Эмболия емі

Магистралды артериялар, қолқаның эмболиясымен тромбозы кезінде емдеу тактикасы қанайналым жағдайына, ишемия дәрежесіне, жалпы гемодинамика жағдайын дұрыс бағалау арқылы таңдалады. Хирургтардың көпшілігі қарсы көрсеткіштер болмаса, жедел қанайналым бұзылысы кезінде аяқ-қолды сақтау үшін жедел операция жасайды. Консервативті емді науқастардың жағдайы ауыр,бірақта зақымдалған аймақта қанайналым компенсацияланған түрде болғанда қолданады.

Науқастарға бірінші кезеңде спазмолитикалық препараттар –папаверин,но-шпа, галидор, ксантинолникотинат, т.б. енгізеді. Алдағы уақытта тромбоз болмау мақсатында, тромбин түзілуін төмендететін, қан ұю жүйесіне бөгет жасайтын гепаринді тағайындайды. Гепариннің антикоагуляциялық әсері вена ішіне енгізгеннен кейін бірден,ал бұлшықет ішіне енгізуде10–15мин кейін әсеретіп, әсері4-5сағ дейін созылады. Гепариннің тәуліктік дозасы 50  000 бірлік болады. Гепарин дозасын мөлшерден тыс енгізуде геморрагиялық синдром дамиды,ол жағдайда оның антогонисі 1% протамин сульфатты енгізеді,1 мг протамин сульфат 100 бірлік гепаринді бейтараптандырады. Егер қан ұю жүйесі қызметі қалыптан 2-2,5 есе жоғарылаған болса, гепаринотерапия нәтижелі болады.Гепаринмен емдеу 7-10 күн ағымында жүргізіледі. Гепаринмен емдеп болудан 2 тәулік бұрын тікелей емес әсер ететін антикоагулянттар тағайындалады. Гепариннің тәуліктік дозасын біртіндеп күнделікті дозасынан 1,5-2 есе төмендете береді. Төменгі молекулярлыг епаринді тәулігіне 2реттен, тері астына енгізеді. Оның дозасын науқастың дене массасына есептеп тағайындайды.

Тікелей емес әсер ететін антикоагулянттар (неодикумарин немесе пелентан, варфарин, синкумар, фенилин, т.б.) бауырдағы ретикулоэндотелиалды жүйедегі протромбиннің биологиялық синтезін төмендетеді. Оның әсері қолданғаннан 18-48 сағ кейін басталып, препараты қабылдап болғаннан кейінде 2-3 күнге дейін сақталады. Дикумарин алғашында 0, 1г×3 реттен, 2 күні 0,2–-0,15 гтәулігіне тағайындалады, себебі протромбин деңгейін 30-–40% төмендетеді, 8-10 тәулікке дейін жалғасатын кумуляциялық қасиеті бар. Пелентантез, әсер ету ұзақтығы аздау болады. Максималды әсері 24сағатқа созылады. Маркумар –ұзақ әсер ететін, белсенділігі жоғары антикоагулянт. Улылығы 2 есе төмен. Әсері 24 сағаттан кейін болады.Мөлшерден тыс дозасын тағайындағанда, ерте белгілеріне микрогематурия жатады.

 

Тікелей емес әсер ететін антикоагулянттар антидотына К витамині (викасол) жатады. Осымен бірге, тромболитикалық терапия тағайындалады, қазіргі уақытта жиі қолданылатын тромболитиктерге урокиназа мен оның аналогтары (стрептокиназа, стрептаза, целиаза, стрептодеказа), плазминоген белсенділігін жоғарылататын (профибринолизин) деген препараттар қолданылады.  Стрептокиназа (β-гемолитикалықстрептококк өнімі) плазминогенді тікелей емес белсендіреді, урокиназа-зәрмен бөлінетін, плазминогенді тікелей белсендіруші болып табылады. Препараттың клиникалық нәтижесі пайда болғанға дейін вена ішіне тамшылатып немесе тромбтан проксималдық ойылған артерия ішілік катетер арқылы енгізеді. Нәтижелі әдістің бірі – жергілікті тромболизис болып табылады, яғни, артерияға  пункция жасалып,тромбтың өзіне енгізілген катетер арқылы тромболитиктің аз дозасын (урокиназа500-10 000 бірлік) енгізеді. Қандағы плазма ферменті болып табылатын фибринолизин фибрин молекуласын ұсақ бөліктерге  дейін  гидролитикалық  ыдырауға ұшыратады. Фибринолизиннің 10 000- 25  000дозасын 3-4сағат көлемінде, минутына 15-20 тамшы жылдамдықпен вена ішіне 5-7 күнге дейін құяды. Дезагрегациялық сипатта әсер ететін препараттар трентал, курантил, реополюгликин тағайындалады. Реополюгликин фибринолизді күшейтіп, микроциркуляцияны жақсартады. Тіндерде метаболикалық процесс үдерістерді жақсарту үшін солкосерил, компламин, витаминдер тағайындалады. Жүрек гликозидтері мен антиаритмиялық препараттар қолданылады.

Оперативті емдеу қолқа бифуркациясы, мықын, сан, бұғана асты және иық артерияларының эмболиясында қолданылады. Эмболдардың басқалай орналасуында хирургиялық еммен бірге консервативті ем жасалады.

Эмболия мен тромбоз кезінде жедел артериялық жетіспеушілігі дамығанда хирургиялық ем радикалды және паллиативті деп бөлінеді. Радикалды операцияларға эмбол тромбинэктомиямен әртүрлі реконструктивті операциялар (артерия қабырғасына пластика, шунттау операциясы, артерияны протездеу мен резекциялау) .

Жедел артериялық эмболияның хирургиялық емі эмболды және артерия қуысы ішінен тромбтық массаларды Фогарти катетері көмегі мен алып тастау. Катетер диаметрі 2–-2,5 мм, жұқа эластикалық иілгіш өткізгіш болып табылады. Бір ұшында щприцпен байланысатын павильоны, ал екінші ұшындала баллонды, жұқа бағыттаушысы болады. Көлденең артериотомия жасап, катетерді ақырын қантамырына енгізіп, тромбтық массадан өтеді. Щприцпен баллонды сұйықтыққа толтырып артерия қабырғасына тигенше, сонан соң, үрленген баллон тромбтық массаларды шығарады. Артерия өткізгіштігі қалпына келгенде, артериотомиялық жарадан ретроградты қанағымы шығады. Кесіндіні қантамырлық жіппен тігеді. Бұлшық етісінуімен (ЗАдәрежесі) болатын ауыр ишемиямен бұлшықеттік контрактура (ЗБ дәрежесі) кезінде декомпрессиялау мен тіндік қанайналымды қалпына келтіру дефасциотомия жасау көрсетілген.

Атеросклерозды зақымданумен бейспецификалық аорто артериит фонында дамыған жедел тромбоз кезінде жай тромбоэктомия тиімді емес, себебі бірден қантамырдыңре тромбозы дамиды. Сондықтан реконструктивті операция (шунттау немесе протездеу) жасалады.

Паллиативті операция симпатикалық жүйке жүйесіне және аяқпен қолға ампутация түрінде жасалады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!