Бауырдан тыс өт өзектерінің созылмалы сыртқы жыланкөздері

Өт жолдарының өтімсіздігі хирургиялық шаракезінде қалпына келтірілмесе, өттің сыртқы жыланкөздері түзілуі мүмкін. Сыртқы созылмалы өттік жыланкөздер ерін тәрізді және өзек тәріздіболады. Ерінтәрізді жыланкөздер сирек кездеседі, ол өт қуығының жыланкөздеріне жатады. Бауырдан тыс өт жолдарының жыланкөздері өзек тәрізді болады, ол дәнекер тінді өзектен жәнесыртқа ашылған тесіктен тұрады. Ал ерін тәрізді жыланкөзде олар болмайды. Сыртқы жыланкөздер толық және толық емес деп бөлінеді. Толық жыланкөздерде өт жыланкөз жолыарқылы сыртқа бөлінеді, ол толық еместе өттің жартысы сыртқа, ал қалғаны табиғи жолы арқылы ішеккебосанады.

 

Бауырдан тыс өт өзектерінің созылмалы сыртқы жыланкөздері

Толық және толық емес жыланкөздер уақытша жабылып, қайта жаңарып ашылады, мұндай жыланкөздерді рецидивтеуші деп атайды.

Сыртқы жыланкөздерді ерікті немесе спонтанды, травманыңжәне операциядан кейінгі деп бөлінеді. Ерікті немесе спонтанды түрі өте сирек кездеседі, олар өт қапшығы мен бауырдан тыс өт жолдарының қабырғасындағы патологиялық үдерістер нәтижесінде дамиды. Операциядан кейінгі жыланкөздер емдік мақсатта жасалған жыланкөзге жатады.

Бауырдан тыс өт өзектерінің созылмалы сыртқы жыланкөздері

Сыртқы жыланкөздер клиникада өттің сыртқа бөлінуімен, холангитпен, тоңу, лихорадка (қызба) және анемизация, т.б. белгілермен көрініс береді. Кейде ауырсыну синдромы болады. Сирек өт толығымен жыланкөз арқылы сыртқа ағып кеткенде ахолия болады.

Сыртқы жыланкөздер ауыр патологиялық жағдай ретінде оперативтіемді қажет етеді. Өт жыланкөздері бауыр циррозы, өттің толық сыртқа ағып кеткенде, ауыр заталмасу бұзылысын тудырады.

Диагностика. Сыртқы өт жолдары жыланкөздің диагностикасын кейбір жағдайда анықтау қиын. Анамнезінде операция болғаны анықталады. Егер жарақат болса, қай мүше зақымдалғанын анықтауға болады. Жыланкөздің қашаннан бері пайда болғанын, толық немесе толық еместігі, тәулігіне қанша өт бөлінетінін анықтау керек. Толық сыртқы жыланкөздің нақты белгілері түссізденген нәжіс, оның стеркобелинге реакциясының теріс болуы, ал он екі елі ішекті зондтағанда өттің болуы не болмауы, жыланкөздің толық не толық емесін көрсетеді.

 

Бауырдан тыс өт өзектерінің созылмалы сыртқы жыланкөздері

Сыртқы өт жыланкөздерінің анатомиялық ерекшелігін диагностикалау үшін, эндоскопиялық фистулохолангиоскопия жасайды. Ең информативті тәсіл рентгенконтрастты фистулохолангиография тәсілі. Сыртқы өт жыланкөзді анықтау үшін үлкен дуоденалды емізікшені интубациялау арқылы фибродуоденоскоппен ретроградты холангио-және вирсунгография жасайды.

Оперативті емі. Операцияға көрсеткіш болып, өзек өткіз-гіштігінің бұзылуы болып табылады (конгремент, тыртықтық стриктура, ісік және т.б.).

Өт жыланкөздеріндегі хирургиялық емнің мақсаты: магист-ралды өт жолдарының өтімсіздігін жою, өттің ішекке түсуін қамтамасыз ету және жыланкөздің өзін жою.

Сыртқы жыланкөздердің хирургиялық емі палиативті (тек сыртқы жыланкөзді ликвидациялау керек) және радикалды (жыланкөзді дамытқан негізгі себепті жою) деп бөлінеді. Егер жыланкөз таспен; фатеров емізікшісінің стенозы немесе басқа себептерден дамыса, операция өт өзегін тігіп, оны дренаждаумен аяқталады. Ол науқастың тез жазылуына алып келеді. Керісінше, панкреатит, гепатикохоледохтық тыртықтық стриктурасында билиодигистивті анастомоз арқылы, өттің ішке ағуын қамтамасыз етеді.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 24 часа

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014