Сүт безінің ісіктері

Фиброаденома – сүт безінің жиі кездесетін қатерсіз ісігі болып табылады. Құрылымы бойынша мастопатияның түйінді түріне жақын және соңғысынан айқын шектелумен және жиі кездесетін солитарлы типті зақымданумен ерекшеленеді. 15–35 жас аралығында жалғыз түйін түрде жиі кездеседі. Мастопатия сияқты фиброаденомалардың да дамуы кезінде дисгормоналды бұзылыстар жатыр.

Патологиялық анатомиясы. Фиброаденома дәнекер тінді капсуласы бар, шектелген ісік болып табылады. Ісіктің консистенциясы тығыз, кесіп қарағанда, беті тегіс пролиферациялық эпителийлік элементтерден және дәнекер тінінен тұрады. Бездің үстінде дәнекер тіннің элементтері басым. Егер бездің тіні аса дамыған болса, онда фиброаденома миксоматозды сипатына ие болады. Сонымен қатар, интраканаликулярлы фиброаденоманы да ажыратады. Ісіктің өлшемдері кішкентайдан – гигант тәріздіге дейін болады.

    Симптом. Фиброаденома 20-25 жас аралығындағы жас әйелдерде 80%-да кездеседі; 10%-да ювенилды, етеккіралды кезеңде және 10% – климактериялық кезеңде кездеседі. Ісіктің түрі дөңгелек, шеттері анық, беті тегіс, жанындағы тіндермен жабыспаған. Пальпацияда беті тегіс, тығыз, жеңіл, жылжымалы, терімен жабыспаған, ауру сезімсіз. Нақ осы клиникалық көрініс тәжірибеге «жүзу» симптомын енгізуге негіз болды. Көлемі 0,5-5-6 см-ге дейін,түрі сопақ-дөңгелек. Лимфалық регионарлы аппараты өзгермеген.Науқастарды жатқызып зерттегенде, фиброаденома жайылмайды (Кениг симптомы оң). Кей жағдайларда бездің бір немесе бірнеше квадрантын алып, теріден түйін түрінде шығып, өлшемдері ұлғайып тез өседі. Пальпацияланбайтын фиброаденомаларды диагностикалау қиынға соқтырады. Осы жағдайларда маммография нәтижелі әдіс болып табылады.

 

УДЗ көмегімен құрылымдарды (фиброаденомасы)немесе киста қуысын анықтауға және ажырату диагностикасын жүргізуге көмектеседі. Маммографияда шеттері анық, дөңгелек көлеңке көрінеді. Гистологияда атипиясыз жасушалар мен эпителий пролиферациясының әртүрлі сатылары көрінеді.

Емі. Хирургиялық. Ісікті капсуласымен бірге жанындағы сүт безі тінінің шамалы аймағын алып тастайды. Жарақат тереңдігіне тігіс салмайды. Көптеген фиброадено-матоз кезінде, бір немесе бірнеше айқын түйіндерді кесіп алып тас-тау қажет. Алынған ісікті гистологияға жібереді. Мүмкіндігінше операция бөлімшесінде, жедел түрде ісіктің гистологиялыққұрамын анықтапайту керек. («экспресс-биопсия»). Обырға айналуы 0,5-1%-дан аспайды.

 

Аденома – сүт бездерінің аденомасы сирек кездеседі. Сүт бездерінің аденомасында, безді эпителийдің өсуібасым болғандықтан, құрылымы кедей болады. Ісіктер түрі дөңгелек, тығыз болады, оларды фиброаденомалардан ажырату өте қиын. Бірақ аденоманың жиектері онша айқын емес және консистенциясыжұмсақ болады.  Макропрепараттың гистологиялық зерттеуінен кейін ғана диагнозды дәл қоюға болады.

 

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!