Бауырдың гидативті эхинококкозы

Эхинококкоздыңқоздырғышы ленталы гельминттің личинка-лық кезеңі Echinococus granulosus, ол жыныстың жетілу кезеңін мысық, ит, қасқыр, түлкінің жіңішке ішегінде өткізеді. Аралық иелері ірі қара мал, қой, ат, шошқа және адам.Адамдар мен жануарлар энтералды жолмен жұқтырады. Ең жиі эхинококкоз Оңтүстік Евуропада, Солтүстік Африкада, Австралия, Исландия, Оңтүстік Америка елдерінде кездеседі. ТМД елдерінен Крым, Кавказ, Орта Азия елдерінде кездеседі.

 

 

 

 

Этиологиясы мен патогенезі. Иттер өлген малдың етімен қоректенеді, ал оның құрамында эхиноккок көпіршіктері бар. Олар иттің ішегіне өтіп, ересек кезеңіне жетеді, ұзындығы: 7мм. Эхинококк жұмыртқасы тығыз хитинді қабатпен қапталған, ол сыртқы ортаға төзімді болып келеді. Олар ұзақ уақыт ит терісінде, фекалиясында, шөпте, су қоймаларында сақталуы мүмкін. Кейін олар су, тағам арқылы өзінің аралық иесінің асқазанына түседі. Асқазан-ішек жолында жұмыртқа хитинді қабатынан босап, бос онкосфералар ішек қабырғасына жабысады, кейін қан арқылы немесе лимфа ағымы арқылы қақпа венасына барып, бауырға өтеді. Ол жерде, ол үлкейіп өседі. Алғашқы сатысында түссізсұйықтыққа толы көпіршік диаметрі 1 мм-ге дейін болады. Ол жылына 2-3 см-ге дейін ұлғаяды. Жиі бауырдың оң бөлігінде (80%) орналасады. Эхинококк көпіршіктері жалғыз немесе көптеген болады. Бауырдың беткей қабаттарында немесе паренхимасында орналасады. Кейде жеке жұмыртқалар бауырлықфильтрден өтіп, кіші қанайналымынатүседі, нәтижесінде өкпедешоғырланады.

Үлкен қанайналымына түссе, кез келген мүшеге баруы мүмкін. Мүшеге түскеннен кейін көпіршікті даму сатысына өтеді –гидатида сатысы.

Эхинококкты киста үш қабаттан тұрады. Кистаның қабырғасы қабатталған кутикуладан тұрса, ішкі беті жұмсақ паринхиматозды қабаттан тұрады. Осы қабаттан сколекстар дамиды – ленталы глисттыңбасы мен қыздық көпіршіктері дамиды.

Ортаңғы қабаты (хитинді)паразиттің өнімі болыптабылады, оның сыртқы көрінісі піскен жұмыртқа ақуызына ұқсайды. Ол сыртқы қабатынан оңай бөлінеді.

Шеткі қабатыиесінің (адам)тінінен дамиды, ол фиброзды тіннен тұрады. Эхинококкты киста сұйықтықтан – транссудат, құрамында иесінің қан сары суы мен паразиттің өнімдерінен тұрады. Оның ішінен янтарь қышқылы мен қайнатылған тұз анықталады.Маделунгтың айтуы бойынша, эхинококкты  бала кезінде жұқтырады деген. Эхинококк кистасы үлкен болып өсіп сыйымдылығы 20 л жетуі және одан көп болуы мүмкін. 1 мл эхинококк сұйықтығында 400 000 мыңға жуық сколекстар болады.

Эхинококктың жыртылып плевра мен құрсақ қуысына құйылуы анафилактикалық шокқа алып келеді.Эхинококк кистасы бауырдың шығыңқы жағында орналасса, көкет кеуде қуысына итеріп, өкпені қысады.

 

Өт жолдары мен қақпа венасына жақын орналасса, сарғаю мен асцит болады. Сарғаю жиі киста бауыр өзегіне жарылғанда болады. Майда көпіршіктер өзектерге түсіп, бітейді, нәтижесінде обтурациялық сарғаю дамиды.

Кейбір жағдайда эхинококты киста ұрықсыз қыз көпіршіксіз болады. Кей жағдайда бауыр эхинокогыдырап шіриды, нәтижесінде бауыр абсцесі дамиды.

Клиникалық көріністері. Бауыр эхинокогының клиникасы оның орналасуына, даму кезеңіне, ондағы паразиттің өлі немесе тіріекеніне байланысты. Бауыр эхинококкозының 4кезеңі бар.

Бірінші кезеңі. Онкосфералық организмге енгенінен бастап, аурудың бірінші белгісінің пайда болуына дейіңгі кезең. Бұл кезең бірнеше жылға созылады. Киста үлкен мөлшерде болмайды. Науқастың жағдайықанағаттанарлық болады. Ауру жасырын өтеді және науқасты тексергенде кездейсоқ анықталады.

Екінші кезеңі. Клиникалық белгілерінің алғашқы пайда болу кезеңі, оң қабырға астындаауырлық сезімінің болуы, бауыр тұсында ауырсыну. Науқаста әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі мазалайды. Аллергиялық реакция: есекжем, тері қышынуы, себепсіз іш өту болады. Жиі симптомы гепатомегалия, пальпацияда иілгіштүзілісанықталады. Егер киста көкетке жақын орналасса, ауырсыну жауырынға, бел аймағына беріледі. Оң жақты френикус – синдром анықталады, ал рентгенологиялық – көкеттің оң жақ күмбезінің жоғарытұруы және қозғалысының шектелуі болады.

Үшінші кезеңі. Аурудың өршу сатысы, интоксикациясимптомы өрістейді: жүрек айну, құсу, әлсіздік, кызба, аллергиялық реакция болады. Оң жақты френикус синдром оң мәнді, рентгенологиялық көкетның оң жақ күмбезі жоғары тұрады, қозғалысы шектеледі.

 

Төртінші кезеңі. Кистаның асқынуы мен сипатталады: кистаның жарылуы, іріңдеуі, бауыр өзектері мен қақпа венасының қысылуы жәнеәктелуі.

Киста шірігенде науқастыңжағдайынашарлайды, қызба, терлегіштік, гектикалық қызба мазалайды. Науқастардың оң қабырға астының ауырсынуы, оң жауырынасты мен бұғанаастына беріледі. Эхинококк кистасының жарылуы оның диссеминациясына алып келеді, нәтижесінде есекжем типтегі анафилактикалық шок дамиды.

Диагностикасы. Бауыр эхинококкозының диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеу мәліметтеріне сүйінеді. Науқастардың бауыры ұлғайған. Егер киста бауырдың алдыңғы төменгі беткейінде орналасса, құрсақ қабырғасышығыңқы болып тұрады, ал латералды орналасса, қабырға доғасы мен қабырғаның деформациясы болады. Кистаның беті тегіс, жұмсақ-иілгіш консистенциялы (асқынбаған кистада) болады, жылауықты ісікті кейде қолмен пальпациялағанда «гидатидінің дірілі» болады. Дірілдің пайда болуы жылауықтың ішіндегі қыздық бөртпеге байланысты.

Кистаның сұйықтығы спецификалық антигендерден тұрады. Оларағзаға түскеннен кейін сенсибилизацияланады, нәтижесіндеантигендер түзіледі. Каццони реакциясын адам немесе жануардың эхинококксұйықтығын стерильдеп (0,1–-0,2) енгізу арқылы жасайды. Оң мәнді болса, инъекция орнында гиперемия, ісіну, тері қышынуы болады. Оң мәнді Каццони реакциясы эхинококкозды бар науқастардың 75-90% кездеседі. Соңғы кездері латекс – агглютинация реакциясы қолданылады,диагностикалықмаңыздылығы – 98%.

Серологиялық реакция теріс болуы мүмкін, егер эхинококктысұйықтық адам организміне (ағзасына) өтпесе және паразит өлі болса. Науқастардың қанында эозинофилия анықталады, ол организмнің (ағзаның) аллергизацияланғанын білдіреді. Кистаны пальпациялағаннан кейін, егер тірі паразит болса,қанда эозинофилдер жоғарылайды (Анфилогов сынамасы). Эхинококкоз диагностикасында маңызды зерттеу әдістері: УДЗ және КТ. Олар кистаның көлемін, топографиясын анықтайды. Эхинококктың рентгенологиялық белгілеріне көкет күмбезініңбиік тұруы мен қозғалысының шектелуі болады. Егер киста инфициерленіп шірісе, сұйықтық деңгейі көрінеді.

 

    Емі. Хирургиялық ем эхинококккистасын толығымен, хитинді қабатын зақымдатпай алып тастау.

Келесі оперативтіем түрлері бар:

– жабық эхинококкэктомия, бұл кезде хитинді қабаты ішіндегі сұйықтығымен алып тасталады, бауырдағы қалған қуысты шарбымен бітеп тігіс салады;

– қалған қуысты капитонаж көмегімен тігеді (қуыстың түбіненбастап біртіндеп бітісуі үшін тігісті кезеңді салу);

– ашық эхинококкэктомия, осындай тәсіл, бірақ кистаны алдымен дренаждайды;

– кистаны фиброзды капсуласымен бірге алу– цистопери-цистоэктомия;

-бауыр бөлігін атипті немесе типті кистамен бірге резекциялау.

Операция кезінде, паразитарлы кистаны мәрлімен (дәкемен) орап шектейді. Кейін кистаны пункциялап, босатады.Кистаның ішіне антипаразитарлы өңдеу үшін 3–5% спирт ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін барып кистаны алып тастайды. Қалған қуысты (фиброзды қабатты)ерітінділер 2% немесе 5% формалин ерітіндісімен, басқа ерітінділермен 0,5% күміс нитраты, 5% йод ерітіндісімен, немесе 90% спирт ерітіндісімен өңдеп, жоғарыда көрсетілген тәсілдердің біреуімен тігеді.

Бауыр резекциясын (типтік және атиптік) көптеген эхинококк кистасы бар науқастарға жасайды. Егер бауырбөлігі зақымданса, гемигепатэктомия жасалынады. Марсупиализация – кистаны ашып, оның қабырғасын операциялық жараға тігу, кесіп алып тастауға келмейтін гигантты және шірігенкисталар кезінде қолданылады. Көптеген және қосар-ланған бауырдың эхинококкозбен зақымдалуында антипаразитарлы препараттармен емдеу курсын жүргізеді: мебендазол және альбендазол.

 

 

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!