Нәрестенің дакриоциститі ол жас мұрын өзнгінің төменгі ұшының бітелуі салдарынан пайда болады. Ана құрсағындағы өсу кезеңінде сол жер жұқа мембранамен жабылған, ал баланың туу мезгіліне жақын ол ашылады. Егер мембрана жойылып кетпесе жас қалташасының ішіндегілері төменгі мұрын қуысына шыға алмай іркіліп қалады да оған инфекция еніп дакриоцистит пайда болады.
Ең басты белгісі жас қалташасының үстінен басқанда жас тесіктерінен қоймалжың немесе ірің шығады. Оның клиникалық белгілері конъюктивиттерге ұқсас (екі көзден немесе бір көзден аз мөлшерде кілегейлі бөліністер бөлінеді,көз саңылауында жас тұр, конъюнктиваның қызаруы).Жас қалтасы маңындағы ісік айқын көрінбейді,бірақ дакриоциститтің негізгі белгісі жас қалтасын басқанда ,жас нүктесінен іріңді бөліністің бөлінуі.
Емінде жас қалташасын массаж жасаудан бастау керек. Массажды көз саңылауынан ішкі бұрыш маңын жоғарыдан төмен қарай байқап басу арқылы жүзеге асырылады. Асептикалық тамшы дәрілерді 20% сульфанил натрий ерітіндісі қолданылады. Жас қалтасына жабындыны жару мақсатымен массаж жасау 1-2 жұма, альбуцид немесе антибиотиктер ерітіндісін жиі тамызу;тиімді болса ем– жас жолдарын қысыммен антисептиктер ерітіндісімен жуу;нәтиже болмаса –жас қалтасына жас өзектеріне зод енгізу (жабындыны жырту үшін). Дакриоциститтің асқынуы – жас қалтасының флегмонасы,оның тесілуі, көз ұясының веналарының тромбозы және көз ұясының,ұңгірлі синустың флегмонасы,іріңді менингиттер;наукастың өлімі