Холецистэктомиядан кейінгі синдром

Соңғы жылдары жоспарлы және шұғыл өттас ауруына операциялар мен оның асқынулары көлемі ұлғайып жатыр. Холецистэктомиядан кейінгі синдромның ең жиі себебі: 8-33% холедохолитиаз. Көп жағдайда оперативті ем науқастың толық жазылуына алып келеді. Бірақ, кейбір жағдайда науқаста операцияға дейін мазалаған шағымдар операциядан кейіннемесе кеш пайда болады. Холецистэктомиядан кейін науқастарда ауырсынуы мен диспепсиялық бұзылыстар сақталса, онда оны постхолицистэктомиялық синдром деп біріктіреді. Холецистэктомиядан кейінгі синдром – асқорыту жүйесінің секреторлы, моторлы, гормоналды бұзылуымен шақырылған патологиялық жағдай, жиі 40-60жастағы әйел адамдардакездеседі. Бауырдан тыс өт жолдарына қайта операциялар диагностикаға тактикалық немесе техникалық қателіктер мен байланысты бірінші операциядан кейін 5,4-14,8% құрайды.

 

 

 

 

 

 

Холецистэктомиядан кейінгі синдромның дамуындағы негізгі себептер:

1) асқорыту жолының аурулары – асқазан мен он екі елі ішек жара ауруы, созылмалы гастрит, көкеттің өңештік тесігінің жарығы, рефлюкс-эзофагит, созылмалы колит.

2) өт жолдарындағы органикалық бұзылыстар, холецистэктомиядан кейін қалып кеткен тастар (ұмытылып қалған тастар). Өт өзегінің терминалды бөлігінің және үлкен он екі елі ішек емізікшесінің стриктурасы, жалпы өт өзегі мен жалпы бауырлық өзектің ятрогенді зақымдануы нәтижесіндегі тыртық стриктурасы.

3) гепатопакреатодуденалды аймақ мүшелерінің аурулары-панкреатит, гепатит, өт өзектерінің дискенезиясы, перихоледохиалды лимфаденит.

1918 ж С.П.Федоров холецистэктомиядан кейінгі ауырсынуды шынайы және жалған деп бөлді. Соған байланысты науқастың жағдайын жасаған операциямен байланыстылығын немесе байланыссыздығын бөлді. Холецистэктомиядан кейінгі синдромғаалып келген себептерді анықтауға жақсы жинаған анамнез, аспаптық зерттеу тәсілінің нәтижелері көмектеседі.

Холецистэктомиядан кейінгі синдром ауруымен түскен науқастарға қайта операция жасаптас анықталса, негізгі екі терминді қолданады: «резидуалды» және «рецидивті холедохолитиаз».

Резидуалды холедохолитиаз шұғыл, жедел көрсеткішпен операция жасалған, операцияға дейін толық зерттеу өтпеген науқастарда кездеседі. Оның себептері конкременттің бауыр ішілік орналасуы, аномалды орналасқан өт өзегі, өт қуығының майда тастары, ол операция кезінде миграциялануы мүмкін. Резидуалды тастар холестеринді немесе аралас болады.

Рецидивты холедохолитиаз өткізілген операциядан кейін, кеш кезеңде дамиды. Тастар пигментті қоңыр түсті немесе қара түсті болады. Олар негізінен билирубин мен өт қышқылдарынан тұрады. Рецидивты холедохолитиаздың негізгісебебі – өт пассажының бұзылуына алып келетін, кез-келген себептер құрайды. Рецидивті холедохолитиаздың дамуына өт қапшығының ұзын қалдырылған тұқылы (мүшенің қалдығы) немесе өт қуығының қалып кеткен бөлігінен дамиды. Жалпы өт өзегін бір бағаналы жуан дренажбендренаждағанда немесе сәйкес емес тігіс материалын қолданғанда, лигатуралық холедохолитиаз дамиды.

 

Холецистэктомиядан кейінгі синдромның жиі себептері он екі елі ішектің үлкен емізікшесінің аурулары. Ол 9-85% құрайды. Сонымен қатар, Холецистэктомиядан кейінгі синдромды емізікше маңының дивертикулы дамытады. Дивертикул 22% науқаста кездесіп, туа пайда болады және операцияға дейін клиникалық көрініс бермейді немесе басқа аурулардың көрінісін береді. Дивертикулдың жиі қабынуы – УДЕ-нің қабынып ісінуіне алып келеді, нәтижесінде өттік пассажы қиындап, биллиарлы гипертензия дамыйды. Ол аз кезінде, Одди сфинктерініңстенозына, биллиарлы конгременттің түзілуіне алып келеді. Түрлі авторлардыңмәліметтері бойынша 6-30,5% жағдайда ПХС-тің себебі: ұйқы безінің аурулары, жиі созылмалы панкреатит.

 

Холецистэктомияның ауыр асқынуы: көбіне – өт өзектерінің ятрогенді зақымдануы. Осыдан кейінгі түзілген тыртықтық стриктуралар немесе сыртқы өт жыланкөздері, науқастың ұзақинвалидизациясына алып келеді. Жиі ятрогенді зақымданулар операция үстінде байқалмай, операциядан кейінгі кезеңде пайда болады.

Сонымен бірге, холецистэктомиядан кейінгі синдромды бауыр аурулары – гепатит, майлы гепатоз, бауыр циррозы, эхинококкоз, бауыр ісіктері және т.б. аурулардың нәтижесінде дамуы мүмкін. Он екі елі ішектің моторлы – эвакуаторлы функциясының бұзылысы, холецистэктомиядан кейінгі синдромның дамуына көмектеседі. В.Л.Мартынов және оның көмекші авторлары (1998ж) ПХС келесі себептердің әсерінен дамитынын мүмкіндеген:

-Созылмалы артерио-–мезентериалды компрессия;

-Перидуоденит және периеюнит түріндегі тыртықты-жабысқақтық үдерісс;

-Баугиниев қақпақшасының жетіспеушілігі нәтижесіндежіңішке ішек құрамының он екі елі ішекке қайталап тырысы (еюнодуденалды рефлюкс);

Холецистэктомиядан кейінгі синдромның 20–25% науқастарда холециститэктомияға байланыссыз басқааурулардың нәтижесінде дамиды. Бұл аурулар операцияға дейін жиі байқалмайды.

Клиникалық көрінісі.Өт өзектерінің ауруларының клиникалық белгілері операциядан кейінполиморфты сипатта болады. Өт жолдарының ауруларының негізгі клиникалық белгілері – оң қабырға астының ауырсынуы, тұрақты және ремиссиялы сарғаю, қалшылдау, қалтырау.

Резидуалды холедохолитиаз жиі, операциядан кейін бауырлықұстамамен көрініс береді және холестаз белгілері, сонымен бірге, холангит,сарғаю және айқын интоксикация болады.

Ал рецидивті холедохолитиаз ұзақ уақыт симптомсыз өтеді. Рецидивті биллиарлы гипертензия фонында көрініс береді. Соған байланысты, жасырын бауыр жетіспеушілік белгілерімен созылмалы холангит түрінде көрініс беруі мүмкін: тез шаршағыштық,ұйқысыздық, әлсіздік.

   Емі. Өт өзектерінің органикалық зақымдануында науқасқа қайталанған оперативті ем көрсетіледі. Өт жолдарына қайта жасалатын операциялар күрделі және қиын, оған жоғары мамандандырылған хирург керек. Ол кезде, қалдырылған өт бөлігімен немесе тұқылды қайта тасымен алады. Ал, холедохолитиаз және үлкен дуоденалды емізікше стенозында, асқынған холециститте операция қолданылады. Посттравмалық стриктураларда, билидигистивті анастомоз – Ру ілмегісалынады.

 

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!