдарында қосарланған өзгеріссіз өтеді. Ол емізікше элементтерінің қабынуымен – дегенеративті өзгерісімен сипатталады. Гистологиялық зерттегенде – фиброматоз, Одди сфинктерінің бұлшықет қабатының атрофиясы және оның дәнекер тінденуі анықталады. Кейбір науқастарда біріншілік стеноз, туа пайда болады. Екіншілік стеноз, гепатопанкреатодуоденалды аймақтың патологиялық өзгерістері нәтижесінде дамиды. Сонымен қатар, холедохолитиаз кезінде конкрементті өт өзегі арқылы алғанда және бужбен тасты ішекке итеріп,папилланың зақымдалуына алып келеді.Жиі холангит, холестаз, созылмалы рецидивтеуші панкреатит және он екі еліішектің пиязшығы жарасы мендивертикулы кезінде ҮДЕ стенозы жиі болады.
Симптомдары. УДЗ патологиясының клиникалық көрінісі әртүрлі. Ол стеноздың дәрежесіне байланысты (папиллит, аденома, полип, тыртықтық стриктура, тас және т.б.), жиі ауырсыну ұстама тәрізді болады, аурулардың асқынуы сарғаю, панкреатит, холангит жиі болады. Қалдық литиаздың белгілері әсіресе, өте майда конгременттер болса, сарғаю және амилазурия болады. Ал, іріконкременттер біріншілік операциядан кейін кеш дамиды.
Ятрогенді ортақ түтікті зақымдау операциядан кейінгі жақын уақытта кезенді дренаждан көп өт шығуына әкеледі. Ал байқамай өттіңортақ түтігін байлау, 2–-3 тәулік ішінде аурудың сарғаю пайда болуына әкеліп асқындырады.
Диагностикасы. Нақты диагноз және обтурация деңгейін тек арнайы зерттеу тәсілдері арқылы анықтайды. Ультрадыбыстық зерттеу. Постхолецистэктомиялық пато-логиялық ультрадыбыстық белгісі болып бауырішілік және бауыр сыртылық өт өзектерінің кеңеюі болады.Эндоскопиялық зерттеу арқылы – (ФЭГДС) өңеш, асқазан, он екі елі ішектің ауруларын және ҮДЕ-нің жағдайын анықтайды. Толық мәліметті эндоскопиялық ретроградты панкреа-тохолангиография (ЭРПХГ) береді.
Он екі елі ішектің моторлы-эвакуаторлы функциясын дуоденография көмегімен анықтайды. Өте үлкентравмалық стриктурасында – жалпы өт өзегінің тері, бауыр арқылы холангиографиясын УДЗ, КТ, лапароскопия, ангиография бақылауымен жасайды.
Өт өзегін зондпен тексергенде, ҮДЕ-нің стенозының үш дәрежесін анықтайды. Бірінші дәрежесіндедиаметрі 3 мм зондқиындықпен өтеді, екінші дәрежесіндедиаметрі 3 мм зондон екі елі ішекке өтпейді, үшінші дәрежесінде ҮДЕ өтімсіздігі толық жабылады.
Емі. ҮДЕ-ніхирургиялық жолмен емдейді. Стеноздардың коррекцияға көнетін және көнбейтін түрлері бар. Орнына қайта келтіруші операцияларға эндоскопиялық ПСТ, трансдуоденалды папиллосфинктеропластика (ҮДЕ пластикасы) жатады. Алорнына қайта келтірілмейтін операцияға супра- және трансдуоденалды холедоходуоденоанастомоз салу жатады. Гепатохоледохтың шамалы кеңеюінде өт жолын екеулік ішкі дренаждауқолданылады (билидигистивті анастомоз+трансдуоденалды папиллосфинктеротомия).