Кіші кеуделік бұлшықет синдромы

Бұл – кіші кеуделік бұлшықетінің патологиялық өзгерістері әсерінен иық өріміменбұғанаастыартериясыныңбасылуынанболатынсиндром.Кішікеуделік бұлшықет 2-5 қабырғадан басталып, жоғары, қиғаш бағытталып, жауырын өсіндісіне өзінің сіңірлі бөлігімен бекінеді. Бұл жерде кіші кеуде бұлшықеті әсерінен қантамыр-жүйке шоғыры компрессионды қысылуға ұшырайды.    Оның себептері кеуде клеткасының бұлшық еттерімен бірге зақымдануымен бұлшықеттің ұзақ уақыт жарақаттануы болуы мүмкін. Қантамыр-жүйке шоғырының компрессиясы ұйықтағанда, жұмыс кезінде қолды жоғары немесе артқа әкету кезінде басталуы болады. Кіші кеуде бұлшықеті синдромы мамандыққа байланысты әртүрлі қозғалыстарды (суретші, слесарь, бояушы, т.б.) еске салады,сонымен бірге, қолын басына қойып ұйықтау әдеті болады.

Симптомы. Жауырынмен кеуде клеткасының алдыңғы және бүйір бетіндегі ауру сезімімен парестезияға шағымданады. Ауру сезімі иықтың ішкі беті мен иық үсті аймағы,саусақтарға таралады.Жиі ортаңғы жүйкенің қозғалтқыш қызметі бұзылуынан 2-3саусақтарда әлсіздік, қол бұлшық еттерінің гипотониясы, иық буынында қозғалыс шектелуі болады. Иық үсті аймағы мен саусақтарда гипотония, веналық жетіспеушілік себебіне накроцианоз,тенор мен гипотенор гипотониясы байқалады.

«Кіші кеуделік бұлшықет синдромында» артерия алды қысым мен кәрі жілік артериясындағы пульсация төмендеуін шақырады. Науқас қолын жоғары көтеру кезінде кіші кеуде бұлшықетін пальпациялағанда, бұлшықетті тіркенуі мен ауру сезімі анықталады.

      Емі. Консервативті ем тағайындалады. Новокаинды бөгет, электрофорез, диадинамикалық токтар, массаж, емдік денешынықтыру, спазмолитикалық және қабынуға қарсы препараттар беріледі. Консервативті ем нәтижесіз болғанда, хирургиялық ем жасалады.Операция бұғана асты әдіспен кіші кеуде бұлшықетінің сіңірлі және дисталды бөліктерін кесумен жасалады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!