Бронхиалды кисталар олар ұрықтың құрсақішілік дамуында қалыптасып,бронх эпителийінің дистопиялықаймағынан дамиды. Жіңішке қабырғалы, түссіз немесе қоңырқай сұйықтығы бар түзіліс. Киста ішінен цилиндрлік немесе кірпікшелі эпителиймен жабылған. Негізінен көлемі 10х8 см. Көбіне олар оң жақтакөкірекаралықтың жоғарғы бөлімінде орналасады. Көкірекаралықта жиі кеңірдекке және негізгі бронхқа жақын жатады, кеңірдек бифуркациясы артында.
Симптомы. Клиникалық көрінісі кистаның көлеміне және мүмкін болатын асқынулар: құрғақ жөтел, ентікпе кеуде торында ауру сезімі, стридорозды тынысқа байланысты. Өңештің қысылуында дисфагия болады.
Диагностикасы. Рентгенологияда кеңірдекке және негізгі бронхқа жалғасып тұрған шеттері айқын, тегіс дөңгелек көлеңке байқалады. КТ дөңгелек түзілісті төмен рентгендіктығыздықпен анықтайды. Кей жағдайдакиста тыныс алужолдарымен байланысады, олкезде рентгенограммада жоғарғы жағында сұйықтық және газ деңгейі байқалатын дөңгелеккөлеңке көрінеді.
Емі.Хирургиялық – кистаны кесу немесе эндоскопиялық алып тастау.