Жиі 30 жастан жоғары, физикалық еңбекпен шұғылданатындарда дене еңбегімен айналысатындарда кездеседі.Бұл синдромның дамуы бас, мойын, қол жарақаттарымен, арықтау,алдыңғы сатылы бұлшықет аномалиясымен байланысты болады. Сатылы, трапециялық және басқа да бұлшықеттердің созылуынан алдымен тарылуы, ал кейін бұлшықеттерде дистрофиялық өзгерістермен сіңірлі бөлігінде гипертрофия дамиды.
Клиникалық көріністері. Кеуде клеткасының шыға берісінде қан тамыр-жүйке шоғырының компрессиялауының әртүрлі түрлері мен болатын синдромның клиникалық көрінісі компрессия орналасуы мен артериаялды, веналық, неврологиялық компоненттердің араласуына қарай көрінеді. Саты аралық кеңістіктің («скаленус синдром» және «қосымша мойын қабырғасы синдромы») проксималды компрессиясында неврологиялық симптоматика негізінен ауру синдромымен көрінеді. Ауру сезімі мойын мен иық үстіне орналасып,иық бетімен қол және саусақтарға таралады. Ауру сипаты әртүрлі: сыздап, сындырғандай, каузалгиялық сипатталады. Кез-келген қозғалыста симптоматика күшейіп, иық пен мойын бұлшықеттерінің қысқаруы және тітіркенуі байқалады. Бас, мойын, қол, кеуде қозғалтуда ауру сезімі күшейеді. Бас ауруы мойын өрімі бойынша ауру сезімінің импульстары таралып, омыртқа артериясы компрессиясы мен вертебро-базиллярлы жетіспеушілігімен байланыста болады. Бас пен мойынның сау жағына қарай қозғалысы шектелуі, қол бұлшықеті әлсіздігі, әсіресе, жазатын, сіңірлік рефлекстер төмендеуі, вегетативтік бұзылыстар, қол терісінің гипергидрозы мен ісінуібайқалады.
Диагностикасы. Диагноз қоюда шағымдарына, өршу кезінде белгілі факторлар анализіне бағытталады. Алдыңғы сатылы бұлшықет синдромын анықтауда аурудың анатомиялық нұсқалары варианттары мен әр түрлілігіне қарай арнайысын амалар жасалады.
Эдсон сынамасы алдыңғы сатылы бұлшықетпен бұғана асты артериясының бастырылуын анықтауда қолданады. Терең тыныс алып, науқас басын шалқайтып, ауыратын қолы жағына қисайтқанда, сатылы бұлшықет тартылып, кәрі жілік артериясында пульсация төмендеуіне, артериаялды қысым төмендеуіне, бұғана асты аймақта систоликалық шу пайда болуына әкеледі. Оданда айқын көрініс шынтақ буынында қолды тік бұрышпен бүктеп, артқа қайырғанда және қарсы жаққа басын шұғыл бұрғанда кәрі жілік артериясында пульстың қатты әлсіреуі, тіпті, жойылуы байқалады. Сфигмография, реовазография, сонымен бірге, ультрадыбысты доплерография жақсы мәлімет береді.
Емі. Консервативті әдістерден: физиотерапия (УВЧ, новокаин мен электрофорез), емдік дене шынықтыру, массаж. Қабынуға қарсы терапия – анальгетиктер, бруфен, қантамырларды кеңейтетін препараттар (компламин, но-шпа), В тобының витаминдері беріледі. Консервативті ем нәтиже бермесе, оперативті ем қажет.Операция-алдыңғы сатылы бұлшықетті резекциялау немесе скаленотомия.