Жедел жүрек жетіспеушілігі

Жүрек қызметінің жетіспеушілігі миокардтың ұзаққа созылған гипертрофиясын әлсіретеді, дистрофиялық және склеротикалық үдерістің дамуын туғызады. Бұл үдеріс жүрек бұлшықеті мен қан айналымының нашарлауына әсер етеді. Себебі жүрек гипертрофиясында тек қана тәж артериясының жағдайы емес, жүректің көлемі де ұлғаяды бұл жағдайда миокардтың күші әлсірейді, нәтижесінде миокардтың жиырылғыштық қабілеті төмендейді. Миокардтың жиырылуының және оның күш қуаттылығының төмендеуі жүрек қуыстарының аса қатты кеңеюімен сипатталады.

Гемодинамикасы:  Жүрек қызметінің жетіспеушілігінде гемодинамиканың келесі өзгерістері байқалады:

-қарыншада керілу дамығанда диастолалық қысым жоғарылайды, ал систолалық қысым керісінше төмендейді;

-жүректің қан айдауы кезінде,қанның минуттық көлемі азаяды;

-қан айналымда оның массасы көбейеді, оған  натрий және судың іркілуі және эритроциттер санының көбеюі қанның қозғалу жалдамдығын баяулатады;

Гемодинамикалық бұзылуы, зат алмасу өзгерістерінің көптеген жүрек қызметін жетіспеушілігінің басқа да клиникалық көріністерін тудырады.

Симптомдары: ентігу.  Қанда тотықпаған зат алмасу өнімдері, сүт қышқылы бикарбонат катиондарымен қосылып, көмірқышқыл газын түзіп, олар тыныс алу орталығын тітіркендіреді. Сондықтан тыныс тереңдеп, жиілейді. Кеуде қуысы мен плевра қуысына сұйықтық жиналуы, ентігу мен өкпенің тыныс алу экскурсиясын қиындатады. Ентігу дене жұмысында, тамақтанғаннан кейін науқас жатқанда күшейеді.

Балалардағы ерекшеліктері: балаларда дамитын жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түріне әр түрлі себептерден пайда болатын миокардиттер, кардиомиопатиялар, жүректің жарақаттануы әкеледі. Бұл кезде жүректің жиырылу қабулеті бұзылады және олар,жүрек ақауларына қарағанда ,өте тез дамиды. Бұл жүрек қызметінің жеткіліксіздігі ауыр ісінулерге ,жиі асцит, гидроторакс,гидроперикардиум дамуына әкеледі,бауырдың көлемі ұлғаяды. Нәрестелерде қанайналымынң жеткіліксіздігі  әйелдердің босануы кезіндегі  әр түрлі асқынулардан , баланың қансырауынан дамуы мүмкін.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!