Токсико-аллергиялық кератит – бұл симптомда, синдром де емес,бұл- диагноз. Бұл кератит түрі – туберкулезді интоксикацияны басынан өткергендерде пайда болады. Ерекшелігі ағзада Кох таякшасы анықталмайды, ПИК және Манту пробалары оң, ағзада жоғары сенсабилизацияны көрсетеді. Бұл кератат балаларда кездесіп, ауыр түрде өтеді, сирек жас адамдарда. Мұздағанда, ОРВИ, грипп, ішек құрттарының инвазиясы болғанда туындайды.
Балаларда шошқа тәрізді түрі (скрофулезді), кысқа мойын, беттік гиперстения, Диатез көрінісі, басқа да токсикоз көрінісімен сипатталады. Бұл кератиттің симптомы фликен түрінде ,яғни қатпар түрінде қантамырлармен қоса кездеседі: фасцикулярлық не қыдырма кератитке инфильтраттық лимб жанында п.б. тән. Инфильтрат қасаң қабық бетімен біртіндеп жылжи береді. Оның шеткі жағы тығыздалады, ол жерге беткейлік қан тамырлар өсіп жетіледі, ал орталыққа қараған жері іркілдек, орақ тәрізді, қасаң қабық бетінен шамалы көтеріліп тұрады. Инфильтрат осының есебінен жылжи береді де оның ізінен комета құйрығы тәрізді қан тамырлар түзіледі. Инфильтраттың басының жылжуы тек қарама қарсы лимбке жеткенде тоқталады. Көз көруі нашарлап, мүлде көрмеуге әкелет. Ауру узактығы 2ай. Асқынумен, қайталануы мүмкін, тек көздегі өзгерістер ғана емес, шырышты қабат, жүйке жүйесіне де әсер етеді.
Емі: алғашқы көмек-жергілікті ем, қасаң қабық қабынуындай және қосымша + аллергияға қарсы заттар қолданады, (хлорид кальция, глюконат кальция, супрастин, димедрол, тавегил). Қоздырғышы бактерия болмаса да (стрептомицин, тубазид, фтивазид) тағайындайды.