Альвекоккоз – көп камералы, немесе альвеолярлы эхинококкозEchnococcus multilocularisличинкасымен шақырылған тернииндоз тобына жататын гельминтоз. Ол бауырда паразитарлы түйіндердің түзілуімен сипатталады. Басқа мүшелердің зақымдалуы сирек кездеседі, бірақ альвеококкозға құрсақарты талшықтың лимфа түйіндеріне өкпе және миға метастаздануы тән. Альвеококкоздың личинкалы түрі тығыз, майда бұдырлы ісік тәрізді, майда көпіршікті конгломераттан тұрады.Кесіндіде майда тесікті сірнегеұқсайды. Альвекоккты түйін өнімді – некротикалық қабынудың ошағы болып табылады. Некроз ошағы айналасында грануляциялықошақ түзіледі. Паразитарлық түйіннің үлкеюіне байланысты,ойық ортасының қан айналымы нашарлайды, нәтижесінде көпіршіктердің өліеттенуі болады.Қуыс пайда болады, ол бұлыңғыр сұйқтықпен, секвестрмен және детритке толы. Паразитарлық қуыстың құрамы стерилді. Түйіннің шеткі бөлігі паразиттіңактивті көбейгіш көпіршіктерден тұрады. Деструктивті үдерісс кезінде, қуыс қабырғасы жұқарады, жарылады. Альвеококкоз кезінде паразитарлық түйін домалақ, сұр түсті, 4–5см-ден 10–12 см-ге дейін, темір тәрізді тығыз болады. Ісікинфильтративті өседі және көпіршіктер эндогенді көбейеді.
Жиі Жапонияда, Германияда, Францияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде (Батыс, Шығыс Сібір, Татарстан) және т.б. кездеседі. Ленталы гельминт жыныстық жетілу сатысын иттің, мысық, түлкі және қасқырдың жіңішке ішегінде өткізеді. Адам альвекоккозбен қасқыр мен түлкінің терісін сыпырғандажұқтырады. Личинка сатысында олэнтералды жолмен адам ағзасына түседі.
Альвеококк жұмыртқаларықоршаған ортағатөзгіш келеді, жиішөпте, жеміс-жидектерде, суда ұзақсақталады. Личинка диаметрі 300 мкм-нен 3–-5 мм., көптеген көпіршіктерден тұрады. Көпіршік ішкі (ұрықтық) және сыртқы (хитинді) қабатынан тұрады. Асқазан-ішек жолына түскеннен кейін онкосфералар асқазан сөлі әсерінен хитинді қабаты еріп кетедіде, ішектің венасы арқылы қанға сіңіп, қақпа венасына түседі. Личинканың диаметрі бауырдың капиллярының диаметрінен үлкен болады, нәтижесінде ұсталынып, көбінесе бауырда қалады.
Ауру тығыз ісік тәрізді, көптегенкөпіршіктерден тұратын паразитпен сипатталады. Әр көпіршік хитинді және ұрықты қабатынан және сұйықтықтан тұрады.
Симптомы. Альвеококкоздың клиникалық ағымының вариант-тары, жергілікті және жалпы симптомдарының айқындылық дәрежесі патологиялық үдерістің дамусатысына байланысты.
Алғашқы жылы альвеококкоз сиптомсыз өтеді. Аурудың біріншібелгісі бауырдың ұлғаюы, оң қабырға астының ауырлық сезімінің болуы.Егер түйін бауырдың сол бөлігіндеорналасса,эпигастрий аймағында ауырсыну болады.
Б.И.Альперович 1967ж. Альвеококкоздың клиникалық жіктелуін ұсынған, ол үш кезеңнен тұрады: симптомсыз, асқынбаған және асқынған ағымы.
Симптомсыз ағымы кезінде, ісіктің көлемі үлкен емес, науқастар шығынданбайды, тек науқаста кездейсоқ анықталады.
Асқынбаған ағымды кезеңі. Ісіктің көлемінің өсуіне байланысты оң қабырға астында ауырсыну пайда болады. Пальпацияда оң қабырға астында түйін анықталады. Науқастарда жиі аллергиялық симптомдар болады:есекжем, тері қышынады.Асқынбаған кезеңі бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Асқынған ағымды кезеңі. Альвеококктың инфильтративті өсуі анықталады, көрші мүшелерге метастазданады. Ісікпен бауыр қақпасының қысылуы механикалық сарғаюға алып келеді, порталды гипертензия (асцит, спленомегалия) дамиды. Сарғаю бозғылт, қоңыр түсті болады, сондықтан да оны «қара сарғаю» деп атаған. Бауыр ұлғайған, тас тәрізді түйін анықталады. Ісіктің миғаметастаздануы бас ауруына, ал өкпеде жөтел және қан қақыруменсипатталады.
Паразитарлық ісіктің плевра және құрсақ қуысына жарылуы қатты ауырсынумен,дене қызуының көтерілуімен және іріңді плеврит немесе іріңді перитонит дамуымен сипатталады.
Өкпе метастазданғанда,науқастарда кеуденің ауырсынуы, ентігу, қан аралас қақырықтыжөтел мазалайды. Ал, миға метастазданғанда науқастар бас ауруына, бас айналуына, ұйқының бұзылуына,эпилептикалық ұстамалардың болуына шағымданады.
Альвеококкоз нәтижесінде дамыған порталды гипертензияның ең қатерлі симптомы, асқазан мен өңештен қан кету. Ол көп мөлшерлі қан аралас құсумен жәнемеленамен сипатталады.
Альвеококкоздық түйіннің ыдырауы ісіктің ортасында секвестрлену болады, нәтижесінде кавернатүзіледі. Сонымен қатар, каверна тесіліп, құрсақ қуысына жарылуы мүмкін.
Диагностикасы. Диагностикасын қоюқиын. Ауру жиі мына диагнозбен өтеді: гипертрофиялық цирроз немесе бауыр қатерлі ісігі. Ең маңызды белгісі, диагностикалықмаңызы зор, ол бауыр паренхимасына бітісіп өскен, бұдырлы без тәрізді тығыздықты ісік тәрізді түзілім. Перкуссияда жәнерентгенологиялық зерттегенде, көкеттің күмбезі биік тұрады.
Лапароскопия гистологиялықзерттеуге бауырдан тін алуғакөмектеседі. Лапароскопия мен гастродуденоскопияның қосарлануы әр тәсілдің информативтілігін жоғарылатады. Дуоденоскопия асқазан мен он екі елі ішектің кілегей қабатының жағдайын анықтайды. Дуоденоскопиямен бірге ретроградты панкреатохолангиографияны жүргізеді, ол гепатикохоледохтың жағдайын анықтайды. Үлкендиагностикалық маңызы бар, ол антеградты тері арқылы, бауыр арқылы холангиография (ЧЧХГ), әсіресе, өтжолдарының жоғары өтімсіздігі кезінде.
Зертханалық зерттеу тәсілі клиникалық мәліметін толықтыра түседі. Альвеококкоз кезіндеулы өнімдердің организмге әсер етуі нәтижесінде анемия дамиды. Барлық науқастарда ЭТЖ жоғарылаған, эозинофилия – аллергиялық реакцияның айқындылығын көрсетеді. Лимфопения аурудыңасқынған формаларында (түрлерінде) болады. Бауырдың функционалды сынамалары (Таката-ара, формолды және сулемалы) альвеококкоздың ерте кезеңдерінде өзгермейді, ал кеш сатыларында оң мәнді болады.
Диагностикада Каццонидің иммунологиялық реакциясы мен латекс – агглютинацияның маңызы зор. Эхинококкты антигенмен латекс-аглютинация 90% науқастарда оң мәнді болады. Диагнозды дәлелдеу үшін, түзілімді пункциялау көмектеседі. Бауырдың УДЗ және КТ ісіктің көлемін, тығыздығын, орналасуын, бауырдың зақымдану дәрежесін көрсетеді.
Емі. Хирургиялық бөлімшеге механикалық сарғаюмен асқынған альвеококкозбентүскен науқастарға интоксикацияны жою, бауыр жетіспеушілігінің алдын алу үшін, гемокоагуляциялық бұзылыстарды коррекциялаумен айналысады. Консервативті ем жүргізіледі:антибактериалды, дезинтосикациялық, аналгетиктер, жүрек-тамыр, өкпе жұмысын жақсартатын заттар, парентералды тамақтандыру. Бауыр жетіспеушілігінің алдын алу үшін 5% глюкоза ерітіндісін, глутамин қышқылын, манитол, В,С тобы витаминдерін, никотин қышқылын, эуфиллин ерітіндісін береді. Өт жолдарының медикаментозды декомпрессиясы мақсатындаспазмолитиктер, қабынуға қарсы препараттар беріледі. Ол өт жолдарының кілегей қабатының ісінуін басып, өт ағымын жақсартады.
Оперативті емі. Егер альвеолярлы эхинококк көлемі үлкен емес болса ерте кезінде – бауыр резекциясыжасалады. Жиі асқынып келген ауруларға паллиативті операция қолданылады. Үлкен түйіндерді алып тастайды, паразитке қарсы дәрілер, криодеструкция азотпен жасалынады. Жергілікті (ісікке флафокридин препаратын енгізеді) және жалпыхимиотерапия (мебендазол, альбендозол) жүргізеді. Ол өмір ұзақтығын ұзартады. Операциядан кейінгі леталділік (өлім-жітімділік) 5%-ды құрайды.