Галактоцеле (сүт безінің кистасы)

Жедел маститпен ауырған әйелдердің лактация кезеңінде жиі кездеседі. Маститпен ауырғаннан кейін, сүт жолдарында тыртықты өзгерістер дамиды да, олардың біреуінің облитерациясы және безді тіннің аймағының ашылуы, соның нәтижесінде айқын флюктуациясы бар, шектелген киста тәрізді ісік дамиды. Кейде сүт бездерінің кистасы емшекпен емізуді тоқтатқаннан кейін немесе лактация біткенненкейін 8-10 айдан соң дамиды. Өзектердегі сүттің ұйып қалуы, кистаның дамуында маңызды рөл атқарады.Киста жиі бездің ортасында немесе емізіктің астында орналасады. Сүт бездерінің кистасы бірнешеөлшемге дейін ұлғаюы мүмкін. Кистаның камерасында толған сүт ұйып, эпителий мен араласып, .түсті шырышқа айналады. Аспирация жасағанда кистадан қою кілегей тәрізді жасыл түсті немесе қоңыр түсті іріңге ұқсайтын сұйықтық шығады.Себінді стерилды.

Клиникалық көріністері. Без тінінің қалыңдаған жерінде дөңгелек формалы, беті тегіс, әртүрлі көлеміндегі толқындаушы ісік анықталады. Бездің өлшемі ұлғайған, тері жамылғылары мен емізігі өзгермеген. Аурудың алғашқы сатысында пальпация жүргізгенде ауру сезімді болуы мүмкін.

Емі консервативті. Киста құрамындағы сұйықтықты шығара алмаған жағдайда операциялық ем тағайындалады. Жергілікті анестезия жасау немесе жалпы наркоз беру арқылы киста экстирпациясын жасайды. Рецидивті (қайталаныс) болдырмас үшін, кистакемерімен қосылатын өзектерді кетгутпен тігу керек.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!