Порталды гипертензия – қанайналым бұзылысы салдарынан порталды қысымының көтерілуімен сипатталатын синдром. Онда спленомегалия, өңеш, асқазан веналарының варикозды кеңеюі, асцит, болуы, өңештің веналарының варикозды кеңеюінен және тік ішектің кавернозды денешіктерінен қан кетуімен асқынуы болады.
Бауырдың қан айналым жүйесінде екі әкелгіш қан тамыр маңызды қызмет атқарады.
- v. Portae (қақпа венасы) – венадан бауырдың жалпы қан көлемінің 70-80%-ын құрайды.
- a. Hepaticae propriae (бауырдың меншікті артериясы) –жалпы өтетін қанның 20-30% -ын алып келеді.
Қақпа венасы ұйқы безі басының артында екі, үш немесе төрт веналық сабаудан (ствол) құралады. Вена жоғары және оңға көтеріліп, бауыр-ұлтабар жалғамасы іш пердесінің екі аралығында орналасады. Қақпа венасыныңалдында бауыр артериясы және жалпы өт өзегі өтеді. Артерия сол жағында, ал өт өзегі венаның оң жағында орналасқан. Кейбір жеке жағдайларда олардың орналасу тәртібі әр түрлі болуы мүмкін. Қақпа венасы 1-2 бел омыртқа аралығының тұсында басталады.Бауыр қақпасы алдында ол екіге, кейде үшке бөлініп, оң және сол жақ бауыр бөлігіне барады. Қақпа венасының диаметрі 1,5-1,8 см, ал қанайналымы бұзылғанда ол 2,5-3 см дейін кеңиді. Қақпа венасының ұзындығы 2,8 см-ден 12 см дейін.
Қақпа венасын құрастыратын веналыққ сабаулардың қосылуының (В.Н.Тонков) үш түрі бар.
- 1-түрі –төменгі шажырқай венасы мен көк бауыр венасы қосылып бір сабақ құрап, кейін оған жоғарғы шажырқай венасы қосылады (60%).
- 2-түрі-әуелі төменгі және жоғарғы шажырқай веналары, содан кейін көк бауыр венасы қосылады (33%).
- 3-түрі – екі шажырқай және көк бауыр веналары бір жерде қосылады.
В.И.Валькер төртінші түрін бөліп шығарады. Оның айтуынша, қақпа венасы төртеуден – жоғарғы және төменгі шажырқай, көк бауыр және асқазан веналары қосылуынан құралады.
Сондай-ақ, қосымша қақпа венасы болатыны анықталды. Ол қанды бауырға әкеледі. Оны гепатопеталды жалғау деп атайды. Ал гепатофугалды жалғаулар қанды бауырға соқтырмай алып кетеді. Қақпа венасы жүйесінің қан жолында екі капиллярлық тор бар. Біріншісі – ас қорытатын ағзалардың қабырғасында орналасып, олардың зат (секрет) бөлуі мен қозғалысын қамтамасыз етіп, ас қорытылғаннан кейін пайда болған заттарды қақпа венасына, одан кейін бауырға апарады. Оған көк бауыр капиллярлары да қатысып, бауыр қан айналысында ерекше орын алады.
Екінші капиллярлар торы бауырдың өзінде болады. Олар бауырдың сыртқа шығару жұмысын реттеп отырады. Жоғарыда аталған екі тамыр (қақпа венасы және бауырдың меншікті артериясы -a. нepaticae propriae)бауырда жалпы капиллярлық торға дейін тармақталады. Онда артериялардың тармақталуы нәтижесіндекапиллярлар пайда болады, ал капиллярларпорталды жүйеде синусоидалды капиллярларменбайланысады. Бұл капиллярларv. Centrali-ке ашылады. Одан жиналған веналар арқылы қан басты венаға құяды. Бауырдың веналық бағанасы төменгі қуысты венаға ашылады.
Артериялық жүйенің прекапиллярлы бөлімінің қысымы 110-120 мм с.б.б., ал венуларда 5-10 мм с. б.б. Бұл үлкен айырмашылық артериялық қан ағымының үдеуіне алып келуі керек еді, бірақ арнайы сфинктерарқылы тоқталады. Олар қысымды тұрақты ұстап тұрып, қанның төменгі қуыс венаға тұрақты түсіп тұруын қамтамасыз етеді.
Сфинктер негізгі қызмет атқарады:
- Пинкмаутер сфинктері. Бұл кіретін сфинктер бөліктер және синусоид шекарасында орналасқан.
- Артерияның қабырғасында орналасқан бұлшықеттік тығыз-далған сфинктер. Ол артерияның бауырлық бөлікке ашылған жерде орналасқан.
- Синусоидтан орталық венаға кірген жердегі сфинктер.
Осылайша, артериялардың жолында редуктор қызметін атқаратын, артериялық кысымды төмендетіп, ондағы қысымды веналыққ қысымға дейін төмендететін, адекватты қан ағымын қамтамасыз ететін үш бөгет бар.
Бауыр паренхимасының синусоидалды капиллярларында, бауырдың өзіндік артерия жүйісіндегі артериялық қан мен порталды қан бір- бірімен араласады. Синусоидалды капиллярлардың мембранасына гепатоциттер жақын орналасқан. Осы жерден өтетін қан мен бауыр жасушалары арасында негізгі зат алмасу үдерістері өтеді. Бауырдың қанға толуы және синусоидалды капиллярмен қан ағуы кіретін және шығатын сфинктермен реттеліп отырады.
Кіретін сфинктерлер – артериолаларда және порталды венулалық синусоидтарғакіретін жерінде орналасады, ал шығатын сфинктерлер синусоидтыкапиллярдың орталық венаға және орталық венаның бөлік аралық венаға өтетін жерлерінде орналасқан.Олардың координациялық жиырылуы, бауырішілік артериолалардың бұлшық- етті қабатының жиырылуы, бауырішілік қан айналымының, асқорыту түйінінің мүшелерінің функционалды белсенділігін бейімдеп отыруын қамтамасыз етеді.
Бауырлық гемодинамика – артериялық, порталды жүйенің, және бауырлық жүйенің және қуысты веналық қысымдардың градиентіне байланысты.
Қалыпты жағдайда қақпа венасындағы қысым 50-115 мм су.б.б. (5-10 мм с.б.б), бауыр венасы мен төменгі қуысты венада 2-5 мм с.б.б., ал бауырдың өзіндік артериясындағы қысым 120 мм с.б.б. шамасында болады. Қан қысымының мұндай айырмашылығы бауырлық перфузияны қамтамасыз етеді. Қақпа венасындағы қан ағысының орташа жылдамдығы 15 с/сек. Порталды гипертензия кезінде, қақпа венасындағы қысым 600 мм су б.б. және одан жоғары жоғары болуы мүмкін, ал ережеде (қ.ж. 50-115 су б.б.).
Бөгеттердің қан ағымына ұзақ кедергі болуы, қақпа венасындағы қысымды жоғарылатып, жиі 200-400 мм су.б.б. порталдықанайналымының сипатының бұзылуына алып келеді. Ондағы қысымды төмендету үшін, жүйеден портоковалды анастомоздар арқылы қан жүргізеді.
Коллатералды қан айналымының негізгі жолдарына жатады:
- Асқазанның кардиалды және өңештің абдоминалды бөлігіндеорналасқан анастомоздар. Одан шыққан қан қақпа венасынан тәждік жәнеасқазанның басқа веналары өңештің төменгі бөлігінің веналары жұпсыз, жартылай жұпсыз (қос, қосемес) веналар арқылы жоғарғы қуысты венаға түседі;
- Тік ішектің дисталды бөлімі. Тік ішек венасының (төменгі қуысты вена жүйесі) жоғарғы (қақпа вена жүйесі), ортаңғы және төменгі бөлімдерінің арасындағы анастомоздар;
- Құрсақ алдыңғы қабырға аймағы. Кіндік аймағы және кіндік венасы арасындағы анастомоздар. Қан қақпа венасы, кіндік венасы арқылы алдыңғы құрсақ қабырғасының венасына түседі. Одан төменгі және жоғарғы қуыс веналарға түседі;
- Асқазан-ішек жолдарының веналарының және жоғарылаған ішастарлық және медиастиналды веналар арасындағы анастомоздар.
Ғалымдардың айтуы бойынша порталды гипертензия синдромының дамуына порталды жүйенің кезкелген деңгейінде тұрақты артерио-веналық шунттың түзілуі себеп болуы мүмкін (артерио-веналық фистула, көкбауырлық артерио-веналық фистула, көкбауыр аурулары).