Қабырға-бұғаналық синдромды Фальконер– Веддел синдромы деп атайды. Оның пайда болу себебі омыртқаның мойын –кеуде бөлімінің қисаюы әсерінен қабырға-– бұғаналық кеңістік тарылуы, бұғана мен1 қабырға сынуынан кейін қалдық сүйел қалуы, қабырға-бұғаналық кеңістіктің жұмсақ тіндері мен бұғана ісіктері, 1 қабырғаның жоғары орналасуына әкелетін, физиологиялық, жасқа байланысты иық белдеуі төмен орналасуы, мойын жарақаты, мойындық остеохондроз болып табылады. Сонымен бірге, бұғана мен 1 қабырғааралықтың анатомиялық тарылуы, қабырға-бұғаналық бұлшықеттің фиброзды жиектенуі жатады. Барлық осы себептер иық өрімінің, артерия мен веналардың компрессиясына әкеледі. Синдромның дамуына науқастың мамандығы (иығына ауыр көтеріп жүру) да әсер етеді.
Клиникалық көріністері. Клиникалық көрінісінде жиі қолда ауру сезімімен парестезия анықталады.Ауру сезімі иықтан басталып,саусақтарға таралады. Трофикалық бұзылыстар болуы мүмкін. Кейде қолда веналық стаза нықталады.
Қабырға-бұғаналық синдромды анықтауда қолданылатын мынадай диагностикалық сынама бар: қол мен иықты артқа әкетіп, қолды артта «құлып» тәрізді жинап немесе науқас «тік» отырғанда қолда парестезия, бозару, ауру сезімі мен әлсіздік білінеді. Аускультациялық тексеруде бұғана асты аймағынан систолалық шу естілуі мүмкін.
Науқастарға рентгенологиялық тексеру жүргізуде сүйектік аномалиялар анықталады. Тікелей және бүйір проекциялары түсірілгенде, 1-қабырғаның жоғары орналасуы көрінеді. Бүйір проекциясында 1 кеуделік омыртқа денесінің (тіпті, 2 кеуде) бұғанадан жоғары орналасуы байқалады.
Емі: Егер ауру симптомдары аз білініп, қолмен саусақтарда өтпелі парестезия, дискомфорт анықталса, онда науқасқа ауру өршуін болдырмаумен қоршаған орта факторларынан сақтану керектігі айтылуы қажет. Бұлшықет релаксанттарын, анальгетиктер,транквилизаторлар, В тобы витаминдерін, прозерин, дибазол тағайындау жақсы нәтиже береді.Арнайы гимнастикалық жаттығулар кешені керек. Егер компрессия себебі мамандығына байланысты болса, онда кәсібін ауыстыруы керек. Емдеу кешендерінің нәтижесі болмаса, онда хирургиялық емге көшеді.Хирургиялық емнің екі нұсқасы варианты: бұғаналық әдіспен қабырға – бұғаналық бұлшықетін кесу немесе қолтықасты әдіспен 1 қабырғаға резекция жасау. Кең таралған операция болып алдыңғы мен ортаңғы сатылы бұлшықет резекциясымен бірге трансаксиллярлы 1 қабырға резекциясы, артериолиз, флеболиз,алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықет арасындағы фибромускулярлы тартпаны кесу болып табылады.