Көкірекаралық ісіктер және кисталар

Көкірек аралық ісіктерді катерлі және қатерсіз деп бөледі. Көкірек аралық жаңа түзілістердің 80%-қатерсіз, 20%-қатерлі. Көкірекаралық ісіктерді — біріншілік және — екіншілік деп те бөледі.  Біріншілік топқа туа пайда болған немесе жүре пайда қатерлі немесе қатерсіз ісіктер жатады. Екіншілік ісіктер болыпкеуде және құрсақ қуысы ағзаларының ісіктерінің метастазы табылады. Біріншілік ісіктер нерв, дәнекер, лимфоидты тіндерден, эмбриогенез үдерісінде көкірекаралықта дистопирленген тіндерден, сонымен қатар, айырша безден бастау алуы мүмкін.

Көкірекаралық ісіктер және кисталарКөкірекаралық ісіктер және кисталар

 

 

 

 

 

 

Клиникалық практикада 1938 жылы Твайнингтің көкірекаралықты екі горизонталды (өкпе түбірінен жоғары және төмен) және екі вертикалды (өкпе түбірінің алдында және артында) жазықтықтармен бөлу схемасы ең ыңғайлы ұсыныс болды. Осылайша, көкірекаралық үш бөлімге бөлінді: алдыңғы, ортаңғы, артқы және үш қабат: жоғарғы, ортаңғы, төменгі.

 

Көкірекішілік струмдар жиі жоғарғы-алдыңғы, тимомалар –- ортаңғы-алдыңғы, перикард кисталары – төменгі-алдыңғы, нейрогенді ісіктер — артқы көкірекаралықтың барлық бөлімдерінде орналасқан және т.б.

1топ -неврогенді ісіктер: гемангионевромалар, симпато-гониомалар, феохромоцитомалар, невриномалар, нейро-фибромалар және нейрогенді саркомалар.

2топ -мезенхималық жаңа түзілістер: фибромалар және фибросаркомалар,хондромалар, остеохондромалар, остеоблас-томалар. Май тінінің ісіктері — липома және липосаркомалар, мезенхиомалар, гиберномалар. Тамырлық ісіктер-гемангиомалар, лимфоангиомалар, ангиосаркомалар, гломусты артерио-веналық анастомоздан; ангиолеймиомалар-артерияның тегіс бұлшықетінен, гемангиопериситомалар– перициттерден. Бұлшық еттік ісіктер- леймиомалар, рабдомиомалар және рабдомиосаркомалар.

3топ – айырша без ісіктері: қатерлі және қатерсіз тимомалар.

4 топ – ретикулярлы тіндер ісіктері: лимфосаркомалар, лимфогранулематоз,ретикулосаркома.

5 топ – көкірекаралық ағысқан тіндердің ісіктері –медиастиналды зоб.

Төсарты сүңуші зобы, медиастиналды семинома.

6 топ — тератоидты ісіктер: тератомалар (дермоидтар).

Көкірекаралық жаңа түзілістердің анатомиялық орналасуы:

  • Жоғарғы көкірекаралық: тимомалар,төсарты зобы, лимфомалар.
  • Алдыңғы көкірекаралық: тимомалар, мезенхималық ісіктер, лимфомалар, тератомалар.
  • Ортаңғы көкірекаралық: перикард кисталары,бронхогенді кисталар, лимфомалар.
  • Төменгі көкірекаралық: неврогенді ісіктер, энтерогенді кисталар.

 

Клиникалық көріністері. Қатерсіз ісіктер ұзақ уақытсимптомсыз дамиды және науқас зерттеулерден өткенде немесе көрші ағзалардың қысымынан кездейсоқ табылады. Барлық көкірекаралық ісіктердің клиникалық ағымында 2 негізгісиндромдар: компрес-сиялық және нейроэндокринді синдромдар болады. Компрессияның түрі және сатысы ісіктің орналасуына (алдыңғы және артқы көкірекаралық т.б.) және оның көлеміне байланысты болады. Компрессиялық ағзалардың (жүрек, кеңірдек, бронх немесе өңеш) ығысуы және сығылуы, тамырлардың (жоғарғы қуыс вена, аорта доғасы, иық-бас бағаны, кеуде лимфа өзегі) сығылуы, неврогенді (кезбе нерві және оның бұтақтары, көкеттік нерв, симпатикалық бағана) сығылулар. Ісікпен жүректің сығылуы кезінде төс артындағы қысымды сезінеді. Жүрек аймағында ауру сезімі, жүрек соғуы, жүрек ырғағының бұзылуы және ентікпе. Кеңірдек пен ірі бронхтың сығылуы ентікпемен, жөтелмен, тыныс алудың қиындауымен (стридор) жалғасады. Жоғарғы қуыс веналардың қысылуы беттің, сонымен бірге, кеуденің жоғарғы жартысының ісінуімен және цианозыменкөрінеді. Нервтік түзілістердің қысылуы әртүрлі ауру сезімімен, гипо- және гиперестезиямен, вегетативті бұзылыстармен қосарланады. Үдеріске қайталамалы нервтің қосылуы, дауыстың қарлығуымен көрініс береді. Омыртқааралық тесік арқылы жұлынға енетін көкірек аралықтың артқы ісіктері аяқ-қолдың парезімен параличтерін, құрсақ қуысы ағзалардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Қатерлі ісіктердің симптомсыз кезеңі қысқа және өсуі тез. Сондықтан өмірлік маңызды ағзаларды ығыстырады. 40-45% науқастар дәрігерге келгенде метастаздар анықталады. Көкірекаралықтың карциноидты ісіктері АКТГ гормонын бөліп, Кушинг синдромының дамуына әкеледі. Неврогенді ісіктер (ганглионеврома, нейробластома), норадреналин, адреналин түзіп, феохромоцитома ауруындағыдай гипертензия эпизодтарымен өтеді. Тимома кезінде кейде миастения, иммунитет тапшылық жағдайлар сияқты аутоиммунды аурулар кездеседі.

 

Көкірекаралық ісіктердің диагностикасында қөп проекциялық рентгенологиялық зерттеулер: томография, флюорография, рентгеноскопия қолданылады. Компьютерлік және магниттік-резонансты томография ісіктің орналасқан орнын, оның жанындағы ағзалармен байланысып, тығыздығын өлшеуге мүмкіндік береді.

Ангиографияны жүрек және ірі тамырлардың аневризмасын анықтау үшін қолданылады.Ісікті морфологиялық зерттеу үшін КТ бақылаумен тері арқылы биопсия жасайды,сонымен қатар, конвекстікдатчик арқылы УДЗ жасалынады. Кейбір жағдайда пневмо-медиастинография жасалады. Көрсеткіштер бойынша (бронхтардың және өңештің қысылуы). Бронхоскопия және эзофагоскопия, сонымен қатар, торакоскопия және медиастиноскопия қолданылады.  Медиастиноскопия – бұл алдыңғы көкірекаралық және бифуркациялық лимфа түйіндерін оптикалық жүйе арқылы қарап тексеру.  Бұл әдіс құралмен биопсиялық каналынан биопсия алуға мүмкіндік береді.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 11 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014