Жедел холециститте дәрігерлік тактика – аурудың ауырсыну дәрежесі мен ұзақтығы анықталады. Науқастар хирургиялық стационарға госпитализацияналады. Асқынбаған түрінде толық зерттеумен бірге консервативті ем жүргізіледі. Ал асқынуларында оперативтіем қолданылады.
Консервативті ем шараларына кіреді: ауырсынуды басу (наркотикалық аналгетиктер қолданылмайды), себебі, олар Одди сфинктерінің спазмын тудырып, өтгипертензиясына және ұйқы безі сөлініңағуынына кедергі жасайды. Сол үшіннаркотикалық емес аналгетиктер қолданылады. Яғни, спазмолитиктер (атропин, платифилин, баралгин, но-шпа) тағайындалады.
Антибиотиктер, сульфаниламидтер пайдаланылады. Дезинтоксикация мақсатында инфузионды терапия жүргізіледі. Энтералды тамақтануға болмайды, оң қабырға астына суық басады.
Емдеу барысында 48-72 сағ. науқастың жағдайы жақсармаса, ауру сезімі күшейсе, пульс жиілесе, дене температурасыжоғарыласа, лейкоцитоз өссе, хирургиялықемге көрсеткіш болып табылады.
Хирургиялық емдеу тәсілдері. Оперативті емінің екі тәсілі бар:
1) холецистэктомияның ауыр дәрежесіне, түрлеріне қарай бөлінеді: қуықтың мойнынан немесе түбінен; атипиялық; өт қуығы орнын тігу; өт өзегі тұқылына дренаж қалдыру.
2) холецистостомия.
Холецистостомды салудың техникасы: Операциялық алаңға өт қуығын шығарып оны пункциялайды, өт құрамынан босатады, өт қуығын ашып, ішіндегі тастан, іріңнен тазартады. Сосын өт қуығына Петцер катетерін қалдырады. Катетерге бір-екі қатарлы түйінді тігіс салып, қосымша өт қапшығы қабырғасына кисет тәрізді тігіспен катетерді фиксациялайды. Катетердің бір басын сыртқа шығарып, өт қуығы түбін париеталды ішастар мен апоневрозға тігеді.
Холецистэктомияға көрсеткіштер: созылмалы калькулезді холецистит, өт қапшығының өрістеуші жедел қабынуы, созылмалы «тассыз» холецистит, тұрақты инфекцияланған өт қуығының эмпиемасы мен шемені, тұрақты дискинезия, өт қуығының бұралып кетуі, өт қуығының паразитарлық аурулары және өт қуығының қатерлі және қатерсіз ісіктері.
Өт жолдарына оперативті іс-шаралар жасағанда кесінді оң қабырға астында қиғаш (Кохер немесе Федоров, Кер кесіндісі, Рио–-Бранко кесіндісі, тәрізді әлде ортаңғы лапаротомия) кесіндісі қолданылады.
Операция түрлері. Ретроградты холецистэктомия (өт қапшығының мойнынан алу) рационалды болып табылады. Антеградты холецистэктомия өт қапшығының түбінен мойнына қарай алады. Сонымен қатар, өт жолдарына оперативті іс-шаралар өт қуығын диагностикалық және емдік мақсатта ашып қалпына келтіру реконструктивті операциялар гепатохоледох пен үлкен дуоденалды емізікшеге жасалады. Бұл емдік шаралардың қолданужиілігі барлық өт жолдарының операцияларының 20–46% құрайды.
Холедохотомияға абсолютті көрсеткіш :
1) өт өзегінің тастары, пальпация мен операция үстіндегі холангиография кезінде анықталған
2) холедохтың терминалды бөлігінің және үлкен дуоденалды емізікшенің тыртықтық тарылуы, гепатикохоледохтың диаметрінің 12мм ұлғаюы мен өтімсіздігінің болуы.
Гепатикохоледохтың уақытша сыртқы дренаждауына негізгі көрсеткіш, оның өтімділігі сақталғанда: іріңді холангит және жедел панкреатит кезіндегі инфицириленген өтті сыртқа шығару мақсатында; өт қуығы қабырғасының қабыну өзгерістері кезіндегі өт өзегін уақытша декомпрессиясы керек кезінде, жалпы өт өзегінің терминалды бөлігінен конгрементті алу үшін; холедохқа немесе холедегистивті анастомоз керең тігіс салғанда уақытша декомпрессия жасайды.
Өт өзектерін уақытша декомпрессиясы кезінде бірнеше тәсілдер қолданылады: бір бағаналы және Т-тәрізді препапиллярлы дренажды холедохотомиялық тесік немесе өт өзегі тұқылы арқылы енгізеді.
Холецистостомия. Өт қапшығындағы тастыалып, өт қуығын қалдырады. Бұл операция сирек қолданылады. Холецистостомияға көрсеткіш:
- ауыр дәрежелі жедел холецистит және өтқапшығының эмпиемасы бар егде жастағы науқастар;
- шектелген өт қапшығы маңылық абсцесі;
- жедел панкреатит.
Видеолапароскопиялық холецистэктомия. Лапароскопиялық холецистэктомия (ЛСХЭ)қазіргі кезде кең таралған операция. Ең бірінші рет бұл операция 1987 ж. И.Мюге жасады.ЛСХЭ операцияға көрсеткіш лапаротомиялық операциядан айырмашылығы жоқ. ЛХЭ операциясына бірнеше шектеулер бар.
Көрсеткіші:
– созылмалы калькулезді холецистит;
– холестероз, өт қапшығы полипозы;
– жедел холецистит (ауру басталғаннан кейін 48 сағ. кейін келсе);
-созылмалы тассыз холецистит.
Қарсы көрсеткіші:
– жүрек-өкпелік бұзылыстар;
– диффуздыперитонит;
– құрсақ қабырғасының қабыну өзгерістері;
– жүктіліктің кеш мезгілі;
– 2-3 дәрежелі семіздік;
– жедел холецистит кейін ауру басталғаннан 48 сағаттан кейін;
– өт қапшығы мойны аймағындағы және бауыр он екі елі ішектік байлам деңгейіндегі тыртықтық-қабыну өзгерістері;
– механикалық сарғаю;
– жедел панкреатит;
– өт қуығының қатерлі ісігі;
-құрсақ қуысына бұрын жасаған операциялар;
-қан ұюының түзетуге келмейтін бұзылыстары.
Операция техникасында құрсақ қуысына пневмоперитенеумдытроакарлы тесіктер арқылы енгізгеннен кейін видеокамера және екі немесе үш манипулятор енгізеді. ЛХЭ-нің техникалық орындалуының негізгі кезеңдері:
– өт қуығы артериясы мен өт қапшығы өзегін бөліп ажырату;
– өт қуығы өзегі мен артериясына қысқыш салу;
– бауырдан өт қуығын ажырату;
– өт қуығын құрсақ қуысынан экстракциялау.