Теміртапшылық анемия

Теміртапшылық анемия – теміртапшылығының ең ауыр түрі, лабораториялық тұрғыдан сипатталады: гемоглобиннің қанның көлемдік бірлігінде және бір (әрбір) эритро-цитте концентрациясының азаюы; эритроциттердің микроцитозымен, анизацитозымен, пойкилоцитозбен; төмен реңдік көрсеткішпен, қан сарысуындағы темір мен ферритиннің мөлшерінің төмендеуімен; трансферриннің темірмен қанығуының төмендеуімен, сарысудың темір байланыстырушы қабылетінің және эритроцитарлы протопорфириннің артуы.

Теміртапшылық анемия

Клиникалық көрінісі: Жеңіл, орташа дәрежелі, ауыр дәрежелі деп бөледі. Анемияның жеңіл түрі баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық күйде болатындақтан, жиі анықталмайды. Көңіл аударарлық жағдайлар: енжарлық, тәбет нашарлауы, бозғылттық, тітіргенгіштік, сәл салмақ жетіспеушілік. Орташа ауырлықтағы анемиялар айқын көріністермен көрінеді: айқын енжарлық, апатия, адинамия, тәбетінің тез төмендеуі. Терісі құрғақ, шаштары жұқа, сирек. Пульс жиі, жүрек ұшында функциялық систолалық шу естіледі. Анемияның ауыр түрі бірте-бірте, жайлап дамиды. Басты белгісі болып тері жамылғысы мен кілегей қабықтардың өршіген бозғылттығы саналады. Эпителияльды тін зақымдалуының көріністері пайда болады: құрғақтық, терісінің түлеуі, тырнақтардың сынғыштығы, шаштары жіңішке және сынғыш, ауыз айналасындағы жырықтар. Кейде бет існулері байқалуы да мүмкін.

Аяқ-қолдары ұстап қарағанда салқын, бұлшықет гипотониясы болады. Сонымен қатар, тәбеттің тез төмендеуі не бұрмалануы (науқастар бор, саз жейді), салмақ қосудың төмендеуі байқалады. Жүрек-тамыр жүйесінде функциялық өзгерістер – тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыр мен талақтың ұлғайғаны білінеді. Белоктық жетіспеушілік – темір тасымалын қамтамасыз ететін, қордағы темірді байланысытыратын, гемоглобин түзетін белок өніміне кедергі жасайдыда, негізінен эритроциттердің аз түзілуіне әкеліп, анемияның пайда болуына әсерін тигізеді. Витамин жетіспеушілік (В1, В2, В6, РР, С) белоктық алмасуда және басқа да алмасуда метоболизм жағдайларында көрініс береді. Гемопоэз процесіне тән В12 және фолий қышқылы. Балаларда көбіне ішек құрттары ауруларында байқалады. Негізінен осы екі витаминнің жетіспеушілігіне байланысты эритроциттердің түзілуі шектеледі де, анемия дамиды. Бірақ, бұндай анемиялар басқада витаминдер жетуспегенде анықталуы мүмкін. Хлороз (бозғылт) – анемияның предпубертатты және пубертатты кезеңде қыз балаларда байқалатын ерекше түрі.

Теміртапшылық анемия

Алғашқыда Гиппократ morbus virginum, ал, 1629 жылы Vazandal хлороз ретінде суреттеген дерт. Дерттің клиникасында әлсіздік, шаршағыштық, қызмет істеуге қабілетінің төмендеуі, жүрек соғуы, басының айналуы, басының ауруы, ентігу, тәбетінің айтарлықтай төмендеуі, іші қатуға бейімділік байқалады. Шеткі лимфа түйіндері, бауыр мен талақ әдетте үлкеймейді. Дене жамылғыларының аппақ қудай болып, жасыл түстенуі байқалады. Науқастар бор, балшық, құрғақ жармаларды жеуге құмар болады. Кейбіреулер керосин немесе бензин исінен ләзат алады. Шеткі қан анализінде эритроциттер санының 3,5-2 млн-ге, гемоглобин мөлшерінің айтарлықтай (50-33 г/л), реңдік көрсеткіш тіптен 0,4-0,5-ке дейін төмендейді. Қан сары суындағы темір және белок мөлшері төмендейді, ал эритрциттердің осмотикалық беріктігі (резистентілігі) өзгермейді.

Қазіргі кезде теміртапшылық анемияны синдромды қарастыру кеңінен қолданылады: Астеноневротикалық синдром: шаршағыштық, қозғыштық, күйгелек, эмоциялық тұрақсыздық, тершеңдік; психикалық-моторикалық дамуында қалыс қалу; енжарлық, астения, апатия; тәбетінің төмендеуі; ойын жинақтау қабылетінің төмендеуі; негавитизм. Ересектеу балаларда -басының ауруы, басының айналуы, құлағының шуылдауы, көз алдының қарайытуы, жүрек тұсының шаншуы, тәбеті бұрмаланып известь, бор, шикі картоп және ет жеу, сонымен қатар геофагия (жер, топырақ жеу), пагофагия (мұзды, балмұздақты көп жеу), дәм сезуінің бұрмалануы; дизуриялық бұзылыстар. Эпителиальдық синдром – терінің (әсіресе алақанының, тырнағының), кілегей қабатының (конъютиваның бозғылытығы тән) және құлақ қалқанының бозаруы; терісінің құрғақтығы мен түлеуі; терінің, тырнақтардың (койлонихиялар – тырнақтардың ойыстануы), шаштың (сиреуі, жоғары сынғыштығы, түсуі, көмескіленуі, сиреуі), ауыз қуысының кілегей қабатының, тілдің (анулярлы стоматит, бұрлерінің тегістелуі, тілінің тегістелуі, тілдің қызаруы, тілдің күю сезімінің байқалуы, атрофиялық глоссит); склераның көгеруі; дуоденит, Пламмер-Винсон белгісі – қатты тамақты жұтуының бұзылуы, мальабсорбция және мальдигестиямен энтеропатия, тұрақсыз нәжіс, жүрек айнуы; кейде терісінің алебастр түстеніп, жасыл түске оранады (хлороз).

Теміртапшылық анемия

Жүрек-тамыр синдромы: тахикардия (ентігу сирек болады), артериялық гипотонияға бейімділік, жүрек тондарының әлсіреуі және салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекараларының ұлғаюы, жүрек ұшында, үлкен тамырлар тұсында функциялық систолалық шу. Бұлшықеттік синдром – бұлшық еттік гипотония, тез шаршағыштық, энурез немесе сфинктердің әлсіздігіне байланысты зәрін ұстай алмау, іш қатуы. Екіншілік иммундық жетіспеушілік синдромы: темір тапшылығын үдете түсетін жиі ЖРВИ, певмониялар, ішек инфекциялары. Темір жетіспеушілігінің сиректеу белгілеріне бауырдың және талақтың ұлғаюы, ісіну жатады. Диагноз темір алмасу көрсеткіштеріндегі аутқуларды анықтауға негізделеді: қан сарысуында ферритиннің 30 нг/мл-ден төмендеуі, трансферриннің темірмен 25%-дан төмен қанығуы, темірдің 11,6 мкмоль/л-ден азаюы, торлы сүйек майында сидеробластардың анықталуы (5%-дан аз); қан сарысуының жалпы темірбайланыстыру қабылетінің (50 мкмоль/л-ден артық) және эритроцитарлы протопарфириннің артуы; сонымен қатар гемотологиялық көрсеткіштері – гемоглобин мөлшерінің деңгейінің (5 жасқа дейінгі балаларда 110 г/л-ден және одан үлкен балаларда 120 г/л-ден), реңдік көрсеткіштің (0,8 -ден), бір эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшерінің (27 пг/эр-ден төмен), эритроциттің орташа көлемінің (80 фл-дан аз) (гемоглобиннің азаюымен эритроциттің гипохромиясы) төмендеуі. Темір жетіспеушілігінің ең ерте білінетін маркері анизоцитоз. Лабораториялық белгілерге сонымен қатар микроцитоз, пойкилоцитоз жатады

Эритрциттердің санының азаюы тек ауыр анемияларға тән. Реңдің көрсеткіштің төмендеуіде ерте байқалмайды, сондықтан темір жетіспеушілігі анемияның нормохромды болуы жалпы ұғымға қайшы болмайды. Торлы сүйек майында эритропоздің қозуы байқалады, ол ретикулоцитозбен дәлелденеді. Теміртапшылық анемияның ажырату диагнозы басқа микроцитарлы гипохромды анемиялармен жүргізіледі: талассемия, қорғасынмен улану, порфирин мен геннің түзілуінің бұзылыстары байқалатын анемиялар. Емі. Диагноз қойлысымен ем басталады. Емді тиімді жүргізу үшін, оның себебін анықтау өте маңызыды болып еледі. Науқас балалардың күн тәртібі белсенді, жеткілікті таз ауада болумен болуы керек. Ет тағамдары көп емдәм тағайындалады, бірақ ешқандай тағамдық ем темір тапшылығын жоя алматынын естен шығармау керек. Сондықтан міндетті түрде құрамында темір бар дәрілер тағайындау керек. Емдәм: Жасына сойкес, тиімді тамақтандыру темір жетіспейтін анемияларды емдеудің негізгі болігінің бірі болып келеді. Тағамдық рационда белоктың, кейбір микроэлементтердің (темір, марганец, кобальт, никель) жетіспеуі қан жасау процессін киындатады. Тіпті кейде тоқтатып тастайды. Витаминдердің, әсіресе В топтағы, Свитамины, фоль қышқылы, жетіспеушілігініңде осындай әсері бар. Осыған орай егерде бала жасанды сүт қоспаларымен қоректенетін болса бейімделген қоспалар қолданған жөн. Кейдс арнайы құрамына темір қосылған қоспалар қолданылады: «Темірлі Симилак», «Антианемиялық энпит», «Милкид — 2» және т.б. Анемиямен ауыратын балаларға алғашқы тағам ретінде құрамы темірге бай жеміс-жидектер беріледі: алма, алхоры (слива), шие (вишня), алмұрт (груша), өрік (абрикос), шабдалы (персик), лимон, қара және кызыл қарақат, таңқұрай (малина), итмүрын (шиповник). Құрамы темірге бай көкөніс үгінділері ертерек (1 ай бүрын) беріледі: ақ және гүл капуста, сәбіз, шалған (редис), қызылша, томаттар, көкбүршақ беріледі. Қызылшаның, картоптің, баклажанның құрамында мыс көп болады. Жастан асқан балаларға шикі көкөніс және көк (кекшөп), яғни петрушка, укроп, саумалдық (шпинат) берген жөн. Бірінші косымша тамақтан 3-4 аптадан кейін екінші косымша тамақ ретінде сүтке пісірілген ботқа беріледі. Сұлы және қара құмық жармаларының құрамында басқаларына қарағанда темір, мыс молырақ болып келді. Анемиямен ауыратын балаларға жұмыртқа сарысы көбірек беріледі, үйткені оның құрамында жеңіл сіңірілетін белок, темір, мыс, кобальт, марганец көптеу болады. Жастан асқан балаларга 1 піскен жұмыртқаның сарысын немесе 1 жұмыртқаны күнара береді. Ет тағамда-рын анемиямен ауырған балаларға 5 айлығынан бастап береді. Бауырдан (сиыр, бұзау) дай-ындалған тағамдарды өте ерте беру керек. Дегенмен бауырды берер алдында үккіштен екі рет өткізген жен.

 

Ерте жастағы балаларда теміртапшылықтың алдын алу репродуктивті жастағы әйелдерден басталады және кезкелген болашақ аналарға жүктіліктің екінші жартысында және емшекпен сәбиін тамақтандыру кезеңінде темір дәрілерін тағайындау. Табиғи тамақтанатын мерзімінде туылған балаларға 3 айлықтан бастап 1 мг\кг есебінен темір дәрілері берілу керек. Мерзімінен бұрын туылған балаларға профилактикалық доза 2 мг\кг-ға дейін көтеріледі және 1 айдан, ал өте төмен салмақпен туылғандарда 3 аптадан басталады. Табиғи тамақтандыру, тағам құрамын тиімді кеңейту, тиісті мерзімінде қосымша тамақтарыд қосу, тиімді күн тәртібін сақтау, массаж және гимнастика, рахиттің профилактикасы темір тапшылықты жағдайдың алдын алудың маңызды бөліктері болып келеді. Қазіргі кезде темір қосылған ботқаларды қолдану ұсынылады. Жасанды тамақтанғанда, құрамында темір жеткілікті, бейімделген қоспалар қолдану маңызды болып келеді және қосымша темір қолданбауға мүмкіндік береді. Темір тапшылық анемиясы диагнозы қойылған науқастар 12 ай бойына бақылауда болады.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 7 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014