Абсолюттік және салыстырмалы көлемдер және олардын түрлері

Қандай да болмасын зерттелініп отырған құбылысты бағалау осы құбылысты сипаттай алатын белгілі бір деректер негізінде іске асырылады. Статистикада мұндай деректер әдетте сан абсолюттік, салыстырмалы және орташа шамалар түрінде беріледі. Қажетті деректер осы мақсатта арнайы ұйымдастырылатын және іске асырылатын жұмыс нәтижесінде жиналады.

Абсолюттік шамалар – зерттеліп отырған құбылыс мәнін (оның элементтерінің жалпы санын) көрсететін сандар. Мысалы, ауруханадағы төсек саны, онда қызмет ететін емгерлер мен медбикелер саны, емделген науқастар саны, т.с.с. Келтірілген деректер (сандар) құбылыстың нақты мәнін, оның өзгеру шегін жан-жақты сипаттай алмайтындықтан абсолюттік шамалар құбылысты зерттеу жұмыстарында өте сирек қолданылады. Бірақ олар осы құбылысты немесе ортаны сипаттай алатын басқа статистикалық шамаларға негіз бола алады.

Құбылысты нақты уақыт және кеңістік шегінде сипаттау үшін негізінен салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады. Салыстырмалы көрсеткіштер зерттеліп отырған жиынтық ішіндегі бір абсолютті шаманың екінші бір шамаға қатынасы немесе алынған бөлшек шамасының жалпы жиынтық ішіндегі мәнін 100, 1000, 10 000-ға көбейту арқылы есептеледі. Салыстырмалы шамалар жиынтықтың сапалық белгілерін анықтауға, бір жиынтықты екіншісімен салыстыруға, осы негізде оларды бағалауға, сипаттауға мүмкіндік береді. Олардың түрлері: тарамдылық, құрамдық, көрнекілік, арақатынас көрсеткіштері.

Тарамдылық (интенсивтік) көрсеткіші – осы құбылыстың өзі туындайтын белгілі бір ортада таралу жиілігін, тарамдылығын көрсетеді. Осы көрсеткіш арқылы халықтың туу, өлім көрсеткішін, жалпы сырқаттанушылығын көрсету, сипаттауға болады. Таралымдылық көрсеткішін есептеу тәсілі    құбылыстың абсолютті өдшемі х 100, 10 000, 100 000

Тарамдылық көрсеткіші =       құбылыс туындайтын ортаның абсолюттік өлшемі

Мысалы, екі аудан тұрғындарының туу көрсеткішін зерттеу керек. Бір жыл ішінде туылған перзенттер саны: А-ауданда – 898, Б-ауданында – 942. Осы аудандағы тұрғындар саны: А-ауданында – 40 000, Б-ауданында – 32 500. Осындай абсолюттік көрсеткіш түрінде берілген деректерге қарағанда екі аудандағы туылған перзенттер санында айырмашылық соншама мәнді емес сияқты. Енді туу көрсеткішінің тарамдылық көрсеткіштерін есептеп көрсек: А ауданында: 898/40000 * 1000, яғни = 22,4% бағалау шкаласы бойынша «орташа»; ал Б ауданында: 942/32500 * 1000 = 28,9%, яғни «жоғары» болып шығады.

Business Graph with arrow showing profits and gains

Құрамдық көрсеткіші – құбылыс құрамын сипаттайды, яғни бөлшектің бүтін ішіндегі орнын, үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Құрамдық көрсеткішін есептеп шығару үшін басқадай құбылыс сипаттайтын немесе туындатушы орта жайлы деректің қажеті жоқ. Тек қана зерттеліп отырған құбылыстың жалпы шамасын және оның құрамын сипаттайтын деректер жеткілікті. Есептеу тәсілі:

құбылыс бөлігінің абсолюттік өлшемі  х  1000

Құрамдық көрсеткіші =      бүкіл құбылыстың абсолюттік өлшемі

Мысалы, зерттеліп отырған жыл іішнде С қаласында тұратын балалар арасында 210 індеттік дерттер, соның ішінде: күл – 5, індеттік гепатит – 32, желшешек – 47, қызамық – 40, қызылша – 25, дизентерия – 13, іш сүзегі – 10 және басқалары – 28 байқалған. Құрамдық көрсеткішін есептеу:

Құбылыс бөлігі  х  100

Бүкіл құбылыс

Мысалы, күл = 5/210 * 100 = 2,38%

Індеттік гепатит = 32/210 * 100 = 15,23%

Келтірілген деректер негізінде құрамдық көрсеткіштерін толық есептеу нәтижесі №1 жадуалда келтірілген.

С қаласында байқалған індеттік дерттік құрамы.          №1 жадуал

Сырқат атыАбсолюттік саныПроцент есебімен
Күл

Індеттік гепатит

Желшешек

Қызамық

Қызылша

Дизентерия

Іш сүзегі

Басқалар

5

32

47

40

25

23

10

28

2,4

15,2

22,4

19,0

11,9

11,0

4,8

13,3

Барлығы:210100,0

 

Құрамдық көрсеткіш құбылысы оларды туындататын ортаға тікелей байланысты сипаттамайтындықтан олардың көрсетілімдігі соншалық жоғары емес. Әсіресе олардың құбылыс тақ уақытқа байланысты өзгеруін (динамикасын) зерттеу үшін қолданылуы шектеулі.

Арақатынас көрсеткіші – бір-біріне қатысы жоқ, бірі екіншісінен туындамайтын жиынтықтардың ара қатынасын сипаттайды. Осындай көрсеткіштер қатарына, мысалы, халықтың емгерлермен, медбикелермен, ауруханадағы төсек орнымен қамтамасыз етілу шамасын жатқызуға болады. Емгерлер санының халық санына шындығында қатысы шамалы.бірақ денсаулық сақтау ісінде тұрғындардың денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерімен қамтамасыз етілу және жоспарлау үшін осындай көрсеткішті білу және қолдану қажеттілігі туындайды. Арақатынас көрсеткіштері де әдетте 1000, 10 000 адам санына сәйкес есептеледі. Құбылыстың абсолюттік өлшемі  х  100, 1000, 10000

 

 

Арақатынас көрсеткіші  =  ортаның (құбылыс туындайтын) абсолюттік өлшемі. Мысалы, облыс халқының саны 773 500, облыстық емдеу-сақтандыру мекемелерінде қызмет істейтін медбикелер саны – 4840.

Облыс халқының медбикелермен         4840 * 1000

қамтамасыз етілуі                  =       773 500           =  6,25

Көрнекілік көрсеткіші – біртектес бірнеше шамаларды салыстыра отырып, сипаттауға, бағалауға мүмкіндік береді. Бүл ретте салыстырылып отырған көрсеткіштердің біреуі, әдетте алғашқы немесе соңғы алынған нәтиже, 100 пайыз ретінде алынып, қалғандарының шамасы (деңгейі) сонымен салыстырыла бағаланады. Мысалы, А қаласы тұрғындарының аурухана төсек орындарымен қамтамасыз етілуінің өзгерісі (динамикасы):

ұл жадуалдың екінші бағанында келтірілген деректер арақатынас көрсеткіштері, ал үшінші бағанда көрнекілік көрсеткіштері берілген. Жалпы көрнекілік көрсеткіштерін жасау (есептеу) үшін абсолюттік шамаларды да, құрамдық көрсеткіштерді де пайдалануға болады.

 

Осы жадуалда келтірілген деректердің екі түрінде (арақатынастық, көрнекілік) динамикалық қатар деп атауға болады. Динамикалық қатар деп біртектес статистикалық шамалардың белгілі бір мерзім ішіндегі өзгерісін көрсететін тізбесін айтады. Динамикалық қатарды түзуші сандар абсолютті, салыстырмалы да, орташа да болуы мүмкін. Құрастырылған динамикалық қатар негізінде зерттеліп отырған құбылысты сипаттау үшін мынандай көрсеткіштерді есептеп шығаруға болады.

  1. абсолютті өсім (немесе кему) – өткен бір мерзімдегі деңгей және одан кейінгі деңгейлердің (шамаларын) айырмашылығы.
  2. өсім қарқыны – абсолюттік өсім деңгейін өткен деңгейлермен салыстырғандағы пайыз есебімен шама.
  3. бір пайыздық өсім (немесе кему) маңызы – абсолюттік өсудің (кемудің) өсім қарқынына (немесе кему) қатынасы.
  4. өсу қарқыны – пайыз есебімен кейінгі деңгейдің өткен деңгейге қатынасы.
  5. аталған көрсеткіштердің барлығы да зерттеліп отырған құбылысты жан-жақты толық сипаттауға, мысалы, медициналық (санитарлық) статистикада, қолданылуы мүмкін.

 

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!