Митральді қақпақшаның бұзылу синдромы: тарылуы (стенозы)

 Сол жақ атриовентрикуляр тесігі тарылып, қанның сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтуіне кедергі туатындықтан, сол жақ жүрекшеге күш түсіп, оның функциясы артады (гиперфункция). Соның нәтижесінде оның бұлшық еті нығыздалып, ұлғаяды (гипертрофия). Сол жақ жүрекшенің гиперфункциясы мен гипертрофиясы жүрек іші гемодинамиканы бір қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл компенсацияның бірінші сатысы. Компенсация атриовентрикуляр тесігінің ауданы 1,5—1 шаршы см дейін азайғанша тиімді болады. Атриовентркуляр тесігінің одан әрі тарылуы (оның ауданының бір шаршы см теңелуі—атриовентрикуляр тесігінің сын ауданы деп аталады; қалыпты жағдайда бұл аудан 4—6 шаршы см тен) көрсетілген өзгерістердің тереңдей түсуіне себеп болып, сол жақ жүрекше ішінің қысымын көтереді. Сол жақ жүрекше іші қысымының көтерілуі рефлекторлы түрде өкпе артериолаларын тарылтады (Китаев рефлексі).

Симптомдары:  ентігу, жүрек соғуы жиілеуі алғашқы кезде физикалық жүктемеден,соңынан тыныштық кезінде пайда болады. Кейде булығу, тұншығу жүктемеден соң не түнге қарай өздігінен пайда болып, жөтелтіп, төсекте түрегеп отыруға мәжбүрлейді. Мұның бәрі кіші қан айналымындағы қан тоқырамасынан. Қан қысымының өкпе артериясында көтерілуі капиллярларды зақымдайдықанның сүзілуіне әкеп соқтырады. Сүйтіп өкпе шемені даму қаупі қалыптасады. Жөтел,тұншығу күшейіп қызғылт түсті қақырық пайда болады.  Бара-бара науқаста үлкен қан айналым шеңберіндегі жетіспеушілік-бауыр көлемі өсуі, аяқ басынан басталатын ісіктер пайда болады.

Балалардағы ерекшелігі: Жүрек клапандарының морфологиялық құрылымы бұзылып, бұлар өз қызметтерін толық дұрыс атқара алмауы жүрек клапандары ақаулары деп аталады. Жүрек ақаулары тумыстан пайда болатып  және жүре пайда болатын болып екі топқа бөлінеді.Тумыстан немесе іштен туа болатын жүрек ақаулары жүрек дамуының эмбрионды даму кезіндегі бұзылуынан болады. Жүре   пайда  болатын жүрек  ақауларының  себептері:  ревматизмдік эндокардит   (70—80%  жағдайда), бактериялы  эндокардит,  атеросклероз,  мерез, кеуденің  жарақаттануы      және т. б.

Диагностикасы: рентгенде-сол жүрекше гипертрофиясы,сондықтан жүректің митральды кнфигурациясы-жрек мықыны айтарлықтай жазылған не тіпті гипертрофия деңгкйіне сай дөңестенген, оң қарынша гипертрофиясы, өкпе артериясы конусы кеңуі, доға тәрізді иілуі, кіші қан айналымында іркілісті өзгерістер, өкпе фиброзы тән. ЭКГ-да- сол,оң жүрекше гипертрофиясы,жыбырлы аритмия белгілері. Жүрек ұшында І-тонның күшеюі,оның амплитудасының қалыпты өлшемінен екі есе өсуі. ЭхоКГ және доплер ЭхоКГ митральды стенозға тән жүрек бөліктеріндегі өзгерістерді,қан ағымы ерекшеліктерін анығырақ айқындауға көмектеседі.

Морфологиялық қасиетіне, қабыну реакциясының сипатына қарай тері бөртпелері бір бірінен ажыратылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!