Ангиотрофоневрозбен артериола мен ұсақ артериялардың зақымдалуы. Көбінесе әйелдер ауырады. Ауру дамуы капиллярлы қанайналым бұзылуымен кезеңді түрде ұсақ,шеткі артериялардың ұзақтарылу мен сипатталады.Ауру жиі қол мен аяқ саусақтарының, сирек мұрын ұшы мен құлақ тамырларының тарылуымен жүреді. Рейно ауруы дамуының негізгі себебі ұзақ тоңу, саусақтардың созылмалы жарақаттануы, кейбір эндокринді ағзалардың (жыныс ағзалары, қалқанша безі) қызметтері бұзылуы мен психикалық бұзылыстар.
Аурудың үш кезеңін ажыратады:
I сатысы. Ангиоспастикалық.Фаланг ұштарының қантамырларында қысқа уақыттық құрысулар пайда болады. Жиі 2-3 алақан саусақтары бозарып, ұстағанда суық және сезімталдығы жойылады. Құрысу бірнеше минуттан кейін артерия кеңеюімен алмасады.Саусақтарда күйдіру,ауру сезімі мен фалангаралық буындарда ісік байқалады. Біртіндеп қантамырлық тонус пен саусақ түсі қалпына келіп, ауру сезімі жойылады.
II сатысы. Ангиопаралитикалық. Тіндік тұрақты гипоксиямен сипатталады. Тұрақты цианоз, ісіну. Саусақтар көкшіл түстес болады. Саусақтардың бозару ұстамалары сирек қайталанады.
III сатысы. Трофопаралитикалық. Саусақтарда, фаланг ұштарында жаралар, өлеттену ошақтары анықталады. 1-2 кезең ұзақтығы көбінесе 2-5 жыл аралығында кездеседі.
Емі. Негізінен қантамырлық тарылуды (новокаинды бөгет,физиотерапия, гипербариялық оксигенация т.б.) қалыптастыруға бағытталған. Ангиотроптық препараттармен спазмолитиктер қолданады. Консервативті терапия нәтижелі болмаса, бұғанаүсті әдіспен кеуделік симпатэктомия немесе видеоторакоскопиялық симпатэктомия мен белдік симпатэктомия (зақымданудың орналасуына қарай) жасалады.