Облитерациялық эндоартериит

Этиологиялық факторлар қатарына созылмалы уланулар (темекі шегу, алкоголь), физикалық әсерлер (суықтану, психикалық жарақат).

Ауру патогенезінде бірінші орында аяқ-қолдағы вазомоторлық механизмдердің тұрақты өзгеруі жатады. Вегетативті нерв жүйесі сферасында пайда болған интерорецептивті патологиялық байланыстар өз тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұл реакциялардың жергілікті белгілеріне эндо- және экзогенді тітіркенулерге қантамырлар реакциясының жоғарылауымен көрінеді, соның нәтижесінде ұзақ уақыт спастикалық жағдай туады. Функционалдық патология қантамырлар қабырғасындағы морфологиялық өзгерістер, эндотелийде пролиферативті-деструктивті өзгерістер дамиды. Тіндік қоректенудің бұзылу дәрежесі мына элементтер қатынасына: қантамырлар облитерациясы, тромбозы мен спазмы, бір жағынан коллатеральдар түзілуіне байланысты. Бұл өзгерістер аурудың басында қантамырлардың шектеулі бөлігін зақымдай отырып, сегментарлы сипаталады.

   Клиникалық көріністері. Бұл ауру орта және18-25жас аралықтарында ерлер де кездеседі. Науқастар анамнезінде жиі ұзақ суықтану және бала кезінен темекі шегу орыналады.  Спастикалық кезінде–жалпы белгілеріне тез шаршағыштық, вегетативті нерв жүйесіндегі өзгерістер (терлегіштік, жүрек қағуы, айқын дермографизм), табанның кезеңді түрде бозаруы мен суықтануы жатады. Тізе бұлшықеттерінің қатты ауыруы мен тез шаршағыштық білінеді. Келесі белгілері «ақсақтық», тізе  бұлшықеттерінің, тері, тырнақ атрофиялануы жүреді. Шеткі артерияларда пульс сақталады, бірақ пульс әлсіз және тұрақсыз болады. Артериографияда магистралды тамырлардың спазмы, коллатералды тор кеңеюі анықталады.

2-сатысында (облитерациялық) қанайналымның функционалды бұзылыстары,  қантамырлардың органикалық зақымдануларымен параллелдыі түрде:тромбозбен облитерация дамиды. Қантамырлардың ұзақ тарылуының клиникасы науқастардың ақсақтығымен білініп,белсенділігі шектеледі. Шеткі қантамырлар пульсациясы тез әлсірейді немесе анықталмайды. Табан терісі тұрақты түрде күлгін-цианозды түске боялады, қабыршақталады. Тырнақ деформациялануы мен өсуі тежеледі. Аяқ-қол температурасының төмендеуі анықталады.Зақымдалған аяқ-қолда физикалық күштеме мен тыныштықтада ауру сезімі білінеді. Артериографияда артериялар өткізгіштігінің толық бұзылуымен болатын магистралды тамырлардың диффузды тарылуымен көрінеді.

Аурудың 3-сатысында температуралық тітіркену ерекше, табандағы өте қатты ауру сезімінен науқастар суық пен жылыны көтере алмайды. Аяқ-қолдағы шыдатпайтын ауру сезімі, әсіресе, түнде күшейеді. Науқастар ауру сезімін азайту мақсатында мәжбүрлі қалыпта аяқ-қолын төсектен түсіріп жатады. Трофикалық өзгерістерге байланысты азғантай жарақаттың өзі (сыдырылу) жазылмайтын тұрақты жараларға әкеледі. Бұл кезеңнің спецификалық асқынуы: ишемиялық неврит. Жалпы бұзылыстар белгілері: психика өзгеруі,тәбеті төмендеуі, т.б.

4-сатысында (гангренозды) –табанмен саусақтардағы ауру сезімі тұрақты және шыдатпайтын болады. Науқас барлық уақытта ауыратын табанын қолымен ұстап,мәжбүрлі қалыпта отырады.Жара лас жабындымен жабылып, жара түбінде өлеттенген тінанықталады. Ісіну мен цианоздық боялу бүкіл табанға таралады. Сан мен тізе асты артериясының пульсациясының бұзылысы көрінеді. Науқас наркотикалық дәрілерсіз  ұйықтай  алмайды. Ангиографиядасан, тізеасты артерияларының окклюзиясы анықталады.

 

 

 

 

 

 

Облитерациялық эндартериит ағымы циклдік.

Ағым сипатына қарай ауруды 2 клиникалық типке бөледі:

а) бірнеше жылға дейін ұзақ ремиссия мен жүретін жай дамитын тип;

б) бірнеше ай ішінде гангренаға әкелетін тез өрістейтін тип.

Емі. 1-сатысында (спастикалық) науқастар диспансерлік тіркеуге тұруы керек. Қантамырларын кеңітетін препараттар-ганглиоблокаторлар (мидокалм, бупатол), артериялардың бұлшықеттерін босаңсытатын қан тамыркеңейтуші (но-шпа, папаверин), шеткі холинореактивті жүйеге әсер ету арқылы қан тамырларын кеңейтетін препараттар (ангиотрофин, андекалин, вазоластин), В тобы витаминдері, седативті препараттар қолданылады. Физиотерапия, санаторлық-курорттық ем (балшықты аппликация, көмірсутектік, радондықванналар) тағайындалады.

2-сатысында стационарлық консервативті ем көрсетілген. Оған жоғарыда көрсетілген медикаментозды препараттармен қоса, никошпан, солкосерил, АТФ, галидор, пипольфен, преднизолон,индометацинқосады. Апта бойы күнделікті өткізілу курсына венаішілік трентал, реополиглюкин құяды. Цхалтубо, Кисловодск, Кавказ минералды суларын пайдаланады.

3-сатысында (но-шпа, галидор, никошпан) артерияның бұлшықет жүйесіне әсер етеді. Кортикостероидтар мен индометацин. Дезагрегациялық терапия (ацетилсалицил қышқылы, курантил, тромбоасс, кардиомагнил), антикоагулянтты терапия, фибринолитикалықтерапия көрсетілген. Реополюгликин, солкосерил,В витаминівенаішілік енгізу көрсетіледі. Жедел кезеңінде вазопростан (простогландин Е1) жақсы нәтиже береді.

4-сатысында науқастарды қатаң және интенсивті түрде стационарда емдейді. Интенсивті терапияның барлық кешені вазопростанды қоса тағайындайды, физио емді алып тастайды. Өлеттенген жерге өз уақытында некрэктомия жасайды. Лимфангоит түріне қарай ем тағайындайды. Бұл сатыда көбінесе хирургиялық ем жүргізіледі.

 

Диагностикасы. Электроманометрияда табан және саусақтарының нақты гипотермиясы көрінеді. Капилляроскопияда капиллярлардың құр (бос) синдромы ерте білініп, тұрақты ұсталады. Көлемді сфигмографияда магистралды артериялардың окклюзиясы кезіндегі қанайналым жетіспеушілігімен коллатеральдар даму жағдайын көрсетеді. Термография –тепловизор көмегімен тері температурасын контактылы  емес зерттеу әдісі. Бұл әдіс жасырын қантамырлық жетіспеушілікті анықтауға көмектеседі. Ультрадыбысты доплерлік зерттеу. Шеткі қанайналымның функционалды жағдайын регионарлы систолалық қысым көрсеткіштерін обьективті бағалауға мүмкіндік береді. Ультрадуплексті сканерлеу бір уақытта қантамырлардың ультрадыбысты құрылымын және қантамыр қуысындағы қан тамырының окклюзиясын, турбулентті қан ағысын, маңызды стеноз кезіндегі гемодинамикалық аймақтағы қан ағымы өзгерген аймақтарды көруге мүмкіндік береді. Ангиография маңызды орыналады.

Облитерациялық эндартериитте ангиографиялық симптомдары: артериялардың бірдей тарылуы, ұсақ және орта калибрлі тамырларға патологиялық процес үдеріс таралуы, окклюзия аймағында коллатеральдар дамуы. Емделмеген ауруларда сирақ артериясының «тышқан құйрық» сияқты тарылып бітелуі, дисталды жағында коллатеральдар болмайды.

    Хирургиялық емі.                                                       

  • Белдік симпатэктомия. Операцияның негізгі жолы белдік (L2-L3) симпатикалық ганглийді кесумен байланысты.
  • Тромбталған бөліктің резекциясы.Қанағымынқалпынакелтіру мақсатында синтетикалық материалдан (Gore-Tex) трансплантат немесе аутовенамен протездеу жүргізіледі.
  • Интимтромбэктомия. Интимадағы тромбтарды алып тастау арқылы магистралды қан тамырлар өткізгіштігін қалпына келтіру.
  • Профундопластика. Санның терең артериясына тромбинтимэктомия жасай отырып, синтетикалық материалдан немесе аутовенаданартерияның алдыңғы қабырғасына кеңітіп тігіс салады.
  • Сан-тізеасты немесе тізеасты-тибиалды венамен шунттау. Шарбы майыналып тамырларын аяқ тамырына жалғап реконструкция жасау.Зақымданған аяққа микрохирургиялық техника көмегімен асқазанның үлкен шарбы майын алып, тамырларын (артерия, вена) тізе асты артериясына және венасына пластика арқылы жалғаған соң, шарбыны ұзынынан тері астына тізеден төмен тобыққа дейін салып қан жүргізу.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!