Ағзалар трансплантациясы

            Трансплантация – зақымдалған немесе мүлде жоқ ағзалар мен тіндерді, өз ағзасымен, тінімен немесе басқа организмнен алып,болмаса жасанды ағзалармен алмастыру.

            Трансплантология медицина мен биология бөлімі, трансплантация, ағзалар мен тіндерді консервілеу әдістерін,сонымен қатар, жасанды ағзаларды қолдану әдістерін үйретеді.

Трансплантацияның дамуында ондаған жылдық тарих бар, эксперименттік операциядан бастап, емдік мақсаттарда қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша мыңдаған операциялар жасалады. Жүрек, бүйрек, бауыр трансплантациясында трансплантант бір жыл ағымында өмір сүруі 80% жоғары. Клиникалық трансплантацияның ең бастапқы уақытындаағзалар кері итеру реакциясын басу үшін науқас денесіне иондаушы сәулелендіру, одан кейін меркаптопурин туындысына жататын азатиоприн цитостатигін қолданған. Кейіннен азатиоприн мен преднизолонның комбинациясы қолданылды. Трансплантология дамуында жақсы нәтижені циклоспорин қолдану арқылы жеткен.Қазіргі кезде иммуносупрессорлық терапияны «триплет схемасы» арқылы,оның негізін циклоспорин А мен глюкокортикоидтар және азатиоприн құрайды.

            Жіктелуі. Реципиент пен донор туыстығының дәрежесін негізге ала отырып:

ü  Аутотрансплантация. Реципиенттің өз денесінің бір бөлігінен алып,басқа жеріне орнату.

ü  Изотрансплантация. Генетикалық (идентикалық) тұлғадан тінді алмастыру (мысалы,монозиготалы егіздер).

ü  Аллотрансплантация. Бір биологиялық түрден тінді алмастыру (мәйіт бүйрегін қолдану).

ü  Ксенотрансплантация.Басқа биологиялық түрдегі донордан тінді алмастыру. Қазіргі уақытта шошқа терісі «лоскуты»ксенотрансплантант ретінде қолданылады.

               Тірі туыстық донорлар. Бұл түрі бүйректрансплантациясына кіреді,сонымен қатар, қазіргі уақытта тірі ағзалардан бауыр мен өкпе бөліктері,ұйқы безі сегменттері орнатылады.

            Гистосәйкестіліктің үш варианты болады:

ü  «Толық сәйкестік»(екі гаплотипі сәйкес) барлық антигендері сәйкес. Мұның ықтималдылығы 25%;

ü  «Толық емес сәйкестік» (бір гаплотипі сәйкес емес): антигендердің жартысы сәйкес. Мұның ықтималдылығы 50%;

ü   «Сәйкес емес»: антигендер сәйкес емес. Мұның ықтималдылығы 25%. Бұрынғы кезде мұндай донорлар сирек қолданылған.

            Тірі туыс донорға міндетті түрде трансплантация операциясы туралы, оның асқынулары жөнінде түсіндірілуі керек. Донордың қасында туыстары бірге болғаны жөн. Тірі донорлық бүйрекке келісім берілуі үшін,донор толығымен медициналық пен психиатр тексерілуінен өтуі керек.

            Типтік тін мен қан тобын анықтау үшін қан алынады.Егер олар сәйкес болса, қан анализдерін (гемоглобин, ЖҚА, ЭТЖ, мочевина, креатинин, глюкоза сынамалары) жасайды. Қанды сонымен қатар, гепатит В, гепатит С және СПИД-ке алады. Кеуде клеткасының рентгенографиясы мен ЭКГ жасалады. Донордың лимфоциті мен реципиент сарысуы арасындағы қайшы сынамасы жүргізіледі. Бұл сынама иесінің донордың жасушалық антигендеріне лимфоциттердің жауап реакциясын анықтайды. Оң реакция трансплантацияға қарсы көрсеткіш болып табылады.

            Тірі, туыс емес донорлар. Потенциалды донор сапасына әр адам жарайды,науқаспен байланыста болған болса болғаны.Тірі туыс емес донорлар қатаң түрде бақыланады.

            Мәйіттік донорлар. Бауыр, жүрек және жүрек кешендерін таңдау реципиентпен антропометриялық сәйкес келу керек. Сонымен бірге, донорды таңдауда қан тобы сәйкес келу керек.

 

Мәйітті ағзаларға донорлыққа келісім:

            1. Емдеуші дәрігер-консультант потенциалды донорды анықтау керек.

            2. Трансплантологиялық бригада донорлық ағзаның донорлыққа жарамдылығын анықтайды.

            3. Бағаналық өлімнің себептері қаралады. Туыстарынан сұрақтарға жауап алады.Келісімді тек екі реттік бағаналық өлімнің критерийлерін анықтағаннан кейін алады.

            4. Қан тобы,тін типі, СПИД, гепатит В мен С үшін қан алынады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!