Өкпе инфильтраты – клеткалық элементтер, сұйықтықтар, түрлі химиялық қосындылар өкпе тіндеріне өтіп жиналу салдарынан калыптасатын патологиялық жағдай. Өкпе үлпасына клеткалық элементтер қосылмаған тек қана биологиялық сүйықтықтардың сіңуі өкпе ісінуіне тән, бұл инфильтраттық процесске жатпайды. Өкпе үлпасының инфильтраттық тығыздалу синдромы өзіне тән морфологиялық, рентгенологиялык, клиникалық белгілерден күрылады. Практикалық салада ол көбінесе клиникалық және рентгенологиялық мәліметтер аркылы анықталады. Ал енді түптеп талдау мақсатымен кейбір жағдайларда морфологиялық (биопсия) зерттеу де қолданылады.
Өкпе үлпасының инфильтраттық тығыздалу синдромының көріністері аурудың түріне, қабыну процестің қаркындылығына, дерттік өзгерістердің орналасуына және көлеміне, асқынуларға байланысты. Бүл патологияға шалдыккдн науқастардың ортақ шағымдары жөтел, ентікпе және кан түкіру. Инфильтрат беткей орналасып плевра жапырактарың қа.\ггитьш болса, көкірек клеткасында терен дем алғанда, жөтелгенде шаншу пайда болады.
Объективті зертгеу барысында әдетте тыныс алудың жиілеуі (тахипноэ), көкірек клеткасының зақымданған жағы тыныс қозғалыстарынан қалып отыратыны кезге түседі.Ірі ошақты, жайылмалы, беткей орналасқан инфильтрат түсында дауыс дірілінің күшейгені сезіледі, себебі тығыздалған өкпе үлпасы дыбыс толқындарын өткізу қасиеті жоғарылайды. Осы ай-мақтан перкуссия дыбысының қысқаруы немесе түйықталуы анықталады. Инфильтраттық тығыздалудың бастапқы сатысында өкпе перенхимасы ауалығы азаюымен қатар эластикалық қасиетінің төмендеуімен ситатталады, сондықтан перкуссия дыбысы түйықтау-тимпаникалық ретінде байқалады.
Перкуссия дыбысының даңгыра (тимпаникалық) рені альвеола іргелерінің сіңген экссудат әсерінен домбығып, тербелісі бәсендейтініне, ал дыбыс сипаты басым түрде альвеола іпдндегі ауаның шайқалуьша байланысты болғандықтан орын алады.Өкпе инфильтратына байланысты ауырған жағынан өкпе жиегінің жылжымалығы кемилі.Аускультация әдісімен тексергенде инфильтраттық тығыздалу немесе ісінудің алғашқы сатысында әлсіреген везикулалық шу естіледі. Бүның себебі өкпе тканьдерінің эластикалық қасиегі төмендейді және де альвеоіардың бір бөлігі тьшыс алуға қатыспайтьш болады. Көкірек сарайының сау жағынан тыныс қозғалыстарьшың конпенсаторлы үлғаю нәтижесінде күшейген везикулалық шу естілуі ықтимал.